Педагогика

Шынтемір Ақерке

Педагогика гректің 2 сөзінен тұрады: «пайс»-бала, «эгейн» — жетектеу, яғни баланы жетектеу деген мағынаны білдіреді. Педагогика ғылымы қоғамдық құрылысқа, жаңа жағдайларға сай адамның даму заңдылықтарын зерттейді. «Адамға ең бірінші тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» — демекші педагогиканың негізгі салаларының бірі тәрбие болып табылады. Педагогиканың 4 саласын жақсы меңгерген тұлға нағыз маман болып саналады.

Баланың тұңғыш ұстазы оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін себетін мұғалім. Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы демекші оқушының бойына шынайы білік, білім дағдыларын дамытып, зердесіне ғылыми негіздерін құйған, сөйлеген сөзі, істеген ісі, білімі терең, жан жақты, шәкірттеріне беделді, үлгі бола алған адам ұстазға саналады. Ұстаз адамның өмірге көзқарасын, сенімін, өмірде өз жолын таба білуге адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер ойшыл тұлға.

Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа формация мұғалімдерінің гуманистік тәсілдері мен этикасын ашып айтып кеткендей, әрбір ұстаз оқушыны бақылаудың орнына әзілдеп, кінәлаудың орнына ынталандырып, мәжбүрлеудің орнына кеңес беріп, ауыстырудың орнына сенім білдіріп, айқайлаудың орнын әзілдеп, кінәлаудың орнына қорғап, бұйрық беріп тексерудің орнына кәсіби көмек көрсетіп қолдау жасауға ұмтылу керек деп ойлаймын.

Әр педагог әрқашан өзінің әдістемелік деңгейін көтеріп және педагогикалық әдепті сақтауы керек. Әрдайым әдепті ұстаз басқа адаммен болсын, оқушымен болсын қарым-қатынас жасағанда ақылға салып ойланып барып сөйлеп, оқушы алдындағы беделін сақтап, оқушы мен ұстаз арасындағы субординацияны сақтап қала алады.

Педагогика сөзін естігенде ең бірінші менің ойыма келетін ол – менің колледж қабырғасында білім алу барысында педагогика пәнінен дәріс берген ұстазым Бақыт Шакентаевна. Себебі мен үшін мектеп қабырғасында да, колледж қабырғасында да бірнеше педагог мамандардан дәріс алсамда ішіндегі мен үшін үлгі тұтарлық ұстаз, менің ұстаз боуыма бірден бір себепкер болған кісі депте айта аламын. Бізге нағыз педагогтардың әртіс болу керек екендігін, оқушы егер бір сабағыңды түсінбей жүрсе, оқушыны емес өзіңді түсіндіре алмадым деп кінәлау керек деп айта отырып, өзінің ісіменде әрқашан дәлелдеп жүрді. Маман жұмысында кездесетін кедергілер мен жағдаяттардан шығу жолдарын түсіндіріп, бізді психологиялық тұрғыданда дайындады. Мен үшін педагогикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да дайындығы мықты, әрі жан-жақты білімді ұстаз ретінде мәңгі есімде қалды. Меніңде дәл Бақыт Шакентаевнадай білікті маман болу арманым.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *