«Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»

Тіл мерекесіне орай өткізілген тақырыптық оқу қызметі

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:  «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»

Мақсаты:

Білімділік:  Балаларды  туған  ана  тіліміздің  қасиетін, қадірін біліп,  баланы  бір – бірімен  өз  ана  тілінде  ой  бөлісуге  үйрету.

Дамытушылық:  балалардың  танымдық қабілетін дамытып,  Отанға, туған елге  деген  сүйіспеншілігін  арттырып,  патриоттық  сезімге  баулу.                                                                                                                                                                                                                

Тәрбиелік: балаларды  ана  тіліміздің  қасиетін, қадірін біліп, құрметтеуге, сүюге    тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ана тілім  еркіндігім,  теңдігім.

Көрнекілігі:  слайд

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

 

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотива-циялық — қозғаушы -Балалар,бүгін ерекше күн екен, біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Олай болса, балалар, қонақтармен амандасып алайық.

 

 

 

 

— Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату – тәтті доспыз. Қане, бір – бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.

— Ия, балалар, осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы.

Алдымызда кезіккен,

Көп қонақты көреміз

Алдыменен ізетпен

Иіліп сәлем береміз.

-Сәлеметсіз бе, қонақтар!

— Күніміз жарық болсын.

-Аспанымыз ашық болсын.

-Деніміз сау болсын.

-Еліміз тыныш болсын.

-Досымыз көп болсын.

-Балабақшамыз жайнап тұрсын.

-Нанымыз көп болсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдас-тырушылық -ізденушілік

-Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?

 

 

 

 

-Бір аптада неше күн бар?

-балалар біз сабағымызды бастамас бұрын өткен оқу қызметін есімізге түсірік кетейік кім маған өткен оқу қызметін айтып береді?

 

-Балалар мен сендерге өлең жолдарын оқып берейін, сендер мені мұқият тыңдап, не туралы екенін айтып беріңдер.

Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,
Қасиетті тіліміздің бәрін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.

-Дұрыс балалар, олай болса бүгінгі Сөйлеуді дамыту оқу қызметінде біз тіл туралы айтамыз және  бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз » деп аталады.

-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?

-ҚР Елбасы кім?

 

-ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл?

Тәрбиеші: 

Қәне, балалар, оқу қызметімізде мемлекетіміздің әнұранын айтайық.

-Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жарайсыңдар балалар, сендер шаршап қалған боларсыңдар. Ендеше орнымыздан тұрып, сергіп алайық.

Сергіту сәті:

 

 

 

 

 

 

-Балалар енді  біз  ана тіл туралы  нақыл  сөдзер айтайық.

Казір жылдың күз мезгілі

Күз мезгілінде үш ай бар Қыркүйік, қазан, қараша.

Бір аптада жеті күн бар.

 

 

Өткен оқу қызметінде біз білім күні әнгімелескет болатын быз.

Балалар өлең ана тілі туралы екенідігін айтады, жаңа тақырыппен танысады.

 

 

 

 

 

 

-Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Астана қаласы

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Қазақ тілі

 

Балалар әнұранды орындайды.

Нұрай:

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

Арай:

Ана тілім бал тілім,

Өзің барда шалқыдым.

Өз тілімде ән шырқап,

Термелетіп балқыдым

Жақсылық:

Ақыл – ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

Назерке:

Тілім барда мақтанам.

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.

Айару:

Өсірген ой білімді

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сәздің

Мәнін терең білуді.

 

Нұрсәуле:

Ана тілді білмесем,

Шат – шадыман күлмес ем.

Жер бетінде сайраңдап,

Қазақ болып жүрмес ем.

Әділжан:

Ана тілің біліп қой.

Еркіндігің – теңдігің.

Ана тілің біліп қой

Мақтанышың, елдігің.

 

Орнымыздан тұрайық,

Керегені құрайық

Бір шаңырақ астында

Тату – тәтті тұрамыз.

Мағжан:

Өнер алды қызыл тіл.

Аяулым:

Тіл қылыштан да өткір.

Ринат:

Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.

Гүлжайна:

Басқа пәле тілден.

Рефлексті – коррекция-лаушы -Балалар   бүгін бізде  қандай  оқу қызметі болды?

-Сендерге  оқу қызметі  ұнады ма?

-Қандай   тақырып  бойынша  әңгімеледік?

-Балалар, бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп айтқандай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін. Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды. Келген қонақтармен қоштасайық.

Балалар  сұрақтарға  дұрыс  жауап  беруғе  тырысады.

 

 

 

 

 

 

Балалар  өздерін  мадақтағанға   куанады.

 

Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білу тиіс: Мемлекеттің тілдің мәртебесін  биік ұстау жөнінде.

Өзінің ана  тіліне сүйіспеншілігін арттыра білу.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *