Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №4 «Макарон өнімдері.Олардан жасалатын тағамдар. Рыноктық экономика әлемі»

Сабақ жоспары

Белгісіз автор

Сынып: 6

Пәні: Технология

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №4 «Макарон өнімдері.Олардан жасалатын тағамдар. Рыноктық экономика әлемі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: тамақ әзірлеу және макарон түрлерінен өнімдер даярлау технологиясы бойынша білімдерін жүйелеу, білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: қиялдай білуге, елестете білуге, еңбектенуге, өз бетінше жұмыс жасап, өзін — өзі тексеруге, тапсырманы шығармашылықты түрде орындауға үйрету.

Тәрбиелік: пәнге қызығушылығын арттыру, жеке және топ арасында жұмыс жасай білуге үйрету, қарым — қатынас мәдениетіне, өз күшіне сенімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс

Сабақ өтудің әдістемелік ерекшеліктері:

— сабақ ойын түрінде өтеді, топ арасындағы жарыс.

— бұл сабақ осы тараудың соңғы тақырыбы болып табылады.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтаны қолдану, слайдтар көрсету.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылардың сабаққа қатысымын қарау.

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

  1. II. Жаңа сабақ

«Макарон пісірмесі» запеканка

Практикалық бөлім: «Макарон пісірмесі» запеканка

Дайындалу жолын түсіндіру. Оқушыларға нұсқау беру.

Оқушылардың жұмысын тексеру, өзара талқылау.

Экономика бөлімі. Экономика адамның жеңіл, қызықты өмір сүруіне бағытталған. Бізге керекті нәрсенің барлығын (азық –түлікті,үйлерді,тұрмыстық заттарды) қайдан аламыз? Әрине мұның барлығын жасау керек,яғни өндіру керек.Қажет заттарсыз,азық –түліксіз адам өмір сүре алмайды. Материалдық игілік қайдан шығады?Өндірістен. Қолмен ұстауға болатын игіліктер зауыттарда,фабрикаларда, фермерлік шаруашылықтарда өндіріледі. Бұлар – Рыноктық экономика әлемі.

Бірақ көптеген адамдар денсаулық сақтау,ағарту,сауда салаларында жұмыс істеп,бізді емдейді,оқытады,бізге қажетті тамақ, киім сатады. Бұл –қызмет көрсету.

Экономистер қазіргі кезде қызмет көрсетулерді материалдық емес өндіріс деп есептейді.

Адам тек жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар,демалы, емделуі, өзін –өзі дамытуы керек. Бұл үшін театрлар,мұражайлар,кітаптар, көркемөнер, ғылыми еңбектер және көптеген тағы басқалар керек. Бұлардың барлығы рухани байлықты құрайды.

Рухани орта материалдық өндірістің дамуы үшін де маңызды. Білім, ақыл –ой, қиял адам игілігі үшін жаңалықтыа іздеп, туғызады.

Рынок -материалдық игілік пен қызмет көрсетулер жасау процесі.

Өндіріс –адамдардың қажеттілігін өндіруге қажет материалдық игіліктерді құру процесі.

Өндіруші- өнім өндіріп,қызмет көрсететін адам.

Бағалау.

Сабақтың қорытындылау: оқушыларға ботқаның балалар тағамы ғана емес, диеталық ас ретінде әр түрлі ауруларға ұсынылатыны айтылады.

Үйге тапсырма: макарон түрлерінен рецепт.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *