Оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялардың алатын орны

Сибанбаева Гульнур Сакеновна

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы өзінің жолдауында «Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі «ХХІ ғасыр — білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры».
Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Сонымен қатар, білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан, уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту –бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Сол себепті, оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Ал, мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты-білімнің жаңа үлгісін жасап,белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылаудың,оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу.Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық заман  ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды. Тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Білім беру жүйесі электрондық байланыс, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, оқытуға тиянақты түрде көңіл бөлініп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Әр түрлі ғылыми зерттеулер дәлелдегендей,оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану,оқыту-тәрбиелеу үрдісін толық жетілдіруге,педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға, оқушылардың білім, білік дағды сапаларының жақсаруына септігін тигізеді.
«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, — Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың  маңызы зор.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдеуіне, бұрын алған білімдерін кеңейтуіне мүмкіндік береді. Әрбір оқушы қалаған тақырыптары бойынша тапсырмалар орындап, тестке жауап беріп, зертханалық жұмыстарды орындауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейнекөріністер көрсетуге, дыбыс және музыка тыңдатуға болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда әсерлі, әрі тиімді. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс істегеніндей болады. Дәстүрлі оқытуда кейбір оқушылар түсінбей қалған мәліметті мұғалімнен қайталап сұрауға қысылады, сол себепті жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал, электрондық оқулықпен жеке жұмыс жасауының арқасында сол тақырыпты бірнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тіпті түсінбеген сөзді анықтама бөлімінен қарауына, сол сөздің түсіндірмесін білуіне де болады. Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық құралдардың атқаратын рөлі зор.  Теориялық материалды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады. Сабақта электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқандығы байқалады. Сондай – ақ мұғалімдерде өздеріне қажетті әдістемелік материалдарды, көмекші құралдарды молынан ала алады. Электрондық оқулық оқушыға оқу материалын меңгеруге, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді.
Сабақта электрондық оқулықты пайдаланудың тиімді жағы көп: физикадан, химиядан құралдар жетіспеушілігі сабақты өз деңгейінде білім беруде қиын, ал электрондық оқулықта барлық тәжірибелер, ғалымдар өмірі, анықтама сөздік, материалдардың барлығын пайдалана аласыз. Әр тарауда тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік есептері бар, бұл оқушылар білімін бақылауда және оқушының үлкен ізденісін туғызады. Электрондық оқулық арқылы зертханалық жұмыстарды орындап қана қоймайды, оқушыны шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландырады. Сабақ сапасы артады.
Электрондық оқулықты пайдалану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімді жақтары оқытушының жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруі, оқушының пәнге қызығушылығының артуы, нәтижеге бағытталған білім дағдысының қалыптасуы.
Электрондық оқулықтарды оқушы сабақтан тыс уақытта да пайдалануға мүмкіндігі бар. Жоғары оқу орындарына оқуға талапкер оқушылар  электрондық оқулықтың тест бөлімі арқылы пән курсы бойынша толық ақпарат алып, өз білімін тексере алады. Ал білім сынақтарына, түрлі пәндік білім олимпиадасына қатысушы оқушылар өз бетінше білім қорын молайтуға, есте сақтау қабілетін дамытуға мүмкіндік алады. Электрондық оқулық көмегімен зертханалық жұмыстар жүргізу оқушылардың зертханалық құрал – жабдықтарды қолымен ұстап көрмесе де, визуальді түрде сол құрал – жабдықты пайдаланып зертханалық жұмыс жүргізуге қол жеткізеді.
Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып, біледі, алайда олардың қабылдауы әртүрлі. Ақпаратты қабылдаудың негізгі арналары: есту, көру және сезу болып табылады. Оқушы қабылдайтын мәліметтің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы, тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен қабылдайды. Көру жүйесі — есте сақтаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны. Бұған дәлел ретінде бітіруші топ оқушылары тәуелсіз бағалау тестілеуіне дайындық кезінде дербес компьютердің көмегімен тест тапсырмаларын орындап, оның жауабын тест соңында өз көздерімен коріп көздерін жеткізеді. «Компьютерлік құрылғыларына қызмет көрсетуші техник» тобы оқушылары соңғы 3 жылда тәуелсіз бағалау тестілеуінен жоғары көрсеткіш көрсетіп келеді. Бұл тұрғыдан лицей базасының материалдық – техникалық базасының жеткіліктілігі мен ақпараттық ресурстардың толық қамтамасыз етілгендігінің жемісі.
Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұдлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті құралдарды пайдалану, кез-келген сабақты серпінді етеді, ал бұл сабақтың бірінші минутынан оқушылардың танымдық іс-әрекетінің артуына ықпал етеді.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі басты мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Жаңа технологияны меңгеру ұстаздарға зор міндеттерді талап етеді. Міне осы жағдайда жаңа технологиялардың көмегі зор. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында  интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді.
Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда, inter – аралық, бiрнеше, action — әрекет дегендi бiлдiредi. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.
Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң  мақсаты – тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.
Интерактивті тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтағанда, жаңа сабақты бекіткенде тестілеу әдісін қолдануға болады.
Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Қорыта келе айтарым, оқу үрдісінде электронды оқулық пен интерактивті құралдардың алатын орны ерекше. Жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануда мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста бола алады.
Белгілі педагог Ш.Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру,пәнге қызықтыру үшін,оқытуда жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң содан бастау керек» дейді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *