«Табиғатты таны» атты факультативті курсының бағдарламасы

«Потанин жалпы орта білім беретін меткеп» ММ

 

Павлодар облысы, Аққулы ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

«Табиғатты таны» атты

факультативті  курсының  бағдарламасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: бастауыш сынып   мұғалімі

 Саматова Сауле Саматаевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Черное ауылы, 2019 жыл

«Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпақтан-ұрпаққа  мұра болып келе жатқан мол қазына… Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттердің бірі.»

Ыбырай Жақаев

 

 

    Адамзат тарихы табиғат тарихымен тығыз байланыста. Қазіргі заманда табиғат пен адамның өзара  әрекеттері үлкен көлемді экологиялық проблемаға әкеп соқты.    Егер адам баласы табиғатқа ұқыптылықпен қарамаса, оның кесірі адамның өзіне тиюі мүмкін.Осындай деңгейге жетпес  үшін, әр адамды экологиялық мәдениеттілік пен жауапкершілікке үйрету қажет. Бұл экологиялық тәрбиені бастауыш сыныпта-ақ бастау қажет, себебі бастауыш сыныпта  алынған білім үлкен сенімділікке ұласады.

Табиғат –бұл тірі, сезімтал және өте күрделі  экожүйе: біздің ақырын  басқан қадамымыз да оған сезіледі. Болашақта  ұрпақтарымызға не  қалатыны әркімнің қолында. Барлық тіршілік иесіне жауапты адам ғана екенін    балалардың санасына жеткізе білу керек. Әрбір өсімдік,әрбір жануар экожүйеде маңызды рөл атқарады, сондықтан  табиғатқа да бағалы.

Табиғат — адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат —  адамзаттың өмір нәрі,  қажеттінің табылар содан бәрі» — деп бекер айтпаған.  Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.

Адам- өзі табиғаттың бір бөлігі.  Таза экологиясыз адамның денсаулығы жақсы болуы мүмкін емес. Балаларға білім берумен қатар, қоршаған ортаға деген қамқорлық қарым-қатынас тәрбиесіне  жағдай жасау маңызды.

Оқушылар сабақтарда экология проблемасы бойынша тек ауызша айтып қоймай, онымен қоса, өзінің  туған өлкесінің экологиялық жағдайының жақсаруына бағытталған, нақты игі істерді атқаруға жағдайдың болуы.

Экологиялық тәрбие -біздің заманымызда өте маңызды.Тиісті экологиялық білім алған балалар болашақта табиғатқа қамқорлықпен қатынасатын болады.

«Табиғатты таны» атты факультативтік курсының жаңашылдығы экология пәніне қызығушылықтарын оятуға  бағытталатындығы ғана емес, сонымен қатар бұл курс бағдарламасы өзіне теориялық білімді практикада қолданумен ұштастырған. Қоршаған ортаны  және оның құрамдас бөліктерін-өсімдіктер мен жануарларды  зерттеуде – балаға табиғатты жаңаша  қарауға көмектеседі.

Табиғаттың дамуыы мен заңдылықтарын  білгені  қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға   көмектеседі.

«Табиғатты таны» атты авторлық оқу бағдарламасының өзектілігі, ең алдымен экология жағдайының ушығуының себебі, техногенді апаттардан,  экологиялық ұқыпсыз жүргізілген  шаруашылық пен табиғатқа жауапсыз қарым-қатынас. Қазіргі  әлемде  экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы проблемалардың біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы айналадағы ортаға үдемелі, көбінесе бүлдірушілік сипатта әсер етуде.Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойы  қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаныс  ластау арқылы жүзеге асады.

Тағы бір өзекті проблема бұл бастауыш сыныптарда жыл бойына берілген оқу бағдарламасында экологиялық білімнің жоқтығы. Бастауыш сыныптарда дүниетану пәні  сабақтарында балалар табиғат пен   оның барлық заңдылықтарымен танысады, дегенмен бұл білім жалпылама түрде ғана.

Бірақ  осы жалпыламадан біз нақтыны   көре алмаймыз.Балалар кейде  өздерін қоршаған  өсімдіктер, саңырауқұлақтар, балықтар, құстар, жануарлар туралы білмейді.

Қазіргі уақытта экологиялық проблема адамзаттың проблемаларының ең маңыздысына жатады.

Бағдарлама мақсаты:

Факультативті курстың мақсаты:

  • өз туған өлкесінің табиғатын зерттеп қорғауға белсенді іс-әрекет жасау;
  • қоршаған ортаға жауапкершілікпен қатынасуға тәрбиелеу;
  • өсіп келе жатқан ұрпаққа белсенді экологиялық ұстаным қалыптастыру;
  • бастауыш сыныптарда экологиялық білімнің негіздерін қалыптастыру.

Міндеттері:

  • өзінің туған өлкесінзерттеуге қызығушылығын қалыптастыру;
  • қарапайым нәрседен таңқаларлық және ерекшелікті байқауға тәрбиелеу;
  • алған білімдерін тереңдетіп оқыту;
  • балалармен табиғаттың нақты объектілерді бақылап зерттеу;
  • Қазақстанның және өзінің облысының қорғалатын территориясы жайлы жалпы білу;
  • облысының және өзінің туған өлкесінің табиғи ресурстарының қорғалуына, балаларды іс жүзінде іс-әрекетке жұмылдыру;
  • оқушылардың өз елінің және өз өлкесінің қоршаған ортасына жауапкершілікпен қатынасуға тәрбиелеу;
  • балаларда экологиялық мәдениеттілік пен рухани-эстетикалық қасиеттерін қалыптастыру;
  • оқушылардың экологиялық білімін жоғарылату.

 

 

 

Әдіс-тәсілдері:

  • Ауызша
  • Зерттеу
  • Іздеу
  • Көрнекілік
  • Практикалық
  • Ойын
  • Топтық жұмыс

Жұмыс түрлері:

  • Қосымша әдебиетпен жұмыс;
  • Бөлме өсімдіктерін күту;
  • Тақырыптық құжаттар мен стенд құру;
  • Сыныпты гүлдендіру;
  • Топсеруен;
  • Мектеп ауласын тазалау;
  • Экологиялық мазмұны бар буклет жасау;
  • Экологиялық көрме ұйымдастыру;
  • Әдеби шығармашылық;
  • Табиғат туралы бейнефильмдерді көрсету;

Жұмыс принциптері:

  • Ғылымилық;
  • Қолжетімділік;
  • Әріптестік;
  • Жүйелілік;
  • Түрлі іс-әрекеттерді алмасып ауысуы;
  • Кері байланыс;
  • Шығармашылық;
  • Қызығушылыққа тірелу;
  • Жас ерекшелікті ескеру;

 

Экологиялық  тәрбиенің әдістері мен түрлері: бастауыш сыныптарда экологиялық тәрбиенің мақсаты  мен міндеттері 4 компоненттермен айқындалады:

  • Ғылыми-танымдылық;
  • Құндылық;
  • Нормативті;
  • Практикалық-іс әрекеттілік.

Ғылыми-танымдылық компонент заттың құбылыстары мен ерекшеліктерін , байланыстарын айқындайды.

Құндылық компоненті адам мен табиғаттың өміріндегі зерттеліп жатқан объектілердің маңызыдылығын көрсетеді.

Нормативті компонент – бұл адамның табиғатта өзін ұстаудың қағидаттары.

       Практикалық іс-әрекетті компонент— адамның денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына әрқашан байланысты, сондықтан  табиғатты қорғау керек деген үлкен қарттарымыз.

Аталмыш бағдарлама 1 сыныптың сабақтан тыс факультативтік курс ретінде қолдануға болады. Жыл бойына 33 сағат, аптасына 1 сағат.

      Негізгі ұйымдастырушылық  түрі:

Сабақ-викторина, сабақ-саяхат, сабақ-зерттеу,сабақ-ертегі,компьютерлік презентациялар. Көбінесе  үлкендермен бірігіп практикалық іс-әрекетке көп көңіл бөлінеді:бақылауды жүргізу, зерттеу, пікірталасты қолдану, модельдеу, рөлдік ойындар, жағдаяттарды шешу, топтық ертегі құрастыру, сурет салу;энциклопедиялар оқу, картамен жұмыс т.б.Мұғалім өтілген тақырыптарды бекіту үшін және жаңа тақырыпты зерттеуге тест жұмысы немесе  сауалнама алады.

 

Курс соңында білуі қажет:

  • Экологиялық мәдениеттіліктің негіздерін;
  • Өз туған өлкесінің ерекшеліктерін;
  • Жыл мезгілдерінің маңызды ерекшеліктерін;
  • Табиғаттың адам өміріндегі рөлін;
  • Жануарлар мен өсімідктерді;
  • Туған өлкесінің қорғалатын жануарлар мен өсімдіктерді;
  • Табиғатта өзінді ұстау ережелері:
  • Көп таралған мамандықтардың адам еңбегінің ерекшелігі;
  • Туған өлкесінің жануарлары мен өсімідіктері;
  • Заманауи экологиялық проблемалар.

 

Болжам бойынша  табиғатты таны курсының  қолданылуы келесі нәтижеге жетеміз деген ойдамыз:

  • Курсты ары қарай жалғастыры
  • Өзінің мүмкінідктері мен өз-өзін бағалау;
  • Адамға, қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру;
  • Қазіргі жануарлар мен өсімдіктер әлеміне қызығушылығын аттыру;
  • Жануарлар, өсімдіктер мен құстарға қамқорлық жасау.
  • Табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарау, үнемділікпен қолдану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер мен сайттар:

  1. https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu
  2. https://www.tarbie.kz/23223
  3. Менің алғашқы энциклопедиям 2011ж. Алматы
  4. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №2.2010ж
  5. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №10 2011ж
  6. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №4. 2008ж
  7. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №7.2011ж
  8. Қазақстандағы жануарлар әлемі 2009 ж.Алматы
  9. Жануарлардың мекен ауыстыруы 2011ж.Мәскеу
  10. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы 2004 ж.Арман
  11. https://kk.wikipedia.org/wiki
  12. http://kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/244-ekologia/3016-ekologialik-problemalar-.html
  13. http://uskz.org/load/ash/avtor/tu_an_lke/14-1-0-1560

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Потанин жалпы орта беретін мектеп» ММ

«Табиғатты таны» атты факультативті курс

Жылына 33 сағат, аптасына 1 сағат

1 сынып

Тақырып Сабақтың  мазмұны Оқыту түрі.  Тапсырмалар. Күні
1 Кіріспе сабақ. Біздің қоршаған орта. Экология деген не? Табиғатты қалай қорғайды? Ойын «тірі және өлі»  
2 Топсеруен. Күздің әуені мен бояулары. Күзде өсімдіктер мен жануарларды бақылау. Күзгі табиғаттың сұлулығын тамашалау. Жапырақ сыбдырын және құстар әуенін тыңдау. Суреттер сайысы.Күз бояулары. Абай Құнанбайұлының «Күз» өлеңін оқып, талқылау.  
3 Қоқыс қайдан пайда болады? Және оны болдырмау. Мектеп алды учаскені, аула тазалығыныа назар аудару. Фото сайысы. «Қоқыстың орны бар ма?  
4 Практикалық сабақ. Мектепалды  учаскені тазалау. Ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларына тазалық сақтаудың үлгісін көрсету. «Тазалықтың белгісі» Суреттер сайысы.  
5 Жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар. Практикалық сабақ. Топсеруен. «Ағашты таны». «Ағашты жапырақтан таны» ойыны.  
6 Топсаяхат. «Өзі тұратын туған жерінің өсімдіктері мен жануарлар дүниесімен танысу». Саяхат кезіндегі қауіпсіздік ережесі.  
7 Менің ауламдағы құстар.Торғай –әлемдегі ең көп тараған құс па? Біздің еліміздің кішкентай құсы- торғаймен танысу. Құстар туралы қызықты ақпарат. Сурет салу.  
8 Қарға ақылды, сымбатты құс. Қарға жайлы презентация. «Қарға мен түлкі» ертегіні оқу

«Ұшты-ұшты» ойыны.

 
9 Орман дәрігері-тоқылдақ. Орман дәрігері деген не? «Құстардың пайдасы» әңгіме.  
10 Аққу- киелі құс. Аққу туралы бейнематериал.Оқушылармен  әңгіме. Аққу,шортан һәм шаян И.А.Крылов  
 

 

11

Жыртқыш құс-үкі. Үкімен танысу.Презентация. Ойын  «кім не жейді?»  
12 Практикалық жұмыс.Құстарға арнап жемсауыт жасау. Тұрмыстық қалдықтардан құстарға арнап жемсауыт жасау. Жемсауыттарды орналастыру.  
13 Қарлығаш,қарлығаш құйрығың сенің айыр… Қарлығаш туралы қызықты мәлімет. Қарлығаш немесе мамамның әңгімесі  
14 Көкектің басқа құстардан ерекшілігі. Көкек туралы мәлімет. Б.Баймахановтың «Атша көкек» аңызын оқу,талқылау.  
15 Құс патшасы-бүркіт. Құс патшасы –бүркіт туралы презентация. Бейнефильм көру  
16 Шымшық-ең пайдалы құстар. Бейнефильм көрсету. Сурет салу  
17 Қараторғай-көршіміз. Қараторғай туралы презентация. Қосымша мәлімет  
18 Жалпылама қорытынды сабақ. Практикалық сабақ  «Құсты дауысынан таны» «Біз білеміз» ойыны.  
19 Орманға топсеруен «Қыс бояулары мен дыбыстары» Қысқы табиғатты бақылау. Өсімдіктер тіршілігінде қардың маңызы. Суреттер сайысы «қыс қызығы»  
20 Қу түлкі. Түлкінің ерекшелігімен таныстыру және түлкінің кейпін халық өнерінде қолдану жайлы сабақ. Талқылау: Түлкі тышқанды қыста қалай аулайды?  
21 Жабайы жануарлар.

Ұзынқұлақ сұр қоян.

Қоян туралы презентация. «Көжек» мәтінді оқу

Б.Тұрсынбаев

 
22 Қасқыр-қайсар аса сақ хайуан. Сөзжұмбақтар шешу.Энциклопедиядан қасқыр жайлы мәлімет. Сұрақ:Қасқырларды жою керек пе?  
23 Орман иесі-аю. Жұмбақтарды шешу,мұғалімнің аю жайлы мәліметі. «Сұр аю» портретін құрастыру. Сұрақ: Қыста аю азығын  қайдан алады?  
24 Әрі епті, әрі жеңіл қимылдайтын-тиін. Тиіннің  ерекшілігімен таныстыру. Тиін туралы өлең оқу.  
25 Сусар-тиіннің аңшысы. Сусармен таныстыру. Сөзжұмбақ шешу. Бейнефильм көру.  
26 Орман көрігі-бұғы. Мұғалімнің бұғы туралы әңгімесі, жұмбақтар шешу. Сурет салу  
27 Кірпі Энциклопедиядан мәлімет.Сөзжұмбақ шешу. Кірпіге кірпік не үшін керек?  
28 Көртышқан-жерасты жануар. Энциклопедиядан мәлімет.Ойын. Мәселелі сұрақ: көртышқан пайдалы ма,зиянды ма?  
29 Жабайы жануарлар турады жалпылама сабақ. Ойын  «сипаттамасы бойынша тап». Сөзжұмбақ,  жұмбақ шеш, «Бұл қызықты  жануар»  
30 Көктемгі  орманға топсеруен. «Көктемнің бояулары мен дыбыстары» Орманда өзіңді ұстау ережесі.Оянып жатқан табиғатты тамашалау. «Көктемнің бояулары мен дыбыстары» Суреттер сайысы «Көрікті көктем»

Абай Құнанбайұлының өлеңін оқу,талқылау.

 
31 Жалпылама сабақ. Не білдің?

Не үйрендің?

Мәселе: барлық жануарлар қорғауды талап ете ме? «Тірі табиғатты біл және сақта» ойыны.  
32 «Ескі-құсқы бүлінген қағазды жина» акциясы-ағашты сақта. Ескі-құсқы бүлінген қағаздарды жинаудың маңызы: қаланы, ауланы, ауылды қоқыстан қорғау, ағаштарды сақтау. Акцияға қатысу.  
33 Қорытынды сабақ. Топсаяхат. Постер жасау. Туған жерін тамашалап қайту. Көрме ұйымдастыру. Туған жер туралы  жұмбақ, жаңылтпаш жаттау.  

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *