Педагогтің тұлғалық бағдары — рухани жаңғыру

Сапарбаева Айнура Станбековна

 

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Жаңатұрмыс ауылы, №29 Жаңатұрмыс орта мектебі. 87785401707, mbajgaspakova@mail.ru

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас  ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп, атап көрсеткен болатын еліміздің басшысы   Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның үшеуі жалпы орта білім беру жүйесіне қатысты.

89-қадамында «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру туралы айтылады. Мектепте білім берудің қолданысындағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу міндетті болып табылады.

Педагогтардың әлеуметтік және кәсіби позицяларының нақты болуы — педагогикалық мамандыққа қойылатын маңызды талаптардың бірі. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру міндеттері, әдетте, әр мұғалімге қойылатын талаптардың өсуімен және білім сапасын дамытудағы нәтижесіне байланысты.

Елбасымыздың қанатты сөздерінің бірінде былай деп жазылған: «Менің арманым – Қазақстанның  Мәңгілік ел болуы». Заман өтеді, адамдар өтеді, бірақ Тәуелсіздік қалады.

Тағы бір атап өтетін жайт, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың қаңтар айындағы Жолдауында: «Бүгінгі әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде. Біз жаһандық өзгерістер мен сын қатерлерге дайын  болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан – 2050» даму стратегиясын қабылдадық. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде».

Сондай-ақ, Елбасымыз алдымызда жүзеге асыратын 10 негізгі міндетті атап өтті. Онда былай делінген: «Аталған міндеттің жетіншісі — Адами капиталдың жаңа сапасы. Адами капитал – жаңғыру негізі. Білім беру жүйесінің барлық деңгейі заман шындығы мен экономика сұраныстарына жауап беруі тиіс. Бұл арада мұғалім мамандығының беделін арттырылуы – негізгі мәселенің бірі болып отыр. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту. Қазақстандықтардың болашағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін  еркін меңгеруінде. Келешекте  білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет. Білікті маман елдің тірегі. Қазіргідей бәсекелестік дамыған заманда еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды меңгеру кәсіби жетілу – уақыттың талабы екендігі тағы бір рет дәлелдеді».

Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістер сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту – сапалы білім жарқын болашаққа негізделіп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдістермен ұштастыру болып табылады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. 2017 жылы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселені назардан тыс қалдырған жоқ. Ең алдымен білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын  оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға негіздей отырып құру қажет – деген жолдар соның дәлелі. Білім мазмұнын жаңарту не үшін қажет?  Білім беру жүйесіне өзгерістер енгізуге қажетті факторлар айтатын болсам:

  • Әлем стандартына сай білім беру;
  • Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу;
  • Табысты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;
  • Әлем азаматын тәрбиелеу;
  • Функционалдық сауаттылықты арттыру;
  • Тәжірибелік дағдыларды дамыту;
  • Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Қазіргі жаһандандыру заманында «ХХІ ғасырдың азаматтарының бойында қандай білік-дағды қалыптастыру керек?» деген сұрақ негізгі мәселеге айналып отыр. Ал оны қалыптастыратын бірден-бір жауапты адам – бастауыш сынып мұғалімі. Бастауыш сынып мұғалімдерінің көтерер жүгі жеңіл емес… Олар балалар  мен  үлкендер  әлемінің  арасындағы  сарапшы, ерекше  тұлғалар. Әр  ұстаз  шығармашылықпен  жұмыс істеп, білім деңгейін  үнемі  жоғарылатып  отыруы  қажет. Сонда  ғана  оқушылар әрбір  пәннің  мазмұнын меңгеріп, олардың  пәнге  деген  қызығушылығы арта  түседі,  өз бетінше  оқып  үйренуге  дағдыланады. Нағыз  ұстаз баланы  жеке  тұлға деп  танып, оның  пікірімен әрқашан санасады,  оны белестен белеске, асудан асуға  жетелейді, биік шыңдарды  бағындыруға жігерлендіреді. Ұстаз — шәкіртін ынталандыра отырып, оның бойына жүректілікті, кішіпейілділікті, намысшылдықты, өз еліне адал қызмет етуді, еңбекқорлықты, жалпы айтқанда, адамгершілік пен патриоттық қасиеттерін дарытуда орасан еңбек етуші тұлға. Сондықтан да «Жастар-біздің  басты  капиталымыз» біздің бет-бейнеміз  екені  сөзсіз. Бұл кезекте жаңартылған білім мазмұны бағдарламасының ерекшеліктерін жете түсініп, меңгерген бастауыш сынып мұғалімі болашаққа бағдарланған оқушы тұлғасын дұрыс қалыптасуына өз үлесін қосатыны сөзсіз.

Біз жылдан- жылға жаңарып келеміз.Бүгінгі  мұғалім  еңбегінің  нәтижелері  қандай  болса, біздің  ертеңгі  қоғамымыз дәл сондай  болмақ.   Педагогикалық бағыттылық негізі мұғалім мамандығына қызығушылық болып табылады. Оның өзі балаға, ата – анаға, педагогикалық іс әрекетке дұрыс қатынасынан көрінеді. Педагогикалық атағының педагогикалық қызығушылықтан айырмашылығы ол педагогикалық іске деген қабілеттілік.  Нағыз педагог ең алдымен шығармашыл және кәсіби ойлайтын адам екені анық. Бақытты педагог қана оқушыларын бақытқа кенелтіп,тек мейірімді мұғалім ғана, оқушыға мейірім дәнін сеуіп, өзін-өзі дамыта алатын педагог оқушыларын өзін-өзі дамытуға ынталандырмақ. Сондықтан біз, педагогикалық борыш пен жауапкершілікті жадымызда  ұстап,  оқушыларымыз күткендей мұғалім болу-міндетіміз. Жеке тұлғаның танымдық бағыттылық деңгейінің негізі рухани мәдени қажеттіліктер мен білімге  деген  қызығушылықта. Шәкірт тұлғасының танымдық қызығушылығының негізгі факторларының бірі-өз пәніне деген қызығушылық. Қазіргі мұғалім ғылымның әр түрлі саласынан хабардар болуы ,өз пәнін жақсы меңгеруі, әлеуметтік – экономикалық, өндірістік, мәдени міндеттерді шешу мүмкіндіктерін жетік меңгеріп, сонымен қатар жаңа зерттеулерді, болжамдарды біліп ғылымның жақын және алыс перспективаларын  білуі керек. Мұғалімнің танымдық бағыттылығының бірі ғылыми педагогикалық ойлау мәдениеті. Тақырыптық жоспар , сабақ жоспарын жасағанда оқытушы тек өзінің жұмысын ғана емес, оқушылардың іс-әрекетінің сол пәнге деген жеке көз қарасы, білім деңгейін, қызығу мен қабілетін ескеріп отыру қажет. Оқушылардың алуан түрлі іс-әрекеттерін жобалаған кезде, оқытушы ұжымдық және жекелік шешім қабылдау үшін, жан – жақты міндеттер мен тапсырмаларды жас ерекшеліктерін  ескеріп, репродуктивті проблемаларды баяндау, шығармашылық, оқытушылық, дамытушылық және жаттықтырушы жақтарын ескеріп, проблемалы түсіндіру, эвристикалық әңгіме жүргізе білу, дискуссиялық жағдай жасай алу, интелектуалды-шығармашыл ахуал жасау, зерттеушілік қызметін ұйымдастыра білу-баланың функцианалды сауаттылығын қалыптастырады..Оқыту процесіне жаңа  жобалар мен  озық технологиялар енгізілуінің мәні- жеке тұлға өз іс-әрекеттеріне дұрыс талдау жасап, өмірде маңызды мәселелерді  айқындай отырып, қиындықтан шығу жолдарын   таба  білуі.

Педагог- шығармашылықпен өзін-өзі дамытушы зиялы тұлға-мәдениет адамы. Қазіргі заман талабына сай педагог болу- ең жауапты, ең күрделі мамандық болып табылады. Қандайда бір педагогикалық әдістер мен технологияны пайдаланбастан бұрын,баланың рухани жан дүниесіне әсерінен гөрі,мұғалімнің өз тұлғасына әсері ерекше. Оқушылардың ұстаз  бойында ең бағалы деп есептейтін қасиеттері;баланы жақсы көруі, мейірімділік, сезімталдық, әділеттік, талап қойғыштық, келекшекке сенімділік, іске шығармашылықпен әрі жауапкершілікпен  қарау болып табылады. Ал мұндай қасиеттерге ие болу үшін мұғалім рухани бай, зиялы және шығармашыл болуы қажет. К.Д. Ушинский «Оқу орнының талабына көп нәрсе байланысты, ең бастысы тәрбиешінің тұлғасының рөлі ерекше, жас ұрпаққа беретін әсерін оқулықпен жазалау және мадақтаумен алмастыруға болмайды» — деп жазған.

Сонымен ХХІ ғасыр мұғалімдерінің түлғасы қандай болу керек деген сұрақтың төңірегінде өз ойым:

Педагог-зиялы тұлға, рухани жан дүниесі бай- шығармашыл тұлға, адамгершілігі мол- мейірімді тұлға, бәсекелестік- еркін тұлға,мәдениет адамы және жауакершілігі мол-тәрбиеші. Әр педагог-өзін жинақы ұстап, шығармашылықпен айналысып, өзін-өзі үздіксіз дамытса, өз жұмысының жетістіктер мен кемшіліктерін біліп, мықты жақтарына сүйене отырып,әлсіз жақтарын жетілдіріп отырса,нағыз-педагог.Әрбір педагог өзінің оқушыларының қандай болғанын қаласа, өзі де сондай болуы тиіс. Өз -өзіне  деген сенім – бұл өмірдің негізі. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерін терең зерделеу арқылы, білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыруды  көздеген  болатын. Елбасы «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады». Жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқытуда білім алушылардың психологиялық және жас ерекшелікерін ескеру, жеке тұлға, оның рухани мәдениетін, танымдық тұрғысынан ойлауы, әлеуметтік өмірдегі рөлі, практикалық қызметтегі  көзқарасы  жағынан дамыту деген  жолдар  соның бір дәлелі болмақ.

Қорыта айтқанда, педагогтың тұлғалық бағдары негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Оқушылар ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдерге тынымсыз еңбектену керек. Өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдыретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата – бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан – жақты, шығармашыл, ізденпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді. «Кімде – кім халқынан алмаса тәлім, оны үйрете алмас ешбір мұғалім» – деген болатын Ж. Баласағұн. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің жаңартылған бағдарламасы аясында жаңашыл ұстаз үнемі ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеп, әрқашанда ұстаздар мәртебесін көтеріп, аса қастерлеп, бағалаған жөн. Чех педагогы Я.А. Коменский «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық оймен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын  жоғары бағалаған. Ал Әл Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ «Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу» деген, ол ел  ертеңі білімді ұрпаққа ғана өлшенбек.  Мектеп  табалдырығын  аттаған жас  бала ертеңгі ел  тұтқасы десек, оларды  парасатты, саналы азамат етіп  тәрбиелеу-әрбір ұстаздың  борышы.  Әрбір  ұстаз қазіргі қоғам  талаптарын  ескеріп,  өзінің алдына  педагогикалық мақсатты қоя білетін, міндеттерді шешу,оқыту  мен  тәрбиенің  озық  технологияларын  меңгерген,  білім  беру  процесін  басқара  алатын, тәжірибеде  педагогикалық ситуацияларды шешу, оқушы  тұлғасының қалыптасуын дұрыс жобалай білу, білімді,  бәсекеге  қабілетті, шығармашыл …  тұлға  болуы  керек!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *