Рухани адамгершілік — білім берудің басты мақсаты

Акпанова Самал Кенжебаевна

Қазіргі әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойында әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, көптүрлі мәдениеттерді құрметтеуге тәрбиелеуге, руханилыққа, адамгершілікке қызығушылығын оятуға, өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамытуға баса назар аударылып отыр. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағытталған. Соңғы онжылдықта оқытушылар, тәрбиешілер және ата-аналар алдында жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі туындады. Алғашқы рет балалар мен жастарды жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу міндетін мемлекеттік деңгейде еліміздің Бірінші ханымы – «Өзін-өзі тану» жобасының авторы С.А.Назарбаева ұсынды.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілікбілім берудің басты мақсаты — жас жеткіншек ұрпақтарды құндылық және адамгершілік идеалдарға баулу, оқушылардың, студенттердің өзін оңды қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылады.

Қазақстанда 2010-2011 жылдан бастап «Өзін-өзі тану» пәні жаппай енгізу жүзеге асырылуда.  Ол білім беру ұйымдары оқу жоспарларының инвариантты бөліміне қосылған. «Өзін-өзі тану» пәні адамға шынайы бақытқа, өмірлік қанағаттану мен ішкі тыныштыққа жетуге мүмкімдік береді, мінездің кемелденуін және тұтас үйлесімді тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді.

Өзін-өзі тану пәні жас ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы, халықтық педагогика әдістеріне және  жалпы адамзаттық құндылықтарға оқытудың дүниежүзілік тәжірибесіне негізделіп құрылған.

Рухани-адамгершілік білімінің маңыздылығы жайлы ұлы қазақ зиялыларыда айтып кеткен екен. Ш.Құдайбердіұлы “Ар-ұждан ілімін” әзірлеп оны барлық білім беру ұйымдарына міндетті пән ретінде енгізу жөнінде ұсыныс айтқан. Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық  жалпы білім беретін мектептерінде  өткізілетін өзін-өзі тану сабақтары ар-ұждан сабақтары болып табылады.

Жалпы Ш.Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш қасиет негіз бола алады  — адал еңбек (қол), мінсіз ақыл (бас), таза жүрке (жүрек)”  деп санады. (Жүрек, бас және қол бірігуі. ) Бала кезден бастап адам бойында жоғарғы ар-ұят, өзін-өзі сыйлау сезімдерін тәрбиелеу айуандық инстинкттен аулақ болуға, зиянды құмарлықтарды жоюға көмектеседі»-деп санады.

«Жақсы тәлім-тәрбиені мектепте немесе жанұядан ғана алмайды, адам өзін-өзі де тәрбиелей алады. Тек нағыз тәрбиелік деген не екенін біліп алу қажет. Тәрбиелі адам – бұл басқа адамдардың пікірімен санасқысы келетін және санаса алатын, өзінің инабаттылығы өзіне ұнайтын, дағдыға айналдырған адам. Бұл үлкендермен де, жасы кішілермен де, мәртебесі төмендермен де бірдей сыпайы адам», — деген болатын академик  Д.С. Лихачев. Ал Бернар Фонтенель:«Адам өміріндегі ең қажетті білім –  өзін-өзі тану» десе,  «Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі бағалауымен байланысты. Жалпы адам өз бойындағы адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық,Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады.

Міне, осы мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асуына қазіргі таңда мүмкіндік беретін тәрбиелеу жүзеге асатын «Өзін-өзі тану» бағдарламасы болып табылады. «Өзін-өзі тану» оқу пәні ретінде тұлғаның тиімді әлеуметтенуіне ықпал етеді, тұлғаның адамгершілік негіздерінің қалыптасуы, рухани өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауда негізгі рөлді орындауға бағытталған. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім берудің басты мақсаты — жас жеткіншек ұрпақтарды құндылық және адамгершілік идеалдарға баулу, оқушылардың өзін оңды қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылады.

Менің ойымша «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі оқушыларды рухани -адамгершілік тұрғыдан өз бетінше және саналы түрде дамуына, жағымды көңіл күйге енуіне әртүрлі мүмкіндік туғызуға, ойы мен эмоциясына, қарым-қатынасына, шығармашылық жұмыс жасауына, ән айту, әлеуметтік қызмет көрсетуіне бақылау жасай білуіне қолайлы жағдай тұғызу қажет.

Бұл бағдарламаны енгізудің нәтижесінде біздің оқу орнында да оқушылардың бойынан жақсы қасиеттерді және олардың жан  дүниесіндегі өзгерістерді байқадым. Оқушылардың өзін-өзітануы, эмоционалдық құндылықтар, олардың жасалуын көңілмен ұғуы, практикалық шынайы дүниені білдірудің, оны өзгерту мен қайта жасаудың жолдары мен іс-әрекеттерін меңгеруге мүмкіндік туды. Бүгінгі күн талабы  — болашақ маман бойындағы рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін жоғары қояды. Оған тек жас шыбықтай жайқалып өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың бойына шындық пен қайырымдылық, сенім мен сүйіспеншілік сияқты абзал қасиеттерді сіңіріп, табиғатпен, қоршаған ортамен өзара үйлесімдікті орнықтырған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз.

 

Жаратылысымызда мәңгілік ештеңе жоқ. Жер бетіндегі жалпы құбылыс үнемі өзгеріске ұшырап, қозғалысқа түсіп, ол мәңгілік жоғалып кетпесе де, бір күйден, екінші бір күйге ауысып отырады. Сол бір қиын-қыстау кезеңде елімізде өмір сүру, дүниені танып білу сезімінде мейірімсіздік пайда болып, бір-біріне деген сүйіспеншілігі кеми бастады. Мәселен, баланың ата-анасына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан, көптеген қариялар балалары бола тұра, қарттар үйін паналады. Ананың іштен шыққан нәрестесіне деген сүйіспеншілігінің жоғалуы салдарынан балалар үйі тастандыларға толды. Халқына, ағайын-жұртына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан кейбіреулер  дүние қоңыздыққа салынып, елден, ағайын-тумадан айрылды. Осының барлығы адам баласының, бір-біріне мейірім шапағатына деген сенім, сезімінің аздығынан болып отыр.

С.А.Назарбаева:Біз білім беру жүйесі арқылы қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғыртқымыз келеді.Сол арқылы әр адам өз бойындағы қабілеттерін толық жүзеге асырып, өз мемлекетімізге ғана емес, бүкіл адамзат игілігіне пайда келтіре алатындай болуы керек…

Баланың бойындағы қабілеттерін ашып, оның өз жан дүниесіне үңіліп, өз болашағына деген сенімін ояту, өзін-өзі құрметтеп, өз ар-ұжданымен өмір сүруі қандай маңызды десеңізші!  Мейірбандық пен Сүйіспеншілік жүректен жүрекке жетіп, әлемге шапағат нұрын төге берсін.

Қорыта келе, Абай бабамыздың:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға, — деген үмітін ақтай алсақ, бұл өмірге бекерге келмегендігіміз емес пе?

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *