Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық заманмен бірге өсіп,қай жерде пайда бар сол жерге түп тамырын жайып келе жатқан қауыпты кесел десек артық айтпағанымыз шығар.Бұл мәселеге сонау тәуелсіздік алғаннан бастап қарсы күрес шаралары жүргізіліп келеді.Менің ойымша, әрбір адамзат өз құқығын қорғауға міндетті.Кейбір «қолы да,жолы да ұзын » азаматтарымыз заңсыз әрекеттерге барып жатады.Бұған біз тосқауыл қоюымыз қажет.Әрине, бұл әрекетке сізбен біз болып яғни қоғам болып қарсы тұруымыз қажет.Жемқорлық еліміздің беделіне өз көлеңкесін түсіреді.Елдің ертеңі үшін,болашақ ұрпақтың алдында еңсеміз биік болу үшін бұл қауыпты кеселді түп¬-тамырымен жойғанымыз дұрыс. «Әділдік жоқ жерде пара белең алады» демекші қай жерге барсақта әділдік жағынан шешім тапқанымыз дұрыс-ақ.
«Жемқорлық – індет, аластау – міндет» деген екен М.Әлімбаев ағамыз. Бiз жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның жетiстiктерi де аз емес. Ал бір жағынан күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiк мәселе. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатыны ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны даусыз. «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік «параға сатып алу», «пара» деген мағынада екені көпшілікке мәлім . Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.

Қайыр Сағыныш
студент

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *