Поездбен орманға саяхат

Білім беру саласы: Таным
Тақырыбы: «Поездбен орманға саяхат»
Мақсаты:Ойын арқылы геометриялық пішіндерді( үшбұрыш,дөңгелек,төрт бұрыш)Кеңістікті бағдарлау, түстерді ажыратуды,(көк, қызыл, жасыл), заттарды салыстыруды ,биік-аласа,бір-көп ұғымдарын айыра білуді бекіту.Балалардың тілдік қорын жетілдіру ,аңғарымдылыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң Алтын күн
Қайырлы таң Көк аспан
Қайырлы таң Жер -ана
Қайырлы таң Достарым
Тәрбиеші :Балалар көңіл күйлеріңіз қалай
Балалар: жақсы
Тәрбиеші:балалар бүгін мен сіздермен орманға саяхат жасаймын . Орманның алыста екенін түсіндіреді.
Тәрбиеші: Орманға жету үшін мына пойызға отырайық, -деп шақырады.
Балалардың «Вагондарға»-тізбектелген орындықтарға жайғасуын сұрайды . Қуана келісіп вагондарға отырады .
Ал парабоз бастайды,
Ән айтып біз қостайық.
Пыш-пыш, пух-пух
Пойызд әні қойылады .
«Көңілді пойыздан» түсіп орманда қыдырады .
Тәрбиеші : Балалар орманда нелер өсіп тұр ?
Балалар: шыршалар
Тәрбиеші:Қәне , қарайық , қанша шырша ?
Балалар: Көп шырша
Балалар мұқият назар аударыңыздар, мына шырша қандай?
Балалар:биік
Тәрбиеші:Ал,мына шырша
Балалар: аласа
Тәрбиеші: дұрыс айтасыздар, мына шырша биік, мына шырша аласа.
Тәрбиеші: шыршаның түбінде тығылып отырған қоянды көріп таңданған кейіп танытады Балалар қараңдаршы мына тығылып отырған аңды танисыңдар ма? Деп қоянды балаларға көрсетеді Балалар қоянды көріп таңданады .
Тәрбиеші: балалар қоян тоңып қалған сияқты біз қоянға үйшік жасап берейік.
Пішіндерден үйшік жасайды .
Қоян: рахмет балалар енді мен тоңбайтын болдым.
Тәрбиеші:Балалар қоянмен бірге секіріп көңіл көтерейік .Балалар қоянмен бірге жеңіл секіреді .
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Тастан- тасқа секірді.
Тәрбиеші :қараңдаршы балалар мынау қандай аң Аю
Аю : Мен аюмын қорбаңбай,
Қимылдаймын қорбаңдай
Омартаны көргенде
Бас қоямын ойланбай
Аю:Салеметсіңдер ме балалар?
Саламатсыза .
Тәрбиеші: кәне аюға арнап тақпақ айтып берейік.
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп аламыз
Қалтамызға саламыз
Қалтамызға симас
Аузымызға саламыз
Аю: жарайсыңдар балалар менімен ойын ойын ойнағыларың келеме
Олайболса мына алмаларды қызыл алманы қызыл шелекке ,көк алманы көк шелекке салыңдар Балалар аюға бал силайды.
Аю рахмен ақылды балалар екенсіңдер қошсау болыңдар
Тәрбиеші: балалар енді қайтуымыз керек .Бізді балабақшамыздағы ,достарымыз күтіп отыр .Кәне вагонымызға отырайық .орындыққа отырады.
Қорытынды:
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Биік-аласа, көп- біреу,геометриялық пішіндер туралы ұғымды біледі.
Игерді:ойын тапсырмалар арқылы игерді.
заттардың өзгерістерін аңғарып , байқай білуді меңгеді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *