“Пысықтау” Жарыс сабақ

Турабаева Айткуль Төлембайқызы

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік: екі таңбалы, үш таңбалы сандарды бір, екі таңбалы санға бөле білуге, амалдарды дұрыс орындауға,   бірдей уақыт өлшеміне өрнектей білуге үйрету.

 

Дамытушылық: өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету, бірлесіп, ұжым болып, жұмыс жасауға дағдыландыру, ой-өрісін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту.

 

Тәрбиелік:мейірімділікке,қайырымдылыққа,кішіпейілділікке,дос-тыққа тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі: жарыс сабақ «Білімді достар»

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,топпен жұмыс

Көрнекілігі:интерактивті тақта,фигуралар,нақыл сөздер.

 

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

Кіріспе сөз: Балалар,бүгінгі жарыс сабақ өткізілудің мақсаты-сендердің математикалық білімдеріңді ортаға салып,логикалық қабілеттеріңді анықтап,шығармашылық белсенділіктеріңді арттыру болып отыр.Бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді.Оқушылар «Білімділер»,»Ойшылдар» болып екі топқа бөлінеді.

 

Сайыстың жоспары:

 

1.Таныстыру.

  1. «Кім тапқыр?» (Бірдей уақыт өлшеміне өрнекте және амалдарды орында)
  2. «Кім жылдам?» (Фигура құрастыру)
  3. «Сын сағаты»  (Жағдаятты сұрақтар)
  4. «Ұшқыр ой»  (Сұраққа жауап)
  5. «Кім көп біледі?» (сан есімі бар мақал айту)
  6. «Білгенге маржан» (Логикалық сұрақтар)

 

1-тапсырма:  Таныстыру

 

«Білімділер» тобы

 

Ұраны: «Білімдіге дүние –жарық,білімсіздің күні-қаріп»

Бір сыныпта оқимыз,

Достық сөзі әрқашанда дәрі бізге,

Жарысуға сендермен келіп тұрмыз,

Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.

 

«Ойшылдар» тобы

 

Ұраны: «Оқу-білім азығы,білім-ырыс қазығы»

Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп,

Ойламаңдар қорқып бізді қашар деп,

Біз дайынбыз жарысуға достарым

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

 

2-тапсырма: «Кім тапқыр?»Бірдей уақыт өлшеміне өрнекте және амалдарды орында

 

«Білімділер»  тобына:

 

4сағ 5 мин + 34 мин =        мин

 

6сағ 30 мин + 3сағ5мин=        мин

 

50 мин  х  4 =      мин

 

360 с: 4 =       с

 

«Ойшылдар»  тобына:

 

5 сағ 30мин — 90 мин =       мин

 

90 с + 1 мин 30 с=        с

 

3 мин 20 с : 4 =        с

 

40 с х  2=        с

 

3-тапсырма: «Кім жылдам?»

Екі топқа геометриялық фигуралар беріледі,сол фигуралардан бейне жасау.

 

 

 

                            4-тапсырма: «Сын сағаты»

 

«Білімділер» тобына: Сабақта 2 алып қалдыңдар.Оған ата-анаң қатты ренжіді. Сол ренішті қалай өтер едіңдер?

 

«Ойшылдар» тобына Мектепке жаңа доп алып келдің.Ойнап жүріп, досың добыңды жарып алды.Не істейсің?Үйдегілерге не айтасың?

 

Сергіту сәті:  Музыка тыңдау.

 

 

 

 

5-тапсырма: «Ұшқыр ой». Әр топқа сұрақтар қойылады.

 

«Білімділер» тобына

 

  1. Бөлу компоненттерін ата.
  2. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін айт.(а х в х с),(в х а х с)
  3. Ауданы 16м шаршының қабырғасы нешеге тең?
  4. 2-нің кубы нешеге тең ?
  5. 1ғасырда неше жыл бар?
  6. Фигураның ауданын қалай табамыз ?
  7. Уақыт өлшемдерін ата.
  8. Тіктөртбұрышты параллелипедтің көлемін қалай табамыз ?
  9. 1-см-дің жартысы қанша мм?
  10. Атайдың жасы ең кіші әртүрлі үш таңбалы саннан тұрады. Атай нешеде?

 

 

«Ойшылдар» тобына

 

  1. Көбейтудің компоненттерін ата.
  2. Текшенің көлемін қалай табамыз?
  3. Фигураның периметрін қалай табамыз?
  4. 3- тің кубы нешеге тең?
  5. 1 тәулікте неше сағат бар?
  6. Жарты ғасыр —    жыл.
  7. Минуттың 1/3 бөлігі — с.
  8. 40 с х 2= с.
  9. 60:9 қалдығы қанша?
  10. 4 баланың саусағы нешеу?

 

 

 

6- тапсырма: «Кім көп біледі?»  Сан есімі бар мақалдар айту.

Жанкүйерлер де айтуға болады. Өз топтарына ұпай                        қосылады.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

 

 

7- тапсырма: «Білгенге маржан» Логикалық есептер шығару.

 

«Білімділер» тобына

  1. 1 бала қалаға бара жатыр еді, жолда 3 танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?
  2. 2 адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады?
  3. 5 жыл бұрын Ержан 3 жаста болған. Қазір неше жаста?

 

«Ойшылдар» тобына

  1. Ауладағы тауықтардың 10 аяғы бар. Аулада неше тауық жүр?
  2. Қандай қар тез ериді? Таза ма, лас па?
  3. Көше бойымен 2 әкесі және 2 баласы келе жатыр. Көше бойымен барлығы неше адам келе жатыр?

 

Мұғалім: «Ақыл көпке жеткізеді, өнер көкке жеткізеді» — демекші, оқушылардың білімдерін саралап, өнерлерін көрдіңіздер.

Жарыс заңы ежелден –

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріліп, жеңімпаздар анықталып, мақтау қағазымен марапатталады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *