Оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолданудың тиімділігі

Тиынтай Айгүл

Бүгінгі таңда заман талабына сай қоғамда әр түрлі өзгерістер мен   жаңа бастамалар пайда болуда. Соңын бірі Қазақстан Республикасының білім беру саласында білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету жолында жүргізіліп жатқан реформа. Қазіргі қоғамдағы білім саласының басты талаптарының бірі  шығармашыл, белсенді, жауапты, жан-жақты қабілетті, жаңашықдыққа жақын, терең білімді, кәсіби сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Осы мақсатта Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын, сонымен қатар оны жүзеге асыруға ықпал ететін ұрпақ тәрбиелеуді назардан тыс қалдырған емес.

Білім саласындағы бүгінгі күннің жаңа бағыттарының бірі- оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолданудың тиімділігі болып табылады.

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігіне тоқталатын болсақ, критериалдық бағалауды білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериилермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс ретінде қарастырамыз.Критериалды бағалау технологиясының тиімділігі оқушы бойындағы қобалжуды, үрейді басады және белгіленген критериилер негізінде барлық оқушылардың жұмысының бағалануына мүмкіндік береді, сондай-ақ  мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік, ізденімпаздық қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. [ МАН,  70 бет] Критериалды бағалау негізінде сабақтың басты жауапкершілігі оқушыларға ауысады, ал мұғалім бағыт, бағдар беруші, нұсқаушы ретінде қызмет атқарады. “Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі”- деген Питер Клайнның сөзін [2] ескерсек,оқушылардың өздері оқуға қатысып, жобалау, құрастыру, зерттеу,  талдау, пікір білдіру, жаңалық ашу т.б. жұмыстармен айналысқанда ғана сабақ қызықты, әрі тартымды өтеді. Мұның бәрі тек заманауи педагогикалық технологиялар негізінде өз бетімен білім алу жағдайында ғана жүзеге асады.

«Бағалау» терминінің өзі «жақын отыру» дегенді білдіреді.( МАН 57- бет).

Оқытудағы критериалды бағалау жүйесінің үш жақты:мұғалім, оқушы, ата-ана үшін тиімдігін де атап өтуге болады.

Мұғалім үшін:

  • білім беруде сапалы нәтижеге жетуде;
  • өз іс-әрекетін саралап, болашаққа тиімді жоспар құруға;
  • сабақберудіңсапасынарттыруға;
  • сабақты оқушыныңжеке  ерекшеліктерінескереотырып жоспарлауға;
  • бағалаудыңәртүрліәдістерінпайдалануға;
  • оқубағдарламасынқолжетімдіетуүшінұсыныстаренгізуге.

Оқушы үшін:

  • нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;
  • рефлексияға қатысу, өзін және өз достарын бағалауға;
  • білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білу, сын тұрғысынан ойлай білуге;
  • өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жетуге талпынуға;
  • шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін толық қолдануға.

Ата-ана үшін:

  • баласының білім деңгейі туралы нақты дәлелдер алуға;
  • баласының оқу үрдісін бақылай алуға;
  • баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге бағыт алуына;
  • мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға.

Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдейді (оқушылар бірін — бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда).

Қалыптастырушыбағалау оқушылардың қандай деңгейде, қай бағытта екенін анықтау және одан да жоғары жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті сабақта үлкен роль атқарады, себебі күнделікті оқу жетістіктері мен кері байланыс оқушыларға өз оқуы туралы қорытынды жасауға және нәтижені жақсарту үшін керекті шешім қабылдауға ықпал етеді. Қалыптастырушы бағалау оқушының әр сабақтағы іс — әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігі, өз ойын еркін білдіруі, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы т.б.жатады. Қалыптастырушы бағалау баға қоюмен жүзеге асырылмайды. Мақтау, мадақтау, жылы шырай таныту, қолдау көрсету, ынталандыру қалыптастырушы бағалаудың түрлері болып табылады.

Қалыптастырушы бағалау оқыту кезеңінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бағалаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы мен жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.

Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынаста болу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалауда бұл мақсаттар мен міндеттер барлық талаптарға сай ойластырылған.

А. Байтұрсынов: «Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ. Ғылым да, тіл де, табиғат та дамиды. Осындай дамуды, өзгерісті басынан өткеретін күрделі құбылыс та – тіл» деген пікір қалдырған. Олай болса жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше. Сондықтан білім алушының тіл құзыреттілігін жетілдіруде критериалды бағалау жүйесін қолдану тиімді болмақ.

 

Пайдаланылғанәдебиеттертізімі

  1. Мұғалімгеарналғаннұсқаулық «Оқытуүшінбағалаужәнеоқудыбағалау»
  2. http://bilimdiler.kz/ustaz/4850-okushylarga-surak-koyu-zhane-olardyn-zhauaptaryna-karay-areket-etu-turaly.html(23.09.2014)

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *