Пішіндер еліне саяхат

Тақырыбы: Пішіндер еліне саяхат
Мақсат-міндеттері:
 Компьютердің мүмкіндіктерін пайдаланып, әр түрлі геометриялық пішіндерден түрлі фигуралар құрастыру арқылы балалардың танымдық деңгейлерін анықтау.
 Бүлдіршіндердің компьютермен жұмыс жасау қызығушылықтарын ояту, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
 Геометриялық фигураларды дұрыс сәйкестендіру және орынды орналастыру әрекеттері арқылы балалардың логикалық,шығармашылық, жылдам ойлау қабілеттерін дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің оқыту технологиясы:
Ақпараттық коммуникациялық технология, ойын
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің оқыту құралдары: Интерактивті тақта, компьютерлер, пішіндердің шаблондары.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративті, бақылау, практикалық , білім сапасын мониторингісін автоматтандыру.
Билингвальдық компонент: Компьютер-компьютер-komputer, тінтуір-мышь- mouse
Іс-әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс- әрекеті
Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық
«Шаттық шеңбер»:Балалар қолдарын ұстап бір-біріне ізгі сөздер айтып көңілдерін көтереді (Әдепті, ақылды, мейірімді, сабыр,әдепті ,білімді,самақты)

Іздену ұйымдастырушы Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз өте ғажап боладыдеп ойлаймын. Себебі, біз бүгін компьютердегі ойындар арқылы пішіндер әлеміне саяхатқа барамыз. Ендеше, балақайлар пішіндер әлеміне қош келдіңдер!
Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

-Жақсы, жарайсыңдар!
— Отырғыштың пішіні қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

-Бауырсақтың 1-ші терезесі қандай геометрилық пішінге ұқсайды?

-Ойын алаңынан неше дөңгелек көріп отырсыңдар?

Балалар,жарайсыңдар.Сендер пішіндерді дұрыс таптыңдар
Сергіту сәті
-Компьютер бөліктерін атаңдар.
-Енді алдымыздағы мониторға назар аударайық. Компьютердің тышқанының сол жақ батырмасын пайдалана отырып
”Мұз құпиясы” атты ойынын
Ойнайық.
-Ойынның шарты бойынша қаншалықты дұрыс құрастырсаңдар,түстерін ажырата білсеңдер.Компьютер сендерге автоматты түрде балл қойып отырады.
Көзге арналған жаттығу

Балалар, оқу іс-әрекетіне қызығушылық танытып, пішіндер әлеміне саяхатқа дайындалады.

-Отырғыштың пішіні тіктөртбұрышқа ұқсайды.

-Бауырсақтың бірінші терезесі үшбұрышқа ұқсайды

-Ойын алаңынан үш дөңгелек көріп отырмыз
Сергіту жаттығуын музыкамен интерактивтік тақтаның экранына қарап отырып жасайды

-монитор,пернелік тақтайша,тышқан
-Мониторға назар аударады.

«Мұз құпиясы» атты ойынды ойнауға дайындалады.

-Ойынның шартын түсініп алғасын іске кіріседі.
Балалар музыкамен жаттығуды ережеге сай мұғаліммен бірге жасайды.
Рефлексивті жинақтау кезеңі
-Ойынның шартында ненің суретін құрастырдыңдар?
-Өздеріңе таныс қандай геометриялық пішіндерді пайдаландыңдар?
-Пішіндерді реттеу кезінде тышқанның қай батырмасын пайдаландыңдар?
-Өте жақсы, балалар. Сендер геометриялық пішіндерді жақсы біледі екенсіңдер.Балықты,ұлуды,
бақаны тез құрастырдыңдар. Жақсы ұпай жинадыңдар.
Пішіндерді жақсы ажырату арқылы ойындардың шарттарын тез әрі дұрыс орындадыңдар.
Саяхатымыз тамаша болды. Талаптарың таудай болсын!
Балалар мадақталады.
-Балық,ұлу,бақа суреттерін құрастырдық.
-Үшбұрыш,дөңгелек,тіктөртбұрыш және т.б.
-Пішіндерді реттеу кезінде тышқанның сол жақ батырмасын пайдаландық.

Саяхаттан алған әсерлерін айтып,қызықтарымен бөліседі.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Геометриялық пішіндерді, түстерді ажырата біледі.Компьютердегі ойынның атауларын атай алады.
Қандай түсініктерді игерді:Пішіндердің әртүрлі ал,заттардың пішіндерге ұқсас болатынын
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз беттерімен іс-әрекет жасауды.Компьютермен дұрыс жұмыс істеуді.
Компьютердің қайда қолдануы туралы суретке қарап әңгімелеу.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *