«Сүйіспеншілік» тренингі

Шотаева Зауре

Мақсаты: Балаларға сүйіспеншіілік туралы түсінік беру

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндірі, көрсету, көркем сөз, мақтау-мадақтау.

Жұмыстың барысы: В. Сухомлинский «Аң қанаты»

Жайма шуақ жаз еді. Қаз өз балапандарымен серуенге шығып, оларды шөпті, жұлып жеуге үйретеді. Балапандарға шөптер дәмді көрінеді. Ауа-райының балапандарға ұнағаны сонда олар аналарын ұмытып жан-жаққа бытырап кетті. Аспанды бұлт торлады да жерге жауын тамшылары тама бастады. Осы мезетте оларға аналарының жылы қанаты естеріне түсіп, жүгіріп барды. Осы уақытта бұршақта жауа бастады. Балапандар болса анасының қанаты астында жасырынып жатты. Сол кезде олар қанат ішінде тыныш, ал сыртында қауіпті екенін түсінді. Бірақ олар бұршақтың анасына жауып жатқанын сезбеп еді. Бір кезде ауа-райы саябырсып, тынышталды. Балапандар мәз болып, анасына да қарамай көгалға жүгіре жөнелді. Тек кішкентай балапан ған «Ана сізге не болды?»-деді. Шынындада қаздың қанаттары қатты бұршақтан жаралы еді. Анасы балапанға: «Ештеңе емес, бар ойнай ғой», -дедіде балапандарының қуанышыта көріп өзін бақытты сезінді.

  1. Ойын «Үйің қайда»

— Балалар, қазір біз сендермен ойын ойнаймыз

Мақсаты: Балалардың зейінін дамыту, топ бірлестігін үйрету.

Балалар 3 топқа бөлінеді. «балықтар» , «қояндар», «торғайлар»

Психолог балаларға әр  жануардың өз өмірі сүретін ортасы барын түсіндіреді. Балық суда жүзеді, құс аспанда ұшады, қоян жерде жүреді. Ойын барысында ортаға үлкен шеңбер жасалады. Балалар сол шеңберді айналып музыкалық сүйемелдеумен билеп жүреді. Психолог музыканы тоқтатып; «аспан», «жер», «су»деген команда береді. Сәйкес топтағы балалар шеңбер ішіне кіруі керек. Балалар толық дағдыланғанша ойналады.

3 Нақыл сөздер.

«Өзіңді қалай сүйсең, Отаныңды да солай сүй » «Махаббат бар жерде- бақыт бар»

  1. Қорытынды: Бүгінгі сабақта өткізілген тренингтен алған әсерлерін сұрау. Сабақ барысында жақсы қатысып отырған балаларға мақтау ретінде смайлик тарату, орташа қатысып отырған балаға сары жұлдызша ұсыну.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *