Р дыбысын машықтандыру

\
Тақырыбы :«Р» дыбысы сөйлемде машықтандыру
Мақсаты:«Р» дыбысын сөйлемде анық айтқызу
Міндеті:
Түзету- білімділік:«Р»дыбысын сөйлемде анық айту
Түзету-дамытушылық: фонематикалық қабылдауын,дыбыстық талдауын дамыту.
Түзету-тәрбиелік: тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер:«Р» дыбысының профилі және суреттер, айна, артикуляциялық жаттығудың суреттері
Іс-әрекет кезеңі логопедтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңбе?
Көңіл-күйің қалай?
Жылдың қай мезгілі? Ауа райы қандай?

Ашық менің жүрегім
Ылғи күліп жүремін.
Бірге ойнап, бір жүрер
Достарым көп, білемін! Сәлеметсізбе!
Жақсы.
Оқушының жауаптары.
Негізгі бөлім: 1. Ең бірінші «Р» дыбысынын есімізге түсірейік
Еріннің қалпы келесі дыбысқа тәуелді;
Жоғарғы төменгі тістер арасы алшақ;
Тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді;
Тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады;
Дауыс шымылдықтары қатайып, бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығарады.
Ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді

2. «Р» дыбысына арналған артикуляциялық жаттығуларды жасаймыз. Айнаға қарап жаттығуымызды еске түсірейік. Менің соңымнан қайтала, бәріміз бірге орындайық! Артикуляциялық жаттығуларды орындау:
• «Жымию»
• «Сағат»
• «Ат шауып келеді»
• «Әткеншек»
• «Саңырауқұлақ»
• 3. «Р» дыбысын сөйлемде айтқызу.
Райхан өлең жаттады.
Раушан апайға рахмет айтты.
Руслан мен Райгүл жақын достар.
Арман тауықтарға тары шашты.
Роза апайдың тарағы қалып қойыпты.
Радиодан батырларға арналған ән жүріп жатыр. .

Р дыбысының профилін қайталайды.

жаттығуларды айнаға қарап логопед соңынан қайталайды

Логопед соңынан дұрыс қайталау.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,
Бойымызды жазамыз,
Балықтарға ұқсап біз,
Жүзіп-жүзіп аламыз. Қайталап ,орындайды

Түзету ойыны: Д/о: «Кім тапқыр»

«Р» дыбысы бар:….
Жемістерді атау……
Көкөністерді атау….
Жабай жануарларды атау…..

Тапсырманы орындайды.
Рефлексия: Өзіңе ұнаған смайлик арқылы көңіл-күйіңді білдір. Ұнаған смайлигін таңдайды
Қорытынды: Қандай тапсырмалар орындадық?
Сабақ аяқталды!
Сау болыңдар! Оқушының жауаптары.

Сау болыңыз!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *