Оқытудың ақпараттық технологияларын тиімді пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Ахыманова Шырын Саятовна

ЖОСПАРЫ

І Кіріспе бөлім

1.1 Ақпаратты коммуникациялық технология жайлы;

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Ақпараттық коммуникациялық технологияны орыс тілді мектептердің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағында тиімді қолдану;

ІІІ Қорытынды

3.1 Тиімділігі;

3.2 Денсаулыққа әсері;

Тақырыбының өзектілігі: Қазақ тілі сабағында АКТ — ны қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.
Мақсаты: Оқушының тұлғалық дамуына бағытталған АКТ — мен оқытуды оқу — тәрбие процесіне енгізу. Заман талабына сай іскер, жан — жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Сабақта оқытудың АКТ — ны тиімді қолдана білу.
2. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.
3. АКТ — ны оқытуда тиімділігіне көз жеткізу.
4. Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу
5. Оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің Қазақстан халқына арналған жолдауында мемлекеттік тілдің оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды: «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік инновациялық, әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзірлеу керек»-деген.

Жалпы орта білім беретін мектептерде компьютерлендірудің басты мәселелерінің бірі – оқытуға ақпараттық технологияны енгізу.

Білім беру саласына түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану — басты талап. Көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін — Ақпараттық-коммуникациялық технологияның бір өзі атқара алады. «Ақпараттық -коммуникациялық технологияны» сабақта дидактикалык оқыту құрлы ретінде пайдалану — заман талабы ғана емес, жаңа сөзбен, жаңа ұғыммен таныстырып, оны пайдаланып, қолданысқа түсіруде ең тиімді құрал. Негізгі міндеттердің бірі — Мемлекеттік тілді тиімді меңгерту болғандықтан, қазақ тілін оқыту жүйесіне ақпараттық технологияны енгізу қажетілігі туындады.

 «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жаны нұр алады»деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі мемлекетіміздің білім саласы ұстаздар қауымы үлкен күш артатыны бәрімізге мәлім.

Нағыз мұғалім — өзін-өзі дамытып отыратын тұлға. Мұғалімнің кәсіби дайындығы, білім мен біліктері. Оқу үрдісінің дұрыс бағытта жүруі тек шығармашылық қызмет арқылы жүзеге асады.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тіл сабақтарында жаңа технологаялардың мүмкіндіктерін анықтау және оларды іс жүзінде қолданып, нәтижелерін сараптап қорытындылау барысында ақпараттық технологияның тиімділігі байқалды.

Бүгінгі күні затты, көріністі, т.б. көріп қана қоймай, дыбыс пен әуенді тыңдауға, өз дауысын жазуға, бірнеше рет қайталауға, қайта айналып келуге, түзетуге, тағы да толып жатқан операцияларды істеуге болады. Оқушының тұлға ретінде қалыптасып, өркендеуіне ықпал ететін — ұстаз, ендеше тұлғаның білімдену барысында өз мүмкіндігін анықтап, дамуына мультимедиа ресурстарының тигізер әсері мол.

Орыс тілді мектептерде қазақ тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту ақпараттық технология арқылы жүзеге асады. Әр сабақққа мұғалім алдын ала дайындала отырып, нақты мақсат қою керек. Тілдік білім алгаритм бойынша жүйелі түрде, яғни жеңілден ауырға қарай берілу керек. Ақпаратты технологияны қолдану төмендегідей алғы шарттар арқылы іске асады:

І кезең – оқып үйрену;

ІІ кезең – меңгеру;

ІІІ кезең – теория мен практиканы ұштастыру;

IV кезең – дамыту.

АКТ-ны оқытуда дидактикалық ұстанымдар:

  1. Жүйелілік және бірізділік ұстанымыпәнді оқытудағы жүйелілік дегеніміз – пәнді өзінің құрылымы мен ішкі логикасы сай белгілі бір тәртіппен оқыту және оның негізгі ұғымдары мен қағидаларын біртіндеп игеру деген сөз.

Қарапайымнан — күрделіге

Түсініктен — ұғымға

Белгіліден — белгісізге

Білімнен — іскерлікке

Компьютердің әмбебаб мүмкіндігі яғни өз жадына орасан зор мәліметтер базасын сақтай білуі, оны шапшаң қажетті формада пайдалануға жағдай жасау мол мүмкіндіктері бар.

Соңғы жылдары да қазақ тілінен көптеген компьютерлік бағдарламалар құрастырылып жатыр. Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қазіргі кездегі қолданысына қарай бірнеше түрге бөлуге болады:

  1. Қолданбалы компьютерлік бағдарламалар.

Бұл бағдарламалар мақсаты — оқу үрдісіндегі ақпаратты ұсыну арқылы білім алушының өз жеке қабілетіне қарай белгілі бір білімділік пен дағдыны қалыптастыру;

  1. Жаттықтырушы компьютерлік бағдарламалар.

Олар бұрынғы материалды қайталау немесе материалды бекіту үшін
қолданылады;

  1. Тестік диагностикалық материалдар. Олардың мақсаты
    білім, дағды, іскерлікті бағалау;
  2. Ақпараттық-іздестіру бағдарламалары. Олар
    қолданушыға қажет ақпаратгы таңдауға және оны анықтауға
    бағытталады.
  3. Ойын арқылы оқу бағдарламалары.Білім алуда
    жағдаятгарды ойын түрінде ұсыну арқылы, дұрыс шешім,
    әрекетті таңдауға үйрететін бағдарламалар.
  4. Аудармашы — сөздік бағдарламалар.Олар тек сөздерді
    аудару ғана емес, сөз тіркестері, мәтіндерді аударуға арналған
    бағдарламалар.

Қазақ тілін өзге тілді дәрісханада үйретуге арналған электронды оқулықтарда да осы бағдарламалар кешенді қолданылып жүр.

Қазақ тілін өзге тілді ортаға меңгертуге арналған зерттеу жұмысы — орфографияны оқытуда компьютерді қолдану тиімділігін қарастыратынГ.Бектұрованың еңбегі. Зерттеуші өз еңбегі қазақ орфографиясы мәселелерін қарастырып, оны меңгерту кезінде орфографиялық дағдыларды пайдаланудың тиімділігін көрсетеді. Бұл жұмыста қазақ орфографиясын меңгертуге негізделген компьютерлік бағдарламаның жобасы берілген. Г.Бектұрованың еңбегі компьютерді қолдана отырып, қазақ тілін оқытуда білім сапасын арттыруға үлкен үлес қосатын құнды еңбек болып табылады.

Қазақ тілін өзге тілді ортаға үйретудің компьютерлік сценарийлерін ұсынып, қазақ тілі бойынша компьютерлік бағдарламалардың лингвистикалық қамтамасыз етілуін қарастырған зерттеу еңбегінің авторы — А.А. Құрышжанова. Жұмыста компьютерлік лингвистиканың терминдері, казақтілін екінші тіл ретінде үйретуге арналған бағдарламаларға сараптама, тілдік материалдарға алгоритмдік бағдарламалауды қолдану мәселелері зерделенген.

Компьютермен оқыту технологиясының маңызды бір ерекшелігі оқушының қазақ, тіліндегі мәтіндерді түрлі әдістер арқылы меңгере отырып, есте сақтай алуында ғана емес, сонымен бірге есінде қалмаған сабақтың сценарийін, тапсырманы компьютерді іске қоса отырып, қайта жаңғырта алатын мүмкіндігі болатынында.

АКТ-ның денсаулыққа тигізетін кері әсерін де айтып кету керек. Жалпы сабақта АКТ-ны 10-15 минуттан артық қолдануға болмайды. Қолданғанның өзінде сергіту сәтін, әсіресе көзге арналған жаттығуларды тиімді пайдалану қажет. Компьютермен, интерактивті тақтамен жұмыс жасап отырған оқушыларға арналған кеңес:

Компьютер алдында неғұрлым көп отырған сайын көзіміздің қызарып, шаршағанын байқаймыз.Компьютер алдында ұзақ отыру көзге көп салмақ түсіріп, көздің көру қабілетін әлсіретеді, бұрынғы созылмалы ауруларды қоздырады. О лкомпьютерлік көз синдромы деп аталады.

Ақпараттар түрлі жолмен беріледі: 5 сыныпта «Тиімді тамақтану»модулін өткенде оқушыларға сабақтың мақсатына сай оқулықтағы материалдан басқа қосымша тапсырмалар, жаттығулар беруге болады. Нақтырақ айтсам «Ас дәмді болсын» деген тақырыпқа өтікізген сабағымда АКТ- ны төмендегідей пайдаландым:

І ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ КЕЗЕҢІ

(АКТ-ны қолдану уақыты -1 минут)

Оқушылардың көңіл күйлерін сабаққа икемдеу және сабақтың эпиграфымен танысты; (слайдтарды пайдаландым)

ІІ МАҒЫНАНЫ АШУ КЕЗЕҢІ (АКТ-ны қолдану уақыты 4+5 минут)

Мұғалімнің дауысымен жазылған мәтінді тыңдайды да, әр топ тапсырмаларын алды;

С Е Р Г І Т У С Ә Т І (көзге арналған)

 

Интерактивтік тақтамен жұмыс:

Әр топ спикерлері (топ басшылары шығып) тақырыптарын қорғады. Әр түрлі тапсырмаларды интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып тиімді орындады;

Орыс мектептерінде жаңа сөздердің көбі баланың есінде қалмайды, оның себебі, сөзді түсінбеуде, түсінбеген сөз қабылданбайды, бала жадында сақталмайды. Бірыңғай түсіндіру, сөз әдісін қолдану оқушы іскерлігін дамытпайтындығын тәжірибе көрсетті. Сондықтан баланы бір затпен таныстырмақшы болсақ, сол зат туралы сөйлеп қана қойма, алып келіп балаға көрсет деп, кезінде Мағжан Жұмабаев айтқандай, иктерактивті тақтаны сабақта дидактикалық оқыту құралы ретінде пайдалану керек. Әсіресе, жаңа сөзбен таныстырып, қолданысқа түсіруде ақпараттық — коммуникациялық технологияның атқаратын рөлі зор екендігіне көзіміз жетті.

Қорыта айтқанда, өздігінен белсенді әрекет ету арқылы білімді меңгерту қазіргі мұғалімнің негізгі талаптарының бірі. Сонымен мемлекеттік тілді оқыту жүйесіне ақпараттық технологияны енгізу тілді саналы меңгертіп, байланыстыра сөйлеуде ғана емес, өскелең ұрпақтың ізденімпаздық әрі шығармашылық қабілеттерін дамытуда ықпалы зор және тіл меңгеруге деген қызығушылығы арта түсетіні айдан анық. Сабақтың мазмұнына байланысты кейбір мәселелер жөнінде қойылатын сұрақтар немесе оқушылардың өздерінің сұрақ қоя білуі мен жауап қайтарудағы тапқырлығы проблеманы түсінудің маңызды көрсеткіші екендігінің айқын дәлелі. Сабақтың барысында өз көзқарасын дәлелдеп, пікірін қорғай білуге талаптандыру, басқаларды да тыңдай білу және өз позициясын түсіне білуге, құрбы-құрдастарын ренжітпей, өз ойын қисынды айта білуге үйрету, сөйтіп, адамдар арасындагы, яғни, құрбыларымен, оқытушыларымен қарым-қатынасты дұрыс жолға түсіруге ықпал ету болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиетгер:

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. — Астана.»Елорда», 2008. 23-бет.

 

  1. З.Ш.Махадил Павлодар облыстық мұғалімдер білікілігін арттыру институтының әдіскері. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» республикалық ғылыми-педагогикалық басылым, №8 2009 жыл 17 бет.

 

  1. Е.Жұматаева. Жоғары мектеп дидактикасы. Павлодар. 2006 жыл

 

  1. Сапалы білім беру тетігі, «Қазақстан мектебі» 2009 жыл №3 32 бет

 

5.А.Түсіпова. Компьютер-оқытудың жаңа ақпараттық
технологиясы. Қазақстан мектебі. -2004 № 7

 

  1. Искакова С. Оқыту үрдісіндегі интерактивті экранды қолдану әдістемесі.
    Информатика негіздері. 2007. — № 9-бет.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *