ПІКІР-АЛМАСУ «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖІГЕР»

Касымова Дариға

№16 колледж  психологы

 

№16 КОЛЛЕДЖ МКҚК

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

 


                                                                                                      «БЕКІТЕМІН»

ДТЖЖ орынбасары

_________________ Г.Шертаева

«____» _____________2019 ж

 

 

                                                                                                                                                             

 

 

ПІКІР-АЛМАСУ

 

 «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖІГЕР»

 

 

Ф-06-П-01/171

 

 

 

 

 

Данасы:________________________________________________

 

Енгізілген мерзімі:_______________________________________

 

Пайдалану мерзімі:______________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызмет бабында пайдаланылатын басылым

 

Шардара

 

АЛҒЫ СӨЗ

 

1 Әзірлеген: психолог       ………………………………………………………………………………..Д.Касимова

 

2 Бірінші рет енгізілді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы тәрбие сағатын №16 колледждің рұқсатынсыз толық  немесе жартылай қайталауға, көбейтуге және таратуға болмайды

МАЗМҰНЫ

 

1 Мақсаты ……………………………………………………………………………………………………………..         4

2 Көрнекілігі…………………………………………………………………………………………………………..         4

3 Өткізу әдісі………………………………………………………………………………………………………….         4

4 Сабақтың барысы…………………………………………………………………………………………………     4-10

5 Қорытынды……………………………………………………………………………………………………………   10-11

6 Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………………………………………………     11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 МАҚСАТЫ

 

Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін студенттерге түсіндіру.  Құқықтық тәрбиенің жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу.

 

МІНДЕТТЕРІ

— «Ісін өндіре алмаған қырсыз бала ,қырсығын әкесінен іздейді.»
— «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»
— «Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.»
— «Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.»
— «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер»

 

2 КӨРНЕКІЛІГІ интерактивті тақта

 

3 ӨТКІЗУ ӘДІСІ   пікіралмасу

 

4 САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

 

«Тәртіпсіз ел болмайды , тәртіпке бас иген құл болмайды.»
Б.Момышұлы

 Республикада жүргізіліп жатқан саяси экономикалық және рухани әлеуметтік өзгерістер адамдар мен құқық арсындағы байланыстарды реттей алмай отыр. Қылмыс шексіз өсуде, қоғам және жеке адамардың меншігін ұрлау, тәртіп бұзушылық , адам өлтірушілік, және т.б. етек алуда. Қабылданған заңдар мен қаулы, қарарлар көп жағдайда орындалмайды.Бұған себеп , қоғамымызда қажетті деңгейде құқықтық сана мен жігердің жетіспеушілігінен болып отырғаны анық.

  1. Қоғам дегеніміз не?
    2. Құқықтық тәрбие дегеніміз не?
    3. Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты
    4. Жастар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алудың жолдары
    5. Құқықтық тәрбие негізі отбасынан басталады

Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі–құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзат сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана – сезімімен, күнделікті мінез – құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс – жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте кұкықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс.

Балалардың мінезі – құлқының номадан – шамадан ауытқуын түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы жағдайы болып есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман – жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да балалардың өнеге алып үлгі тұтары  – ең алдымен өздерінің ата – аналары.

А.С.Макаренко сөзімен айтқанда: «Тәлім – тәрбие, кең түрде алғанда әлеуметтік процесс. Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата – аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады» деген екен. Олай болса, құқытық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан – жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмыс табысты жүргізіледі деу қиын. Соның нәтижесінде балалардың мінезіндегі кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы, түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтін даусыз мәселе.

Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам – өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қағамды анықтайтын өлшемді табу қажет.

«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихи және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл – әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан тұратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.

Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп – бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Бірінщісі, қоғам – адамның адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, пратия, кәсіподақ,, т.б.). Демек, қоғам – ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.

Әлеуметтік топтар, қатынастар

Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.

Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктермен сипатталады;

  1. Қоғамға қажеттіқатынас түрлері болады;
    2. Субькті (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;
    3. Қоғамның обьективті сипты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келеме жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.

Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) – адамдардың рухани – мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыстарының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар…

Қоғам және Саясат

Қоғам және Саясат – саяси ғылым мен басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің өзара диалектикалық байланысын білдіретін ұғымдар. Қоғам – қатынастардың және адамдар арасындағы өзара байланыстардың тұтас жүйесі. Оның құрамдас бөліктері болып күрделі ұйымдасқан әлеуметтік жүйелер немесе қоғамдық өмірдің мына салалары болып табылады: экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани. Саясат жалпы қоғам шеңберінде қоғам өмірінің әртүрлі салаларында адамдардың өзара әрекеттесуін реттеуді жүзеге асырады.

Түрлері

Бос уақыт қоғамы

Бос уақыт қоғамы – еңбек өзінің бұрынғы мәнінен айырылатын қоғам концепциясы. Осындай қоғамдарда жалдамалы еңбектің ең аз көлемі бұрын еңбек ие болған мәнге жеткен бос уақытқа мүдделікке әкеледі деген.

Молшылық қоғамы

Молшылық қоғамы – 50 жж. аяғында базистік экономикалық дефицит және қамтамасыздандырылғандық негізінен женілген, бірақ жеке байлық «жалпыға ортақ босандықпен» (мысалы, автомобильдер шамадан көп өндірілді, бірақ жолдарды жөндеу және қоршаған ортаны ластауды бақылауға көңіл бөлінді) қатар жүрген және капитализмнің ауытқуларынан зардап шеккен тұлғалар жеткілікті қамтамасыз етілген кездегі американдық қоғамға берілген баға.

Тәуекел қоғамы

Тәуекел қоғамы – қазіргі қоғамның жайы туралы тұжырымдама; оған сәйкес қоғамға әрқашан адамзат білімінің өсуі мен қоршаған орта әсерін көрсететін «сенімсіздіктен жасанды пайда болған» деп сипаттама беріледі (мысалы, ядролық соғыс, экологиялық апат себептері бойынша).

Құқықтық тәрбие дегеніміз не?

Құқықтық тәрбие дегеніміз  — бұл

Құқықтық білім беру – адамның құқытық санасын қалыптастыру мақсатында орвндалатын құқытық тәрбиенің негізгі ықпалы етуші әдісі. Нақты айтсақ, құқытық білім беру арқылы жасөспірім құқыты ұғынады және оның санасы қалыптасады, дамиды.құқықы ұғыну мен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру – құқытық сананың негізгі белгілері. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім-тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады. Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: қоғамдық тәртіпті; заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т.б.. Құқытық мәдениеті дамыған тұлға-құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады.

Құқытық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқытарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретуге болады.

А.С.Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпаған жөн.

Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларды құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқытық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу. Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады.

Құқытық тәрбиені жүзеге асыруда қойылатын талаптар қандай?

— Әрине бұл Заңдарды білу

Бала мен ата-ананың құқытары мен міндеттері белгіленген заңдар – бұл

  1. Бала құқығының Декларациясы
    2. ҚР бала құқытары туралы Заңы
    3. ҚР Конституциясы
    4. Білім туралы Заң
    5. Неке және отбасы туралы Заң
    6. Балалар құқығының Конвенциясы
    7. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі

Адамның құқытық мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез – құлық, жүріс – тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды. Дегенемен қоғам болашағын құқытық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда аға ұрпақ тәжірибесі мен қарым – қатынасынан негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі  мәселесін педагогикалық ғылымы мазмұнда қарастырғанымыз жөн. Жастарға құқықтық тәрбие беру жөніндегі билер өнегесінің маңызы зор. Әсіресе бүгінгі таңда жастар арасында өріс алған қылмыс пен бұзаұылыққа тұсау болар құқықтық тәрбиені күшейту үшін, сан ғасырлық тарихы бар билер тәлім тәрбиесін оқу – тәрбие ісіне қолданудың нәтижесі зор болары сөзсіз.

Қоғамда өмір сүрген әрбір жастар сол қоғамның іс – әрекеті, межелері, мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады. Заңдарды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Әрине, қоғам өмірінде қабылданаған заңдардан хабардар болу құқықтық ұғынудың жоғары деңгейі. Адамның құқытық мәдениеті мектеп жасынан бастап қалыптасатынына көз жеткізу қиын емес. Осыған қарамай оқушылардың біраз бөлігі қылмысқа тартылудың шектелуі жас кездері бар екенін біле бермейді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар – ұятына жүгінеді. Оқушы өзінінң айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі оның көбіне көп құқытық тәрбиенің бұзылуына әкеп соғады.

Балалардың ата – аналары қонақта болады немесе өздері қонақ шақырады. Осының бәрі ішімдіксіз өтпейді, дастарханға ішімдікті самсатып қояды. Ал, жастардың қайсысы болмасын ересектерге еліктейді. Өздерін  ересектерше ұстайды, ересектерше әрекет жасауды қалайды. Ең қауіптісі сол – бала көргенін істеп, ішімдікке бой бұрады.

Ата – аналар және тағы басқа да ішімдікке салынған  адамдардың отбасында күнде жан-жал, төбелес болғандықтан балаларды дұрыс тәрбиелеу мен оқытуға ешқандай жағдай болмайды. Керісінше, мұндай бүлінген отбасында балалардың өздері ішімдікпен әуес бола бастайды. Екіншіден, отбасының ынтымағының бұзылуы да сол отбасындағы жасөспірімнің мектептен қол үзіп, нашар оқуына, тура жолдан ауытқуына әсерін тигізеді.

Осындай балалар қоғамдық жұмыстарға да қатыспайды. Ешбір өнергеде қызықпайды. Бос уақыттарын қызықты өткіуді білмейді. Шындығына келгенде, бұлар қоғамдық өмірден тысқара қалған адамдар болып саналады. Демек, мұндай ата-аналар өз балаларын өнер-білімге, еңбекке баулуда мектепке көмек бере алмайды.

Оқушыларға құқытық тәрбие беруде олардың құқықтық сана сезімін бірінші кезекте қалыптсаудың маңызы зор дедік. Себебі, құқықтық сана – қоғамдық сананың ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілікке сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайту – мектептегі оқу – тәрбие жұмыстарының  негізгі бір бағыты.

Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1-сыныптан бастап, белгілі бір жүйелікпен ұйымдастырылған түрде оқушының оқуды бітіргенге дейінгі аралығында жүргізуі қажет. Ол үшін, Қазақстан Республикасының Ата Заңының «Адам және азамат» деп аталатын ІІ бөліміне енгізілген  тәуелсіз еліміздің азаматтарының құқытары мен міндеттері жайында баяндалған І – бапта «Менің Отаным Қазақстан Республикасы. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқытары мен бостандығы» деген жолдардан бастап, 1995 жылы 30 тамызда Бүкіл халықтық референдумда қабылданып, 1995 жылы 5 қыркүйектн күшіне енген Ата Заңның – Конституциясының мазмұныменәрі ондағы құқытық ұғымдарды таныстырудан, түсіндіруден бастаған жөн. Себебі, құқық әрбір адамның туғаннан, өлгенге дейін қоғамдағы жүріс – тұрысын, мінез – құлқын, адамдармен, жалпы тіршілік ету ортасымен қарым – қатынасын реттейді.

Қазақстан Республикасының Конститутциясында – Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының І – бабында: «Қазақстан Республткасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», — деп баян етілген.

Азаматтық қоғам мен құқытық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқытық білімін жетілдіру, құқытық мәдениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – адам құқығының мәдениеті. Адам құқықтары туралы ақпаратпен жүйелі қамтамасыз етудің қажеттілігі маңызды екенін ескерсек, онда бұл салада адам құқығы мәдениетін қалыптастыруда маңызды құралдың бірі – білім беру ұжымдары десек қателеспейміз.

«Адам құқығы туралы айтқан кезде бүгін біз адам мен мемлекеттің арасындағы өзара қатынасын айтамыз», — дейді М.Новицкий. Заңгер ғалымдарымыз: «Адам құқығы – адам мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, өзі заң арқылы қорғалатын болуы мүмкін іс-әрекеттің (мінез-құлықтың) өлшемі (шамасы)» — деп анықтама берген. Адамның құқықтары мен бостандықтары табиғи және оған тумысынан берілген, ажырамайтын, табиғи ретінде танылады және ең жоғары әлеуміттік құндылық болып табылады. Адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау мемлекет функцияларының бірі.

Тұлға мен мемлекеттің қарым – қатынасы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам концепсиясына сәйкес дамуда. Мемлекет пен адам құқығының арасындағы өзара байланыстылығы және өзара негізділігі құқықтық мемлекеттің басты мақсатта адам және азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету болып табылатындығын көруге болады.

Қоғам тәртіпке негізделіп, қалыптасып, өмір сүреді. Қоғамдағы тәртіп түрлі әлеуметтік нормалардың, адамдардың мінез – құлқын реттейтін қағидалардың әсерімен, яғни күшімен орнатылады. Құқытық нормаларды қолдану нәтижесінде құқықтық тәртіп орнығатыны, ал құқытық нормалар негізінен заңнан нәр алып белгілі құқықтар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Еліміздің заңдарын сақтау, оған мойынсыну-жауапкершілікті, түсінікті, заңдарды білуді және соған сәйкес мінез-құлық пен іс-әрекеттерді үйлестіруді талап етеді.

Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі таңда барлық дейгейдегі шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлері, ұстаздар мен ата-аналар, азаматтар да түсінуде. Құқық бұзушылық жөнінде «Құқық бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы  әрекеті немесе әрекетсізддігі», — деп көрсетілген. Қоғамда тәртіп орнамаса, ол құлдырайды, яғни  келешегі болмайды. Бұл бәрімізге белгілі және оны жақсы түсінеміз. Дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да кездеседі және бұл – құқық бұзушылықтың орны алуын әкеп соқтырады, сондақтан құқық бұзушылық – қоғам өміріне тән қауіпті дерт. Құқық бұзушылықтың себептеріне қатысты ықылым заманнан осы күнге дейін әр түрлі пікірлер айтылып келеді. Солардың ішінде құқытық нормаларды бұзуына ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқауға болады.

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қоастын, атсалысатын субъектілердің бірі – оқу орындары болып табылады. Оқу орында жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық, құқықтық, мәдени, шығармашылық т.б. қасиеттерін дамыту және қалыптастыру процесі жүзеге асырылады. Бұл ұжым мүшелеріне үлкен жауапкершілік пен міндет жүктейді.

Құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде – өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру, оның мақсаты – міндеттерін дұрыс түсіндірудің маңызы ерекше. Құқықтық тәрбие беру жан-жақты тәрбиелеудің маңызды бір саласы. «Құқықтық тәрбие мақсаты – оқушыларды құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет – қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу», — деп анылқталған.

Қазіргі «Білім туралы» Заңның талаптарын орындау әәлі де көптеген экономикалық – материалдық, құқықтық – нормативтік базасын нығайтуды, құқықтық тәрбиені шығармашылықпен ұйымдастыруды, жаңа технологияларды тәрбие жұмысында кеңінен қолдануды, шеңберлікті қажет етеді. Сондықтан мұғалім жаңа заңдылықтармен танысып, оны жұмыс барысында басшылыққа алып пайдалануды, оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды, тиімді, мақсатты қолдану жолдарын, тәрбиенің әдістерін, түрлі формаларын біліп, жаңа технологияларды кеңінен қолданғаны жөн. Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымысз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.

Оқу орны мен отбасында балалар әлеуметтік іс-әрекеттің алғашқы дағдыларын қалыптастырып адамгершілік, әдеп, заңды, мінез-құлық, орынды әрекет-қылық, құқықтық нормаларды меңгере бастайды. Әлеуметтік нормалардың негізгі маңызды түрі болып табылатын әдептік нормалардың құқықтық сипаты болмағанымен, оның ережелеріне сусындар өскен бала әрине қоғамға зиян келтірмейді, керісінше, өмірдегі өзінің орнын тауып, елжанды, саналы азамат болып қалыптасады. Әдептік нормалар  құқықтық нормаларға негіз, арқау болып, белгілі бір дәрежеде адамның ар-ұятын, намысын қалыптастыруға, қоғамдық тәптіпті сақтауға ұйытқы болады. «Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәп алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептік нормалар арқауболса, соғұрлым заңдардың әділеттік, адамгершілік мәні жоғары болады».

Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дамытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау  -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендігі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.

Құқытың тәрбие негізі отбасынан басталады. Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін отбасылар бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тәрбиеленген бала өзімшіл болады, қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады.

Ауыл жастарының арасында құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда олқылықтар бар. Жастар арасындағы насихат пен құқықтың тәрбие мәселесі жөнінде жоғары ұйымдары тарапынан белгіленген шаралар жүзеге асырылып, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажет. Құқықтың тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді. Оқушыға өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі оның көбіне көп құқықтың тәрбиені бұзуына әкеліп соқтырады.

Оқушылардың мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершілігі, дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлілігі мен батылдығы қалыптасады.

  Ой толғау. «Көзбен қоштасу» жаттығуы

 

Барлығымыз шеңбер бойымен тұрып бір-біріміздің қолымыздан ұстаймыз. Тынышталамыз. Өзімізге жағымды бір тілек ойлаймыз.

Енді ойша бір-бірімізге жақсы тілек жолдаймыз және көзбен қоштасамыз.

                                                                               

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

Студенттер өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершіліктің дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлілігі мен батылдығы қалыптасады.

Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау да енеді. Тұлғаның осы сапалы болашақ еңбек қоғамы азаматының құқықтық мәдениет болмай қоғам алдындағы міндеттерді орындап шешу мүмкін емес.

Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады. Біріншісі кең мәнде. Бұд құқықтық межелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды. Екіншісі, тұлғалық, педагогикалық және психологиялық мәніне қарау.

Құқықтық мәдениеттің тұлғалық мәнінде – бұл тұлғаның күрделі, кешенді қасиеттері. Негізінен тұлғаның құқытың мазмұны бар әрекеттер мен қылықтарының орынды бағытын анықтайды.

Адамның құқықтық мәдениеті – күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда көптеген сұрақтар туындайды. Шындығына келсек, бұл сұрақтарға педагогика, психология, социология, медицина, заң т.б. ғылымдар әлі толық жауап бере алмай отыр.

Дегенмен, қоғам болашағының құқытық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда аға ұрпақ іс-тәжірибесі мен қарым-қатынасты тәжірибесін негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық мәселесін педагогика ғылымы мазмұнында қарастырғанымыз жөн.

Қоғамда өмірсүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс-әрекеті, межелер, мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, сезінбей ме, бұл оның еркінен тыс жүреді. Қоршаға ортаның өмір талаптарынан қоғамның еш жерінде жасырынып қалуға болмайды.

Өкінішке орай, күнделікті күйбең тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-ожданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап, сатып жүргендер де аз емес. Осының өзі мектептің алдына жас ұрпақтың шынайы құқықтық тәрбиесін зор міндет етіп қойып отыр.

Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Демократияны жетілдіру мемлекеттің және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет жәнге қоғам өмірінің құқықтық негізін бекітуге процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді

–    Заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
–    Заңның орындалуын бекіту;
–    Қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халық қатынасуы қажет;
–    Жеке адамның, бүкіл жұртшылықтың мәдениетін көтеру,
–    Заң қызметкерлерінің сөз бен ісінің бірлігі, тұлғасының кіршіксіз таза болуы.

Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойында болу қажеттігі шығады. Қоғамның қандай қоғам екендігіне баға беру көп жағдайда адам тұлғасының құқықтық мәдениетінің деңгейімен айқындалады

 

6 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 2008 жыл
    2. Г.Искакова, Н.Газизова, А.Сембаева, Қазақстан Республикасындағы адам құқығы, оқу құралы, Астана, 2008ж, 9 бет
    3. Ғ.Сапарғаллиев, А.Ибраева, «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 2007ж, 198 бет
    4. Ғ.Сапарғаллиев, А.Ибраева, «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 2007ж, 181бет
    5. Бабаев С., Оңалбек Ж. «Жалпы педагогика», Алматы, 2005ж, 163-бет
    6. Ғ.Сапарғаллиев, А.Ибраева, «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 2007ж, 197 бет

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *