Сурет бойынша есептер шығару

ФИО:Турмаханбетова Камшат Аскербековна

Қала: Шымкент қаласы

Мектеп: Шымкент қаласы білім басқармасы «Қосалқы мектеп-интернаты» комуналдық мемлекеттік мекемесі

  Қызметі: мұғалім-дефектолог

  Тақырыбы: «Сурет бойынша есептер шығару.»

 

07.02.2020

Тақырыбы: Сурет бойынша есептер шығару.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың 10саны көлемінде алған білімдерін пысықтау, бекіту және сурет бойынша есептер шығаруды меңгерту.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, логикалық ой-өрісін, пәнге қызығушылығын және ауызша есептеу дағдысын  дамыту.

Тәрбиелік: Хайуанттар мен құстарға деген суйіспеншіліктерін ояту, қамқорлық жасай білуге және сабақ үстіндегі әдептілікке, тәртіпке баулу.

Көрнекілік: Суреттер, үлестірмелі суреттер және сандар.

Сабақ түрі: Аралас.

Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

— Балалар бүгін бізде ерекше сабақ, бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан бәріміз тәртіп сақтап, тыныш отырайық.

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?     Қыс

— Қыстың нешінші айы?                           Екінші айы (Ақпан)

— Бүгін аптаның қай күні?                        Жұма

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Жақсы балалар, біз бүгінгі сабаққа дейін барлығы неше сан өттік?

— Қане қайсың 10 дейін тура, кері санап бересіңдер (оқушылар кезекпен тура, кері санап шығады )

  1. Бұдан соң оқушыларға суреттер тарқатып, оқушылар санға сәйкес суреттерді қояды.

Тапсырманы оқушылардың қалай орындағанын тексеріп, қателіктері болса түзеп, дұрыс орындағандарын мадактау. Жеке-жеке әр оқушыға көңіл бөлу.

III.     — Қазір біз «Адасқан сандардың ойының» ойнаймыз.

(Осы жерде оқушыларға қыс мезгілінің белгілері суық, боран, аяз және жапалақтап жауатын ұлпа қар жайында айтып беремін, сосын балалардың назарын тақтадағы жауып тұрған ұлпа қарларға аударамын)

  1. Жаңа сабақ:

— Балалар мына жауып тұрған ұлпа қарларды ретімен тура, сосын кері қойып шығу керек. (Оқушылар кезекпен шығып сандарды орналастырады, тура, кері санайды )

— Балалар бәрің мына суретке қараңдар

— Бұл суретте нені көріп тұрмыз, бұларды бір сөзбен не деп айтамыз?

Үй құстары ( Осы жерде оқушыларға құстардың пайдасы жөніңдегі айтып өтемін )

— Бірінші, екінші, үшінші келе жатқан қай құстар?

Балапан, әтеш, үйрек ( оқушылар тақтаға ретімен суреттегідей орналастырып шығады, тура, кері санайды, әр құстың тұрған орнын анықтайды.

V.Жеке жұмыс: (Оқушылар суреттер таратылады, олар суретке сәйкес сандарды белгілейді.

III-топ Дәптермен жұмыс

IV-топ Суретпен сурет

Сергіту сәті:

Оң қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ.

Қосып едім екеуін,

Шыға келді 10 саусақ. (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10)

  1. Тақтамен жұмыс:

— Неше алма?       — Екі алма.

— Тағы неше алма қостық?     — 4 алма

— Барлығы нешеу болды?      6 алма

— Қандай амал қолдандық?    Қосу амалы

— Қосқанда көбейе ма, азаяма? Көбейеді.

Салыстыру:1 мен 2; 3 пен 1; 1 мен 3; 3 пен 3; 2 мен 2; 1 мен 1; 3 пен 2 (оқушылар артық, кем, тең таңбаларын қойып, салыстыру)

Суретпен неше қоян көріп тұрсыңдар?

— 6 қоян

— Нешеуі қашып кетті?

— Екеуі.

Қанша қоян қалды?

— Төртеуі.

— Қалғаның табу үшін қандай амал қолдандық?

— Азайту

VII. Сабақты бекіту:

Логикалық ойлау қабілеттерін тексеру. Шығармашылық тапсырма. Аққала мен шыршаны ретімен жинау, қояндарды ретімен орналастыру.

VIII.Үй жұмысы: 42-тапсырма, 92 бет, математика пәні

IX.Білімдерін бағалау: Сабаққа қатысуларына және жауаптарына қарай мақтап, мадақтап бағалау.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *