«Р» дыбысы және әрпі

Черкешбаева Куралай Сарсенгаяновна

Білім беру саласы : Коммуникация

Оқу қызметі:Сауат ашу

Тақырыбы: «Р» дыбысы және әрпі

 Мақсаты: Өткен әріптерді еске түсіре отырып,ойлау қабілетін дамыту.Р дыбысы және әрпімен таныстыру,өз бетінше сөз,сөйлем құрастыра білуге және ойындар  ойната отырып,игерген білімдерін бекіту. Дыбыстық талдау жасауға,сауатты жазуға үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу,сөздік ,түсіндіру,техникалық құралдар,ойын

Оқу қызметінің  көрнекілігі:Ғарыш,ара,шар суреттері,кеспе әріптер,сөздер жазылған плакат,слайд.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын айтады.

Адал жақсы ниетпен

Бар адамға бақ тілеп

Жарып шыққан жүректі

Сөздің бәрі ақ тілек.

Балалар біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

Балалардың жауабы-Ғ әрпімен.

Ғ-дыбысынан келетін сөз айтыңдаршы?

Балалардың жауабы-Ғарышқер

Ғ-дыбысы  дауыстыма,дауыссызба?

Балалардың жауабы-дауыссыз.

  1. Негізгі бөлім.

-Балалар бүгін бізге қонаққа Балдырған келіпті,ол бізге бір жаңа әріпті өзімен бірге ала келіпті.Бірақ ол бізге қандай әріп  әкелгенін  «айтпаймын» дейді,ол әріпті табу үшін біз мынадай  тапсырманы орындауымыз керек.

Балдырғанның бірінші тапсырмасы:суретке қарап әңгіме құрастыру.

Райыс иті Ақтөспен  орманға келді.Орманда шөп қалың екен.Ақтөс шөп арасынан кірпіні көрді.Ол оған ырылдай жөнелді.

Иттің ырылдаған дыбысын салдыру.

Райыс,кірпі,ырылдау  сөздерін буынға бөлдіру.

Осы сөздерге дыбыстық талдау жасату.

«Р»   -дыбысымен таныстыру.

«Р»дыбысы бар буындарды оқыту.

Ра,-ре,-ру,-ро.

Балдырғанның 2-ші тапсырмасын орындау.

Осы сөздердің ішінен «р» дыбысы кездесетін сөздерді айтыңдар,р дыбысының сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын және сол сөздерді буынға бөліп айту,сөйлем құрастырыңдар.

Ала,нан,аға,раушан,қар,ара,шар,торт.

Тіл ұстарту жаттығуы.

Ра-ра-ра

Айгүл ,шашыңды тара.

Дәптермен жұмыс жүргізу.

Әліппе дәптеріндегі радио,торсық,қасқыр сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

Р» әрпін ауада жазып көрсетемін  (балалар бірге ілесіп жазады).

-Дәл ауада жазғандай,қазір дәптерден үлгіге қарап,үзік сызықтарды қосып, «Р» әрпін жазамыз.

Әліппе-дәптердегі буындармен мен сөздерді оқытамын.

Балдырғанның 3-ші тапсырмасы.

«Кім тез ойлайды?»ойыны. Шарты:Кеспе әріптерді балаларға таратып сөзді оқыту,буынға бөлгізу,сөйлем құрастыру.

Қорытындылау:

-Қандай дыбыспен таныстық?

-«Р» дыбысы дауыстыма, әлде дауыссызба?

-ра,-ро,-ру,-ре –дыбыстарын бірнеше рет қайталату.

Сабақ қонағы Балдырғанның білімді балаларға риза болғанын айтып,сабақты қорытындылайды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *