Сайыс сабақ

«Ой мен ойын» интелектуалдық сайысы
Қатысушылар: 5 сынып және 6 сыныптар
Сайыстың мақсаты:
1. Оқушылардың математика сабағында алған білімдерін жинақтау.
2. Есеп шығаруға қажетті ережені тиімді пайдалану арқылы математикалық тілде сөйлеуге, өз ойын ашық айтуға үйрену.
3. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Психологиялық дайындық.
Нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К. Гаусс)
2. Ақыл — ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М. В. Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.
(Р. Бэкон)
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
1-Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Ой мен ойын» сайысына қош келдіңіздер. Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, » — деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің
керек.
Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық:
1. «Білгенге маржан»
2. «Ойлан, тап!»
3. «Таңдау-табыс»,
4. «Кім тапқыр?»
5. «Білім аукционы»
6. «Жұмбақтағы математика»
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «………………………………………..», «…………………………………………………………..» топтарын шақырамыз.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, — дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.
2-Жүргізуші:
1 кезең «Білгенге маржан»
Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде – дегендей сайысымызды «Білгенге маржан» деген кезеңінен бастайық.
І-топ
1. Жеті күнге тең, уақыттың өлшем бірлігі. (апта)
2. Шеңбер салуға арналған құрал. (циркуль)
3. Көбейту нәтижесі. (көбейтінді)
4. Алымы мен бөлімдері тең болатын жай бөлшек қалай аталады? (бұрыс бөлшек)
5. Шеңбердің радиусы 6 см тең. Диаметрі нешеге тең? (12)
6. Миллиард санында неше нөл бар? (9)
7. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады? (шаршы)
8. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (жұп)
9. Төрт жылда неше ай бар? (48)
10. Үштің квадраты тоғызға тең, төрттің квадраты он алтыға тең. Ал квадраттағы бұрыш нешеге тең? (90)
ІІ-топ
1. Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді? диаметр
2. Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең? 1
3. Оң санға да теріс санға да жатпайтын сан 0
4. 9-ға қарама қарсы сан -9
5. -99,9 бен 1 қайсысы үлкен? 1
6. 0-ден үлкен сандар оң сандар
7. Өлшемі 90 градустан кіші бұрыш сүйір бұрыш
8. 2 мен 3-тің арасына қандай таңба қойғанда 2-ден үлкен, 3-тен кіші сан шығады? (үтір)
9. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (бес)
10. Қандай санның кез-келген дәрежесі сол санның өзіне тең? (бір)
ІІІ-топ
1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? 1
2. Шеңбердің нүктесін центрімен қосатын кесінді? радиус
3. | — 10 | мен 1 қайсысы үлкен? 10
4. Екі санның қатынасы не деп аталады? пропорция
5. 0- ден кіші сандар? теріс сандар
6. Ең үлкен уақыт өлшемі? Ғасыр
7. Өлшемі 90 градустан үлкен бұрыш доғал бұрыш
8. Қатар тұрған 3 санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең. Бұл қандай сандар? (1,2,3)
9. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай
лақтыру керек? Жоғарыға.
10. Қаранғы бөлмеде керосин шамы және шырақ қатар тұрса, бірінші нені тұтатар едіңіз? (Сірінкені)

2 кезең «Ойлан, тап!»
(әр топқа логикалық тапсырмалар беру )
І топқа:
1). «Шаштараз »
Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. -Неге? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы да бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі – жақсы шашатараз)
2) «Бір мая шөп»
Бір мая шөпті жылқы 1 айдың ішінде жейді, ал ешкі 2 ай, қой 2 ай жейді. Үшеуі қосылып бір мая шөпті қашан бітіреді? (Жарты айдың ішінде)
ІІ топқа:
1)«Үй иесі мен ұрылар»
Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады.
Үй иесі мұны сезіп:
-Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер
Өзің іш те маған бер деген екен.
Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты.
-Сонда нешеу, ұры қанша? (10 адам, 5 ұры)
2) «Күлшеқыз»
Күлшеқызға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп, екеуіне бірдей, үшіншісіне 2 есе аз сал» деп тапсырма берді. Күлшеқызға бұршақтарды дұрыс бөлуге көмектесіңдер. (9+18+18)
ІІІ топқа:
1) Алдаркөсе ауылға келе жатты. Жолда ол байды және оның үш нөкерін кездестірді. Осы ауылға қанша адам бара жатты? Алдардың өзі
2) Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады? (18 жас)
1- жүргізуші:
3 кезең «Таңдау-табыс»
1. Ерланның торында бес торғай бар еді. Бес торғайын бес досына таратып бергеннен кейін торда тағы бір торғай қалды. Бұл қалай болғаны? (Торымен қоса берген)
2. Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы неше кг? (6 кг)
3. Натурал санның мағынасы (табиғи сан)
4. Бес таңбалы сан берілген одан кейінгі сан алты таңбалы болады. Бұл қай сан? (99999)
5. Екі санның қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге, ал көбейтіндісі 15-ке тең. Бұл қай сандар? (5 және 3)
6. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім? (Айжан – Мұраттың, Маржан – Асқардың қызы)
7. Алғашқы үш сабақ: қазақ тілі,
математика және тарих болды.
Математика бірінші емес, тарих
бірінші де, үшінші де емес.
Қай пән нешінші болды? (1. Қазақ тілі
2. Тарих
3. Математика)
8. 2 литрлік бөтелкені қолданып, 9 литрлік шелекті сумен толтыру үшін су көзіне қанша рет бару керек? (5 рет)
9. Бірінші баланың әкесі ұына 150 теңге, ал екінші әке баласына 50 теңге береді. Екі бала қолдарындағы ақшаны қосса 150 теңге ғана болады. Неліктен? (Атасы, әкесі, немересі)
2- жүргізуші:
4 кезең «Кім тапқыр?»
Трапеция, циркуль, параллель, пропорция, сәуле, функция, төртбұрыш, теңдеу

1-жүргізуші:
5 кезең «Білім аукционы»
Қазақ халқының ауызша есептері
Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн-жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған?
(6 лақ)
Теңдеу
4х+5(3-2х)=5-11х
Жауабы: -2
Әзіл есептер
(әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”.
Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды? (Жауабы: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық. Қасқыр-100)
Есептеусіз математика
Азамат, Ержан, Тоқтар бақылау жұмысынан қандай баға алғандарын мұғалімнен сұрағанда, ол: “Ешкім“2” алған жоқ, бірақ бағаларың әртүрлі. Тоқтар “3” алған жоқ, Ержанның бағасы “3” те, “5” те емес,- деді. Балалар қандай баға алды?
Азамат – 3, Ержан – 4, Тоқтар — 5
Сиқырлы көзілдірік
Жауабы: D
Сақина есебі
Жауабы: 10

2- жүргізуші:
6 кезең «Жұмбақтағы математика»
1. Айқасқан 2 таяқ, тұрады жоқты сұрап (х)
2. Шекер жейтін аққұтан
Бір қазыққа байланды
Аузына тістеп шекерін
Ол қазықты айналды. (циркуль)
3. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар? (100-жүз)
4. Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады. (Дәреже)
5. Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді.
Бірін-бірі көрмейді,
Бір мәреге келмейді. (Параллель түзулер)
6. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтындаршы бұл қандай сан
Жан-жағына қарамай. (Натурал сан)
7. 12 бұтағы бар алып емен,
52 шыбық тарап, өсіп өнген.
Шыбық сайын 7-ден жапырағы
Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген. (Жыл, 12ай, 52апта, 7күн )
8. Алды –артымыз шексізде
Жете алмайсыз біздерге
Сәуле менен кесінді
шыққан тегін білсін бе? (түзу)
9. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін білсең санап қой. (17)
1-жүргізуші:
-Ендеше, сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын атап өтсек. Оқушыларды грамотамен марапаттау.
Математика-толған тәртіп, мағына мен мән
Математика-толған тамаша заңдылық пен сән
Математика-толып жатқан терең сыр
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір-дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Топты бағалау парағы
Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық

Сайыстың кезеңдері Шарттары Барлық ұпай саны Уақыты 1
топ 2
топ 3
топ Жинаған ұпай саны
1 «Білгенге маржан» 10 2 мин
2 «Ойлан, тап!» 10 5 мин
3 «Таңдау-табыс» 10 5 мин
4 «Кім тапқыр?» 10 3 мин
5 «Білім аукционы» 10 10 мин
6 «Жұмбақтағы математика» 10 5 мин
60 25 мин

1-орын:____________________________________________________
2-орын:____________________________________________________
3-орын:_____________________________________________________

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *