Рухани жаңғыру – ғаламдық ғылымды игерген білім

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Ұлттық жоспарын оқи отырып рухани жаңғыруда білім берудің маңызы өте зор екенін түсіндім. Біз өзіміздің ұлттық ерекшелігімізді сақтай отырып, әлемде болып жатқан жаңалықты қабылдай білуіміз керек. Ел боламын десең бесігіңді түзе» дейді Мұхтар Әуезов атамыз. «Мәңгілік ел» болуда ғаламдық ғылымды игерген білімді адамдар көп болса, еліміз бәсекеге қабілетті болмақ. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, тұтас ұлт ХХІғасырға лайықты болуы керек. «Цирлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», латын әліпбиіне көшу бағдарламалары ХХІ ғасырға даярлау болып табылады. Бәсеке бар жерде сапалы білім мен қызмет те бар. Ескіден арылып рухани жағынан сананы үнемі жетілдіріп, жаңарып отыруымыз керек.  Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастарымыздың интелектуалдығы білім деңгейімен емес, ұлттық тәрбиесімен, рухани жаңғыруымен байланысты. Білім – руханижаңғырудың басты шарты. Ой жүйесі өте терең, тіпті тереңнен тамырланған дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге қабілетті болады. Ұлттық жаңғыру– ұлттық санамен байланысты. Түпкі мақсаты – ұлттықбірегейлікті сақтаумен бірге ел ішінде береке – бірлік, бейбітшілік пен үйлесімділігі жарасқан, бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани, кемел ел болу – Елбасының асыл арманы. Адамның, халықтың, тұтас ұлттың нақты мақсатқа жетуін көздейтін, болашаққа жіті көз тіккен бағдарлар ғана дамудың көгінде темірқазығы бола алады. Рухани жаңғыру аясында латын әліпбиіне көшу, қазақ халқын әлемдік деңгейге көтеру болып табылады. Бұл латын әліпбиі, қазақ халқының санасындағы ұйықтап жатқан нейрондарын оятуға түрткі болатын құдіреттілігі бар.  Жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – дамуымызға деген ең басты қағида.Болашағы жарқын елдің қаруы білім болмақ. Біліммен қаруланған адам болашақта өз арманына қалтқысыз жете алады. Ендеше болашағы жарқын елдің білімді ұрпағы болу, сол ұрпақты тәрбиелеу ұстаздар біздің қолымызда. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» — деп, Абай атамыз айтқандай, жас ұрпаққа біліммен тәрбиені, ұлттық құндылықты бойына сіңіріп, адамгершілік пен жауапкершілікті дарыта білу бірден бір асыл қасиет. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Жаңа ғасыр, жаңа заман талабына сай ұстаздар үнемі ізденіс үстінде болу керек» деген болатын. Елбасы айтқандай қазіргі жаһандану дәуірінде әрбір ұстаз үнемі ізденіс үстінде болып, шығармашылықпен жұмыс жасаса, шәкірттеріне аянбай білім берсе, мақсаты айқын, қазақ елінің болашағы жарқын болары анық. Адам алдына мақсат қоя білуің керек. Сол мақсатқа жету жолында аянбай еңбектенсең ғана өз мамандығыңның жемісін көресің. Кемелденген елдің арманы асқақ, мақсаты айқын, болашағы жарқын болмақ.

Еліміздің жарқын болашағы жастардың қолында. Елбасымыз «Жастар жылы» — деп, бекерден бекер жариялаған жоқ. Қазақ елінің жастары: еліміздің өркендеуі жолында аянбай өз үлесімізді қосайық. Жалынды жастық шағымызда шуағымызды шашып, білім нұрымен нұрландырып, жарқырап жанар шамшырағы болып, тәуелсіз еліміздің туын көкке мәңгілік желбіретейік! Жастар әрдайым шығармашыл, көшбасшы, дара қабілетке ие. Даралықты дамытып, шығармашылығымызды шыңдап, көшбасшылық қабілетімізді көрсетіп, ел болашағын ойлар білімді, жарқын елдің шамшырағы болар жас ұрпақты тәрбиелейік! Мен болашағы жарқын елдің шамшырағы, ата – анамның ардақтысы, Отанымның озық ойлы ұстазымын. Өзімнің арман мақсатыма, іскерлік қабілетіме, бойымдағы тулаған қазақ қаны үшін аянбай еңбек ететініме, қазақтың көздері жәудіреп отырған қара домалақ балаларына сапалы білім беретініме сенемін. Өз ана тілімді бәрінен жоғары қойып, ұлттық құндылықтарымыз бен салт – дәстүрімізді дәріптеп, жас ұрпаққа білім беру жолында болашақтың биік шыңын бағындырамын. Рухани жаңару арқылы, әлем мойындар табысты ел болып, жаңа болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, бірлік туы астында баршамыз бақытқа бірге жетейік!

 

Авторы:        Тулебекова Асель Байсултановна

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *