Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту құралы ретінде қазақ тілі сабағында диалогтік ортаны ұйымдастыру

Төртбаева Данагүл Тоқшылыққызы

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының негізгі мақсаттарының бірі жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері арқылы оқушының бойында шығармашылық ойлауды ,бастамашылықты дамыта отырып, жеке тұлға тәрбиелеу болып отыр.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың2011 –2020  жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектеп қабырғасында оқушыларға нәтижеге бағытталған білім беру арқылы олардың тұлғалық ерекшеліктері мен қасиеттері ашылатын , шығармашылық ойлау , өз бетінше шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру тұрғысындағы мемлекеттік саясаттың басты ұстанымдары айқындалған. Қазіргі таңда білім беру  саласында тұлғаның дамуына коммуникативтік құзыреттілік ке баса назар аударуылып отыр. Оқушылардың өздерін қоршаған ортада басқа адамдармен , топпен  қарым –қатынас орнатуға , жалпы нәтижеге қол жеткізуде өзіндік пікірін білдіруге , басқа ұлт өкілдерімен қарым – қатынас диалогына түсе алуына мүмкіндік беретін коммуникативтік құзыреттілік негізінен тіл мен әдебиет сабақтарын оқыту үрдісінде қалыптасады.

Сталиндік репрессия құрбандары , ақындар, қоғам қайраткерлері Жүсіпбек Аймауытов «Баланы тілге жаттықтырудың мағынасы: баланы сөйлеуге , басқалардың сөзін ұғынуға , өз бетімен жазуға , оқуға төселдіру. Бірақ бұл мағынасыз әдеттендіру , құрғақ төселдіру емес , тілге жаттығумен бірге адам ойлауға да жаттығады.»деп нақтыласа , Мағжан Жұмабаев « Педогогика»еңбегінде « Тіл адам жанының тілмашы , тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей қор болып қала береді . адам тілі арқасында жансырын ыртқа шығарып , бюасқалардың жан сырын ұға алады .»деп жазады.

Тұлғаның тірек құзырлылықтарының бірі ретінде танылып отырған коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру оның тілдік білімін тереңдетумен қатар сөйлеу біліктілігін де жетілдіреді.

«Коммуникативтік құзыреттілік »( латынның «competere»- қол жеткізу , сәйкес келу , сөзінен  шыққан )-оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі , қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы .Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым –қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсіне алса , коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені.

Коммуникативтік құзыреттілік – екінші тілді үйренуші оқушыларға тілдің заңдылықтарын жаттандыв үйретпей , сол тілді тілдік және қатысымдық тәсілдерді орынды қолданумен байланыстыру.

Оқушылардың қазақша коммуникативтік құзыреттілігн қалыптастыру мәселесі өзара ортақ бағыттары мен ұстанымдварынан туындаған жаңа бағыт. Екінші тілді үйренуде сөз мағынасын қабылдауда , пайымдауда , түсінуле , танымдық ерекшеліктерін ескеру , олардың  түрлі өмірлік ситуацияларда өз ойын , пікірін жеткізу , коммуникативтік міндеттерджі шешу , қатысымдық мақсатты іске асыруда тілдің заңдылықтары мен нормаларын орынды пайдалана білу дағдыоларын қалыптастыру мәселелері алдыңғы орынға шығады . Ғалым Ф.Ш .Оразбаева «коммуникация»термині туралы былай тұжырымдайды : « коммуникация »сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым – қатынас , араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп , адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін  , тілдесу ерекшеліктерін , тілдік әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметын , адамдар арасындағы қарым -+ қатынасты өзара түсінушілікті көрсетеді .

Осыдан барып «коммуникабельді»-тез тіл табысады , түсінуге бейім , « коммуникабельдік »- түсінушілік т.б деген сөздер пайда бола бастады .Ғалым «коммуникация» сөзін «қатысым »деп танып , қазақ тілін оқыту әдістемесінде жаңадан «тілдік қатынас », «тілдік қарым —  қатынас », «тілдесім», «жазылым» және т.б терминдерді енгізді.

Өз тәжірибемде коммуникативтік құзырет тілгі қалыптасқан оқушы екінші адаммен , сыныптыасымен белгілі бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай , өз ойын түсіндіре , олардың пікірін ұға , түсіне білетініне көз жеткізіп жүрмін.

Коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда диалогтік тіл – оқу үрдісіндегі қарым қатынаста алдыңғы орын алады : ол оқытудың негізгі мақсаттарының бірі және оның маңызды құралы деп санаймын. Диалог – екі жақты құбылыс . Қарым – қатынаста көзделетін мақсатқа орай диалогтың өзіндік әртүрлі ерекшеліктері болады : күнделікті тұрмысқа байланыстылығы ;

  • Ресми қарым қатынасқа құрылуы;
  • Ым –ишараттың , дене қимылының белсенділігі,
  • Эмоциональды – экспрессивтілігі , әсерлілігі;
  • Сөйлемдердің ықшамдалуы ;
  • Сөйлейтін сөздің алдын ала жоспарланбауы ;
  • Ауыз екі стилінің ерекшеліктерің басым болуы;

Оқу бағдарламасында коммуникативтік құзырет деңгейіндегі диалогқа қойылатын талаптар тұрғысынан белгіленгені :

  • Сөйлеу мәдениетін игеру , өзінің сөзін , ойын жалғастыра алу;
  • Экология, тарих, өз қаласы, мәдениет тақырыпт ары , белгілі адамдар туралы сөйлесе алу ,
  • Айтылған әңгіме , оқылған мәтін , кітап , өнер, кино туралы өз ойын білдіру,

Диалог репликалардан құралады, оның бәрі – сөйлеуге уәж жасайтыны ,  екіншісі- жауап ретіндегі рекция  — реплика . Диалогта ой ауысып отыра тыны белгілі , сондықтан әңгімелесушілер – бір – бірімен ақпарат ауысып отырады.Алғашқы сөйлесуші әңгіменің басталуына түрткі болады, адресатты әңгімелесуге шақырады . Оқушылардың тілінде болатын фонетикалық т.б қателіктер диалогта кездесет іні байқалады , сондықтан тілдік жағынан диалогтың дұрыс құрылуына баса мән беріледі.күнделікті сабақта жаңа матиралдарды оқытқанда және бекіту кезінде , жаттығуларды ұйымдастыруда , оқыған да және тыңдағанда тексеру үшін диалогтік тәсіл қолданамын . Осның бәрін әңгімен түрінде ісеке асырып отырамын. Әңгімелесе білу диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтижеге жететін біліктілік болып табылады .Диалогтік әдісті қолдана отырып оқушылардың сұрақтарды, өтініштерді , таңдануды, бұйыруды қолданып , бір – бірімен әңгімелесе білуге , мәліметтерді нақтылауды сұрауғв , келіспеушілік, толықтыру ,тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білуге дағдыландырамын.Біліктіліктерді жетілдіру мен дамытуды оқушылардың еркіндігін сақтау жолымен жүргіземін.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *