Оқытудың инновациялық әдісімен технологиясы

Бокенбаева Камария Кенжеқызы

Бүгінгі күннің  талабы – әрбір оқушыға түбегейлі мәдениеттің  негіздерін беру және  олардың жан –жақты  дамуына  қолайлы  жағдай жасау.Сондықтан  білім  беру  жүйесінде жеке  тұлғаны   дамытып, білімді  азамат ретінде  қалыптастыру  үшін , жаңа педагогикалық  технологиялардың рөлі зор.Оқушының білім  деңгейі , білімді  меңгеру  дағдысы барлығында бірдей  болуы  мүмкін  емес жағдай. Сондықтан  мен өзімнің сабақтарымда профессор  Ж.Қараев  насихаттап  жүрген  деңгейлеп  оқыту  технологиясын  пайдаланамын.Осы технологияны үнемі  пайдалану   нәтижесінде   біршама  жетістіктерге жеттім.2016-2017 оқу жылында  8 «А» сынып  оқушысы  Жұмағулова  Гүлжайна , Тенелгенова Зарина  қалалық  пәндік олимпиада  II  орынға  ие болды..Қалалық ғылыми жобаға 8 «А» сынып  оқушысы  Жұмағулова  Гүлжайна  қатысып I-орынға ие болды.Сонымен қатар казіргі таңда  математика  пәнінен 9 «А» сыныпқа  жетекшілік етіп  отрымын. Бұл оқушылардың  да алдағы  уақытта  берілген сапалы  білімді  тиімді пайдаланып,  түрлі  байқаулардан  жүлделі орындарға  ие болатынына  сенімім мол.Математикаға оқыту – бұл жеке әрбір оқушыға  бағытталған  өнер.Бірақ барлық оқушылар  бірдей  еңбексүйгіш емес. Сондықтан  әрбір жас талапты түсіну және жүрегіне  жол табуды  өте маңызды деп  санаймын.                                                                                                                                                                                Оқушыларды  қалай математикаға  қызықтыру керек? Олардың математика сабағын асығыспен  күту  үшін не істеу  керек?  Оқушылардың  өздерінің еңбектеріне  жауапкершілікпен  қарауды  қалай қалыптастыру керек?                                                                                                                                                                                                                 Менің  оқыту  жүйем, алдымен менің  оқушыларым бар  күш – жігерімен  менен  бірге   сабақта  жұмыс  істеулеріне  бағытталған. Оқу, үйрену процесінде  оқушылардың пәнге  қызығушылықтарын  арттыру,  оқу материалын  игерудің  тиімділігін  жоғарлату  мақсатында мені  жаңа  материлады баяндауда  барлық жаңа  және  оригинал формалар, әдістер  және  жолдар әрқашан   қызықтырады. Мен  қазіргі  таңда  пәндерді  оқытуда оқушылардың  шығармашылық  қабілеттіліктерін  дамытуға  бағдарланған жаңа  технологияларды, акпараттық  және   коммуникациялық  технолгияларды  қолдану  қажет деп санаймын.Заманауи  дәрістерде  компьютердің  рөлі  үлкен,  ол  күрделі математика  ғылымын барынша  қол жетімді етіп  береді. . Мен өз  тәжірбиемде   үйретуші  және математиканың   курсының  жеке  тақырыптары  бойынша  қажетті  деңгейдегі оқу  материалын жылдам сіңіруге  қабілетті оқушылармен  жұмыс  үшін  бақылаушы  бағдарламалы  жаттықтырушыларды (тренажер) немесе қолданбалы  бағдарламалық  жабдықтарды  қолданамын. Мұндай оқушылар  компьютерге жеке  тәртіптерде кезекпен  жұмыс  істейді  және      тапсырмаларды  табыста  орындағанан кейін  жоғары деңгейлі    күрделілік  жаттығуларға  өтеді. Мүғалім  бұл  уақытта топпен  сөзсіз үйрену  деңгейіндегі материалын  жан – жақты  зерттейді.Мұндай  қызмет  оқушылар  тобының  сабақтан жалығуына, босаңсуына  мүмкіндік  бермейді,  керісінше  жекеменшікті  жұмыспен  жабылуын  қамтамасыз етеді .                                                                               Қорыта келгенде  жас  ұрпақтың  саналы да  сапалы  білім алуының  бірден – бір   шарты- мүғалімнің  жаңашыл болуы . Себебі  еліміздің  болашағы  бүгінгі  жас  ұрпақтың  білім  деңгеймен  өлшенеді. Сондықтан сабақты  жаңаша  құрып ,  оқытудың  инновациялық  әдісі мен  технологиясының  түрлі  тәсілдерін  педагогикалық білімдерді  жетілдіре  отырып,  оны  дер кезінде  қабылдап  ,  өңдеп , нәтижелі  пайдалана  білу  әрбір  ұзтаздың  міндетті болуы керек.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *