С. Торайғыров өмірі мен шығармашылығы

Ахатаева Жанар Кабдыловна

Сабақтың мақсаты:

  1. Өлең мазмұнымен таныстыру, С. Торайғыров өмірі меншығармашылығы жайлы мағлұмат беру, өлең мазмұнын ашу.
    Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өздік жұмыс істеуін,ізденіс, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
    3. Басқаның пікірін тыңдай білуге, кейіпкер тағдырынтүсініп, ортақтаса білуге баулу.
    Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
    Әдіс- тәсіл: көрнекілік, сұрақ- жауап, әңгімелеу, салыстыру, топпен жұмыс, сто стратегиялары.
    Көрнекілік: Автор портреті, бағалау парағы, шығу парағы, Венн диаграммасы.
    Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру:
1. Сәлемдесу.

Күн нұрындай әсем,

Бас иетін барша әлем.

Нұр ойнаған жүзінде,

Ұстаздарға бір сәлем.
2. Психологиялық дайындық:
-Аспанымыз ашық болсын!

Көк туымыз биік болсын!

Әке-шешеміз аман болсын!

Деніміз сау болсын, еліміз тыныш болсын!
Мұғалім: -Балалар, барлығымыздың көңіл күйіміз тамаша екен.

-Мен ұстазбын ешқашан сүрінбеген,

Шәкірттерім алдымда күлімдеген.

Мен сүйреймін сендерді толқындарда,

Отырғызып кемеге білім деген.

-Ендеше, балалар, білім деген кемеге мініп алып, білгенімізді ортаға салайық.
Үй тапсырмасын сұрау: Б. Майлин. «Күлпаш»
І топ: әңгіменің 1-бөлімін әңгімелеп, салып келген суреті бойынша сөйлейді.

ІІ топ: әңгіменің 2-бөлімі бойынша әңгімелеп, сурет бойынша сөйлейді.

ІІІ топ: аштықтың себебін түсіндіріп, сурет бойынша әңгімелеу.

Жалпы топ мүшелеріне сұрақтар:
1. Өтіп жатқан тарау қалай аталады?

2.Қазақ халқы қандай қиын кезеңдерді басынан өткеріпті?
3.Б. Майлиннің «Күлпаш» әңгімесіндегі оқиға қай жылдары болған?

4.Б. Майлин кім?

  1. Ашаршылық қазақ халқына қандай зиян келтірді?

Сергіту  сәті

-Аспанға қарап ай көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға, солға қарадым,

Егеменді ел көрдім.

Жаңа сабақ:
Қызығушылығын ояту: «Ой қозғау»
1. Өлең оқу:
Жырлағаным- кедейдің жыры,
Сырлағаным- кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырым да бір-
Мендағысолкедейдіңбірі.
Сұрақ:

-Өлең не туралы?
-Кедейсөзікімгеқатыстыайтылады?
-Олайболса, сендердіңойларыңшакедейдегенқандайадам?
-Соныменбізбүгінтағы да кедейжайлысөзқозғамақшымыз. КөптегенжылдарбұрынболғанРесейүкіметініңәміршілдіксаясатының, ашаршылықтыңбізүшінбүгінқандаймаңызы бар депойлайсыңдар?

Қазақ шаруаларын күштеп ұжымдастырудың барысында үкімет халықтың күн көрісінің жалғыз ғана жолы қолындағы малын зорлық пен жинап алып, қоғамдық мемлекеттік меншікке айналдырады.
Сөйтіп негізгі кәсібі мал шаруашылығы болған қазақ шаруалары төрт – түлік малдан түгел жұрдай болып, ашыға бастады. Табысы жоқ колхоздан, жергілікті үкіметтен жәрдем ала алмаған халқымыз ендігі жерде ашаршылыққа ұшырады.

1921 — 1922 жылдары және 1930 — 1932 жылдар Қазақтың тіпті адамзат тарихында бұрын — соңды естіп білмеген қасіретке толы жылдар. Кейбір деректер бойынша
4 млн қазақ баласы қайтыс болды.
31 мамырды «Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, 1997 жылы Елбасымыз жарлыққа қол қойған.

-Ал, енді біздің бүгінгі оқитын өлеңіміз қай кездегі кедей туралы екен? Ол туралы С. Торайғыровтың «Кедей» атты өлеңінен білеміз?

Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Екі жасында шешеден жетім қалған. Жастық шағы, балалық шағы Баянауылда өтеді. Ол 27 жасында 1920 жылы 21мамырда ауыр науқастан қаза болады. Таланты ақын, әрі жазушы.
Автор жайлы мағлұмат:

Торайғыровтың өмірі туралы деректерді дәптерге жазу.

Мағынаны тану: 
1. «Кедей» өлеңін мұғалімнің оқуы.

2.Мағынасын түсіндіру.

3.Өлең талдау.

→ Тақырыбы:

→ Авторы:

→ Түрі:

→ Шумақ:

→ Тармақ:

→ Буын:

→ Бунақ:

→ Ұйқас:

4.Оқушылардың оқуы.

5.Өлең бойынша сұраққа жауап.
1. Өлең кім туралы екен?
2. Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атады деп ойлайсың?
3. Өлеңде қай мезгіл суреттелген?
4. Табиғаттағы күзгі өзгерістер суреттелген тұсын тауып оқы.
5. Кедейдің ауыр тұрмысы қалай бейнеленген?
6. Сен өлеңді басқаша қалай атар едің?
7. Өлеңді оқығанда қандай сезімде болдың?

  1. Топтық жұмыс: Әр топ өз пікірін білдіреді?

І топ –Қазіргі кезде кедей бар.

ІІ топ-Қазіргі кезде кедей жоқ.

ІІІ топ-Кедей болмау үшін не істеу керек?

Сергіту сәті: (топтарға бөліну)

Қорытынды:
Цифрлы диктант

р/с Сұрақтар Иә Жоқ
1. Ашаршылық 1930-1932 жылдары болды    
2. С.Торайғыров «Кедей» әңгімесін жазды.    
3. С.Торайғыров — батыр    
4. С.Торайғыров өлеңдерінде кедей, бай, еңбек, оқу-білімнің пайдасы туралы жазды.    
5. «Кедей» өлеңінде кедейлердің ауыр тұрмысы туралы суреттеледі.    
6. «Жаурады» сөзінің мағынасы — жылыну    

Венн диаграммасы:
Б. Майлиннің «Күлпаш» әңгімесі мен С. Торайғыровтың «Кедей» өлеңін салыстыру.

Кедейлік, байлық жайлы мақал- мәтел айту

Қорытынды: Не білдім? Пікір. Не білгімкеледі?
Бағалау.
Үйгетапсырма
: «Кедей» өлеңінжаттау.
Қалауыбойыншаорындау:
1. «Кедейдің өмірі» шағын әңгіме.
2. С. Торайғыровжайлы реферат.
3. Өлеңмазмұныбойыншасурет салу.

Сабақ аяқталды

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *