Оқыту мен оқу тәжірибесінде өзгеріс қалай енгізілгені туралы рефлексивтік есеп

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Мақтарал ауданы №36 Қ.Әбдалиев

атындағы жалпы орта мектебінің

информатика пәні мұғалімі

Садвакас Ақжол Кайратұлы

 

Қазіргі заман талабына сай ұстаз алдына қойылатын талаптар да өзгеше.Сондықтан мұғалім әр уақыт ізденіп, өзінің білімін жетілдіріп, жаңалыққа әуес болуы тиіс. «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болу керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді.
Осы Бағдарламаның негізгі міндеті – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Бағдарлама барысында педагогиканың әртүрлі аспектілері талқыланады. Осы Бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады. Яғни, мұғалімдер педагогиканың тиісті аспектілеріне қатысты ғылыми (зерттеу) материалдармен танысатын болады. Бұдан кейінгі оқуға арналған материалдар тиісті сабақтар барысында беріліп отырады. Мұғалімдер, сондай-ақ, қажетті әдебиеттерді өз беттерінше оқи алады.(нұсқаулық.12)
Бағдарламаның бірінші кезеңінде оқу үдерісі қалай жүру керектігі, сапалы оқыту, сыныптағы жұмыс тәсілдерін модельдеу арқылы белсенді оқуға қатысу , бағдарламаның жеті модулі арасында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді зерделеу, сынып тәжірибесіне енгізілетін бағдарламаның идеяларын пайдалана отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау тапсырмаларын орындадым.
Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру әдісі арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. (нұсқаулық 87)
Аталған курсқа барып, өзгеруді іштей өзім қаладым және де мектеп әкімшілігінен жіберуін сұрадым. Бірақ ол уақытта біздің мектепке сұраныс келмеді. Кейіннен аталған курсқа барып келген
І дәрежелі тренер Малика Шерхановна мектепішілік ІІІ дәрежелі курсқа шақырып,  қатысып бастаған сәтте алдында болған қуанышымның орнына күдігім басым болып кетті. Себебі,бұрын оқып кеткен тыңдаушылардан курстың қиыншылықтары басым екен,  соның ішінде тест қиын деген сияқты ой болды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты- дәстүрлі сабақ беру үдерсіне өзгеріс енгізу. Өзімнің мектептегі тәжірибеме көп болмаса да, осы әдіске үйреніп қалғасын, «бұл өзгеріс не үшін керек?», «Бұл үдеріске еніп кету бізге қанша уақыт керек?» деген сұрақтар тұрды. Алдымызда өтіп келген басқа мектептердегі әріптестерім уақыт жетіспеушілігіне, бала санының аздығына, қиындықтарын барын айтты. Шынымен де басында курста жүргенде нұсқаулықтың тілінің қиындығы, әр түрлі термин сөздерге түсінбей, іштей өзіме не үйреніп жүрмін, қандай өзгеріске түсіп жатырмын деген ойда жүрдім. Бұл дегеніміз әлі біз өзгерісті қабылдай алмай жатқанымыз екен.
«Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға ерік беріңіз» деп қазақтың педагогі Ы.Алтынсарин айтқандай, бірінші «бетпе- бет» кезеңінде – ақ, бағдарламаның мазмұнымен тереңірек танысып, білім беру үдерісіне тиімді екенін түсінген соң, алдыңғы дәстүрлі әдіске оралу мүмкін еместігін шештім. Бірақ та, дәстүрлі әдісті де қажетсіз деп айта алмаймыз, себебі, әлі де болса осы әдіспен білім беру үдерісі өтіп жатыр және өзім де мектеп қабырғасында осы әдіспен білім алдым.
Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. (нұсқаулық.6)
Курстың
үшінші кезеңінен өтіпкеннен кейін, өзімнің кәсіби тәжірибемде үлкен өзгерістер бола бастады. Әсіресе, ұстанымым өзгерді. «Бұрын мен қай бағытта сабақ бергенмін?» деген сұрақ тұрды. Бұған дейін де біліктілікті артыру курстарына барып келген әріптестерімнен сұрап әр технологияның элементтерін пайдаланып жүріппін. Соның ішінде менің қолданып жүрген көп әдістерім, «сыни тұрғыдан ойлаудың элементтері» екен. Ал, «сыни тұрғыдан ойлау» бағдарлама бойынша жеті модульдің бірі.
Мен бұл курстан не үйрендім? Бағдарлама бойынша көрсетілген модульдерді ықпалдастыра отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауды үйрендім. Сонымен бірге осы қысқа мерзімді топтастыра отырып, орта мерзімді жоспарды құруды игердім. Бұл жоспардың бұрынғы дәстүрлі сабақ жоспарынан маңыздылығы, қамтитын ауқымы зор. Себебі,бұрын мақсатымызды үлкен қылып, қоямыз да, бірақ күтілетін нәтижеге мән бермейтінбіз. Сонымен бірге, топтық, жұптық жұмыстың және формативті бағалау сабақтың тиімді, сәтті, мәнді өтуіне көмегі зор.
Бірінші «Бетпе бет» кезеңінде алған теориялық білімімді бағдарламаның екінші- «Мектептегі тәжірибе» кезеңі барсында іске асыру үшін мынадай мақсаттар қойдым.
Мектеп әкімшілігімен, әріптестеріммен кездесу барысында бағдарламаның идеясын түсіндіріп, оң көзқарасты қалыптастыру;
Бағдарламада қарастырылған жаңа әдіс- тәсілдерді кіріктіру арқылы тізбектелген сабақтар топтамасын өткізіп, бұл сабақтарда балалардың білім алу туралы деректер жинау, оқушылардың білім алуға көзқарастарын өзгерту.
Оқыту тәжірибеме бағдарлама идеяларының енгізілуін талдау.
«Біткен іске сыншы көп» дегендей, басында мектепке келгенде бойымда «өзгерісті әріптестерім қалай қабылдар екен», «оқушылар қалай икемделеді» «Кедергілер көп болып қалмай ма?» деген сұрақтар мазалады.
Мұғалiмнің өз бастамасына негізделген кәсіби даму үдерісінің нәтижесі, ең бірінші кезекте, жоба аяқталған соң емес, оның барысында сезiлуі керек. Сапалы даму жұмысына: жаңа технологияларды сынақтан өткізу, бағалау, талқылау және шолу жатады. Олардың барлығының әсерi түрліше болады. Нәтижелері әрдайым практикалық бағытта болады: олар тәжірибедегі өзгерiстер немесе жақсартулар; оқыту мен білім берудің жақсартылған әдiстерi болып табылады. (нұсқаулық. 87)
Тәжірибе мұғалімді өзгеріске итермелейді, өткенді сараптауға,болашаққа жоспар құруға үйретеді
. Әріптестерім тарапынан оқыту үшін бағалау оқуды бағалау , сыныптағы диалогтік тәсіл, сыни ойлауға үйрету және оқытудағы басқарушылық пен көшбасшылық тәсілдеріне қызығушылық басым екенін аңғардым. Нәтижесінде, бұл бағдарламаны мектебімізге ендіруде қиындық тумайды деген пікір қалыптасты.
Осы бағдарлама аясында талантты және дарынды балаларды оқыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсілді пайдалауды меңгеріп, тәжірибе барысында қолданып көрдім. Дарынды балаларды анықтауда Фриман мен Э. Выготскийдің зерттеулерін пайдалана отырып, есте сақтау, білім жетілдіруі, мәселені шеше алуы, икемділігі қасиеттеріне мән бердім әсіресе шығармашылық қасиеттір шыңдауға көшбасшылық жасап отырдым. Мұғалімнің сабақтағы жүйелі «Сын тұрғысынан ойлау» модулін пайдалануы тиімді сабақ үрдісін өзгертуге, мұғалім мен оқушының тығыз байланысына, сабақ үрдісін ұйымдастыруға оқушылардың түгел тартылуына мұғаліммен қатар оқушының да өзін сабақтың авторы ретінде сезінуіне, сыныптағы ахуалдың түзелуіне, оқушы білімнің өсіміне жеткізеді.

Бағдарламаны меңгеру барысында басқа әдістермен қатар, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды АКТ тиімді пайдалануды білу маңызды болды. Оны тек сабақта ғана емес, сандық технологиялардың барлығын жұмыс, демалыс және оқушылармен де, басқа курс тыңдаушыларымен де қарым-қатынас орнату үшін сенімді пайдалана алдым. Осының нәтижесінде жұмысым барынша жеңілдеп, сабақта оқушылар қызығушылықпен қатысатындай нәтижеге қол жеткіздім.

 

Болашақта еліміздің болашағына үлесімізді қоса отырып, білімді, тәрбиелі, өз ойын ашық жеткізе алатын оқушы тәрбиелей отырып, тізбектелген сабақтар топтамасына жеті модульді кіріктіре өткізген сабақтарымда тиімді екенін айта отырып, оқушыларды сыни ойлауға дамытуға, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға, топпен бірлесе жұмыс жасауға, талантты және дарынды оқушыларды анықтауға мол мүмкіндік туғызатынын айтқым келеді. Болашақта осы әдіс-тәсілдерді тәжірибемде қолдануда оқушы үнін тыңдауға, рөлдік ойындар арқылы тренингтер ұйымдастыруға, нені, қалай жұмыс жасауға ойланып, оқушының жұмыс жасауына мол мүмкіндік жасауға барлық күш-жігерімді жұмсауға құлшынысым артты. Өзіндік мәні бар жеке тұлға қалыптастыруға көзқарасым өзгеріп, жаңашылдыққа бет бұрдым.
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012
2. Ғаламтор ресурстары

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *