Оқу тәрбие процесінде қиын балалармен психологиялық тәрбиелеу жолдарын жүйелеу

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050  стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында: «Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Ол үшін жеткіншек ұрпағымыз қазіргі заманға бейімделуі керек. Оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді қарқынды енгізуге тиіспіз» деген болатын. Осыған  орай, мемлекеттің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы еліміздің ертеңі екенін ескеріп, әрбір оқушының сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз.

Барлық тәрбие шәкіртке ата-ана, оқу орны, қоршаған орта арқылы беріледі.  Оқу тәрбие ісінде қиын балаларға педагогтар мен психологтар ерекше назар аударуда. Кімді болса да қиын бала деген кім, ол қалай пайда болады деген сұрақ толғандырады. Міне, сол үшін пайдасыз әдістердің зиянды салдарын түзеу үшін жан-жақты ойластырылған, ғылыми негізделген психологиялық–педагогикалық жүйе болуы керек. Қалыпты отбасынан «қиын бала» шыға қоймайтыны белгілі. Алайда Л.Толстой жазған: «барлық бақытты отбасылар бір-біріне қандай ұқсас болса, әрбір бақытсыз отбасы бір-біріне ұқсамайтын  әрқилы бақытсыз», десе ал ұлы абайдың сөзі қайта тәрбиелеу ісін жігермен бастауға дем береді: «баланы ең алдымен қоршаған ортасы, көшесі тәрбиелейді», — деп тұжырымдайды. Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінде  «қиын» оқушыны зерттеуді ең алдымен отбасындағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады.  Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оқушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы – отбасындағы          ізгілікті қарым-қатынастарды орнату. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек. Ғалым-педагог И. Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі: ұрпақ жалғастырушылық, экономикалық, тәрбиелік, қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.
Демек, отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп, жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынан білімді, психологиялық әдіс-тәсілден хабардар болса, отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала – жас бір шыбық,  жас  кезінде  қай  түрде  иіп  тастасаң,  есейгенде  сол иілген күйінде                    қатып қалмақ» деп түйін жасайды.
Психолог-педагог ғалымдар. Л.С. Выготский, П. Блонский «қиын» балалар мәселелерін жан-жақты зерттей отыра зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша «қиын» балалардың шығуына үш фактор себепші болады деп көрсетеді:

  1. Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, тұрмыстағы ұрыс-керіс, маскүнемдік, ата-ананың біреуінің болмауы.
  2. Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер, яғни жеке оқушылардың міне-құлық ерекшеліктерін, ынта-ықыласын, қызығуын, талап-тілегін ескермеу.
  3. Жұртшылықтың, қоғамдық ортаның тәрбие үрдістеріне дұрыс көңіл бөлмеуі.

Ғалымдардың анықтамасына сүйенсек, «қиын» балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез  ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық формалар кездесетін, қозу күйін дәрі-дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәрбие бұзушы жасөспірімдер жатады.

Елдегі экономикалық-әлеуметтік жағдайдың нашарлауы отбасындағы күнкөріс, тіршілік ету жағдайына өз ықпалын тигізеді. Отбасындағы мұндай келеңсіздіктер балалардың оқуға бармай, дала кезіп, ұрлық, кісі тонау секілді қоғамға жат қылықтармен айналысуына әкеп соғады, нәтижесінде мектеп өмірінде мінез-құлқы күдік келтіретін «қиын» деген балалар қалыптасады.

Оқу — сан қырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі. Егер ұжым ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылар толық мәнді рухани өмір сүре алады.

Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді. Соған сай олардың қабілетін ашуға  мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, техникалық шығармашылық, т.б. іс-әракетті үйрету үйірмелері  мен секциялар ұйымдастырылады. Әр оқушы кез-келген үйірмеге, секцияға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін,  яғни өзіндік  «менін» басқаларға танытуға  мүмкіндік алады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.Ә.Назарбаева «Қазақстан-2050 стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдау.
  2. Қ. Жұмабаев «Қиын оқушыларды мектеп жағдайында тәрбиелеу мәселелері» алматы, 1994 ж.
  3. Зимняя.И.А. «Педагогикалық психология» 2005 ж.
  4. В.Г.Баженов, В.П.Баженова «Психолого-педагогическая диагностика и коррекция девиантного поведения школьников», Тараз 2003ж.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *