Сужылытқыш және бу-сужылытқыш қазандықтары

Ильяс Сая Қуандыққызы

Мамандығы : 0906000 — Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары

Біліктілігі:   0906012 -Қазандық жабдықтарын аралаушы машинист

ІІ-курс  № 156 топ

 

С А Б А Қ  Ж О С П А Р Ы  № 8

 

Сабақтың тақырыбы:  Сужылытқыш және бу-сужылытқыш қазандықтары

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Білім алушыларға сужылытқыш және бу-сужылытқыш қазандықтарының жұмысын меңгеруді үйрету

Дамытушылық: Өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңызын түсіну, оған  тұрақты қызығушылық таныту

Тәрбиелік: Білім алушылардың кәсіптік деңгейін жоғарылату, жаңа білімдерді игеру өздері таңдаған мамандығына құштарлығын, еңбекке деген  икемділігін арттыруға ықпал жасау. Өзін-өзі бағалауға, тазалыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың материалды-техникалық жабдықталуы: видеороликтер, слайдттар,  технологиялық нұсқау картасы, плакат-сызбалар, бужылытқыш, суүнемдегіш және т.б.

САБАҚ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 8.30-8.35

  1. -Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру

-Арнайы киімдерінің бар болуын қадағалау

ІІ. Кіріспе нұсқау -8.35-9.25

  1. –Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

2.-Өткен сабақ бойынша білім алушылардың білімін тексеру:

-Дұрыс жану режимі дегеніміз не?

-Қазандықта қондырылған арматураны пайдалану кезіндегі қадағалау шаралары қандай?

-Инженер-техникалық қызметшінің қазандықты ішкі бақылау кезінде қандай элементтерге мән береді?

  1. ЖАҢА ТАҚЫРЫП МАТЕРИАЛЫ БОЙЫНША НҰСҚАУ БЕРУ:

-Сужылытқыш және құрастырмалы бу-сужылытқыш қазандықтардың құрылысы мен жұмыс режимін түсіндіру

-Сужылытқыш қазандықтардың негізгі ерекшеліктеріне тоқталу

-Беткі бөліктің қайнауы жайлы айту

  1. КІРІСПЕ НҰСҚАУДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫН БЕКІТУ:

-Сужылытқыш және құрастырмалы бу-сужылытқыш қазандықтардың құрылысы мен жұмыс режим қандай?

-Сужылытқыш қазандықтардың негізгі ерекшеліктері қандай?

-Беткі бөліктің қайнауы дегеніміз не?

  1. ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП, ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСЫН КӨРСЕТУ 9.25-9.40:

1.Дайындық жұмыстарын жүргізу.

  1. -жұмыс жасау әдістері: Сужылытқыш қазандықтың сақтандырғыш клапаны, сорғыштар, бақылау-өлшеу аспаптары, үрлеу қондырғылары мен үнемдегіштердің жұмыстарын тексеру, ақауларын табу, жөндеу. Құбыр қабырғаларының сыртқы белгілері бойынша тегіс, жылтыр, көгілдір бет жоқ екенін анықтау. Үрлеу қондырғыларының дұрыс реттелуін қарау, үрлеу. Бұрамалардың ластанған жерлерін тазалау, әйнектің сынбағанын қарау, будың тығыздығын қадағалау. Қазандықты және жылытылған құбырлардың барлық сыртқы беттерін қаптайтын майларға сипаттама беру.Қазандықтың май қабағының бар-жоғын тексеру, майлау.Негізгі жұмысты орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету.

 

 

 

 

ІІІ.  Ағымдық нұсқау.

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК  ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ : 9.40-13.00

1.Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу

2.Білім алушыларға тапсырмалар бөліп беру

3.Технологиялық нұсқау карталарын тарату.

Білім алушылардың технологиялық нұсқау карталары бойынша  жұмыс жасауларын бақылау мақсатында жұмыст орындарын аралау:

 

  1. аралау. Білім алушылардың жұмыс орнының талапқа сай ұйымдастырылуын, дайындығын, жұмыстың уақытылы басталуын тексеру;
  2. аралау. Білім алушылардың құрал-жабдықтарды дұрыс қолдана білуін, ұстау әдістерін, іс-қимылдарын қадағалау.
  3. аралау. Жаттығу жұмыстарын орындау барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау. Жұмысты орындау кезінде білім алушылардың жіберген қателіктерін ескертіп, түзету және қосымша нұсқау беру.
  4. аралау. Орындаған жұмыстарын қабылдап алу, тексеру
  5. аралау. Жұмыс орындарының тазалығын, құрал-аспаптардың дұрыс жиналуын тексеру.

 ІV. Қорытынды нұсқау:13.00-13.30

  1. Сабақты қорытындылау, бағалау
  2. Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігін сараптай отырып білім алушылардың жақсы жұмыстарын атап өту.

3.Үй тапсырмасын беру (Б. Дүрманов Жылу техникалары мен жабдықтарын жөндеу және пайдалану 131-190б)

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *