Табиғатты аялайық. Тех карта

«» ересек  тобында  ұйымдастырылған  оқу қызметінің  технологиялық  картасы.

 

Өтілетін  күні:

 Білім беру  саласы:  Коммуникация

Ұйымдастырылған  оқу қызметі : Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:     Табиғатты  аялайық.

Мақсаты:   Табиғат құндылығының маңыздылығын білуге  үйрету.                                 Табиғат-Ана, оның  байлықтары туралы түсіндіре отырып, табиғатты аяулауға, қорғауға  тәрбиелеу.

Әрекет кезеңдері

  Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

        Енгізу

Дәлелді ояту

I.Көңілді  шеңбер.

 

Шеңберде тұрып, өлең жолдарын  қимылмен  көрсету.

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз

Иіліп сәлем береміз

Біз әдепті баламыз.

Ұйымдас-тыру – іздену

1. Ой қозғау:

-Жыл  мезгілдеріне саяхат.

-Сюжетті суреттермен жұмыс.

-Бір жылда неше  мезгіл  бар?

-Әр  мезгілдегі  табиғаттың  көрінісін  ата?

-Кімге  қай  мезгіл ұнайды? Несімен  ұнайды?

-Қазір қай мезгіл                 —

-Табиғат туралы түсінік беру.(жер,су,ауа,өсімдіктер,

құстар,жануарлар т.б.)

-Тірі және өлі табиғат туралы түсіндіру.

 

   Сергіту сәті:

«Құбылыстар»

 

2. Тренинг ойын – «Табиғатпен сырласу».

Авторы Г.Таласбаева.

-Сыйқырлы орындық арқылы табиғатқа саяхатқа бару.

-Елестету. (көзді жұму)

— мөп-мөлдір ағып жатқан  сулар, жайнап өсіп тұрған  гүлдер, құстар, тамаша табиғат.

1. Бұлаққа кездесу.

-Бұлақтан су ішеміз. Ол үшін:

 Алға иілу,  алу, ішу, тамсану. (

2. Алма ағашына  кездесу.                -Ағаштан алманы алып жеу.

Оң аяқ алға, сол аяқтың  өкшесін  көтеру,  алу,   қырт етіп тістеу, тәттісін-ай

3.Раушан гүліне кездесу.

Алға иілу,  алу,  иіскеу, қажет емес  ауаны сыртқа шығару.

 

 

4. Ой  толғаныс.

Сұрақ – жауап.

-Айналамызды қоршап , жайқалып өскен ағаштар не үшін керек?

-Табиғат  байлықтарына  нелер  жатады?

-Оны қорғау деген  не?

-Табиғатты сүйе білу деген  не?

 

5. Табиғат  туралы тиым  сөздер.

-Не туралы айтылған?

Сен қалай ойлайсың?

 

6.  Тақпақ  жаттау.

    «Табиғат  ана»

Сабақты зейін қоя тыңдау.

 

Суретке  өз ойымен  жауап  бере білу.

 

Берілген  сұрақтарға  толық жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

Ойынға қызығушылық  таныту.

 

 

 

 

 

Берілген  қимылдарды дұрыс жасай  білу.

 

Олардың 

 

маңызын түсіне  білу.

 

 

 

 

 

Берілген  сұрақтарға  өз  түсініктерімен  жауап  бере білу.

 

 

Тиым  сөздердің  мағынасын  түсіну, оны өмірде іске  асыруға үйрену.

 

 

Тақпақты мәнерлеп айта білу.

 

 

.              

 

                  

 

                    Сергіту сәті:

Күн шықты, жел тұрды.

Күн  бұлттанды,

Жаңбыр  жауды.

Найзағай жарқ етті,

Күн шайдай ашылды.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

   Түсінік:

Бұлақ-денсаулық,

Алма-рухани байлық

Гүл – бақыт құсын сыйлайды.

 

       Тиым  сөздер:

-Көк шөпті жұлма.

-Құстың  ұясын  бұзба

-Тал, шыбықпен  ойнама.

-Суды ластама

-Құстарға тас лақтырма

 

 

 

 

 

 

 

 

      Табиғат  ана.

Табиғат ол анамыз,

                Табиғатқа баламыз.

              Құшағыңда ойнаймыз,

                Шаттық әнге саламыз.

                Жазда аралап тауыңда,

                Барамыз біз бауыңа

                Өзеніне шомылып,

                 Жүгіреміз жауында.

              Қыста мәз боп қаламыз,

                Сырғанауға барамыз.

               Шымырлаған аязда,

                Зымырайды шанамыз.

 

Рефлекстік түзету

Дид ойын: «Шатастырма»

1. Көктемде  қар  жауады.

2. Қазір  күз  мезгілі?

3. Көктемде  қар  ериді?

4 .Көктемнің  бірінші  айы  -наурыз

5 .Қыста  жапырақтар  сарғаяды?

6 . Жылмезгілдері: қыс,көктем,жаз,күз.

7. Жаз  ең  суық  жыл  мезгілі?

8. Күзде  бәйшешектер  өседі?

9. Қыста  құстар  жылы  жаққа  ұшып  кетеді?

10. Жазда  балалар  оқиды?

Балаларды  мадақтау.

 

Ойынға қызығушылық —пен қатысу.

Сұрақтарды дұрыс түсіне білу.

Жауапты дұрыс айта білу.

 

Достарын  бағалай білу.

 

 

                                                                   

                                    Күтілетін нәтиже:

Білу:      Табиғат құндылығының маңыздылығын білу керек.

Игеру:    Жер, су, ауа, Табиғат-Ана, оның  байлықтары туралы  түсініктерді игереді.

Меңгеру:  Табиғатты аяулау, қадірлеу,табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерді  меңгереді.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *