Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы

Сартаева Айман Алдабергеновна

 Баланы  бұзуға,  түзеуге   себеп   болатын

                бір   шарт  —   жас   күнде   көрген   өнеге.

                                          Жүсіпбек   Аймауытов

 

Қоғам  үшін  әркезеңде ,   әр   отбасында   өсіп    келе   жатқан   өрімдей   ұл  —  қыздардың дені   сау,   рухани   бай,   еңбекке  ,   білімге  құштар   болып   өсуі  —   ең  жоғарғы   тілек,    ең   биік    мақсат.   Оның  қуат   алатын   қайнар   бастауы   отбасы.   Отбасының   аса   құнды   ықпалы   мен   әсерін   өмірдегі   ешнәрсенің    күшімен   салыстыруға   болмайды.   Балаға   ата —  ана   тәрбиесінің   орнын    ешнәрсе    алмастыра    алмайды.   .  отбасы  —   өмірге    сәби   әкеліп,   оны    тәрбиелеп,    қалыптастыруда   және   ұрпақ   жалғастыруда   теңдесі   жоқ   орын.

Отбасының    балаға   тәрбие   берушілік   қызметінің   мақсаты  —  баланың   жасын,   жеке   ерекшелігін,   психологиялық   процестерін   ескере   отырып,   жарасымды   жетілген   ұрпақты   тәрбиелеу.     Көздеген    мақсатқа   жету   үшін   отбасындағы   тәрбие   төмендегі   міндеттерді  шешеді.

— Отбасында   баланың   өсуіне,   денсаулығына   қамқорлық   жасау,   тазалықты   қалыптастыру.

— еңбексүйгіштікке   баулу,   тұрмыстағы,   үй   шаруасындағы   еңбекке   құлшынысын    арттыру,  өзіне  —  өзі   қызмет   етуге   үйрету.

— Отбасы   мүшелерімен   тіл   табысып,   дұрыс  қарым  —  қатынас   жасауға,   үлкенге   құрмет,   кішіге   ізет   көрсетуге   үйрету .

— Әдебиетке,   мәдениетке,   өнерге   тәрбиелеу.   Бұл  міндеттер   жүзеге   асу  үшін   бала   дүниеге   келген   күннен   бастап   отбасында,   қоғамдық   орындарда,   мектепте  тәлім  —  тәрбие  беріледі.

« Баланы  жастан »,  « Ұяда  не   көрсең,   ұшқанда   соны  ілесің»   деген   даналық   сөздердің   мағынасы   өте   терең.

Себебі,   есейіп   кеткен   соң   баланың   теріс   мінезін,   қалыптасқан   қате   көзқарасын  өзгерту   өте   қиын.   Осы   кезде  « Балаңыздың   тәрбиесін   бастамас   бұрын,   өзіңіздің   мінез  —  құлқыңызды,  өмірге  көзқарасыңызды   ой   елегінен   өткізіп,   бақыладыңыз ба ? »   деген   сауал   туады.

Ұлы   педагог   А. С. Макаренко : «  Балалардың   алдында   беделді   болуды  қаламайтын   ата – ана   жоқ.   Бірақ  қалай,  қай   бағытта   өнеге   беріп,  өсіріп   келе   жатқанын   ойламастан,   бала   санасын   рухани   өктемдік   жасап  тәрбиелейтін  ата – ана   баршылық.   Бұл   беделді   болудың   қандай   жолы?   Мұндай   жолмен   келген   адал   баланың   санасы   жетілгенде   өздігінен   жойылады»  деген.

Отбасы  —   барлығының   басы,   жан —  жақты   дамуының  негізі  болатын   тәрбие   институты.   Отбасындағы   ата —  ана  мен   баланың   қарым  —  қатынасы    нәтижесінде,   адамгершілік,   эстетикалық,  дене   тәрбиесінің    алғашқы   үлгілері   қалыптасады.   Ал  әке  мен  шеше  —   баланың  алғашқы   тәрбиешілері.

Ата —  аналар   бала   бақытының   шынайы  бағбаны   болуы   тиіс .

Бала  бақыты  —  білімде.   « Білім   бір  құрал.  Білімі  көп   адам  құралы   сай  ұста   сықылды,   не   жасаса да   келістіріп   жасайды », —  дейді  А.  Байтұрсынов.

Бүгінгі    таңда   болып   жатқан   өміріміздегі   өзгерістерге   байланысты   ұстаздар   мен   ата —   аналардың   бала   тәрбиелеудегі   жауапкершілігі   арта   түсуде.   Балаларды   оқыту   мен  тәрбиелеуде   отбасының   басым   ролін   мойындай   отырып  бірлесе   жұмыс   жасау   керек.   Әрбір   ұстаз    ата —  аналармен   қарым  —  қатынас   жасауда   түрлі   тәсілдерді,  қазіргі   жаңа  технологияларды  пайдалана   отырып,   ата —  ананың   қызығушылығын   арттыру   мақсатында   жұмыс   жасаса,   ата —   ананың   балабақшаға,   тәрбиешіге   деген   көзқарасы   өзгерер   еді.

Ата —  аналармен   жұмысты   ұйымдастырудың  негізгі   мақсаты:

* Ата —  ананың   өмірге   деген  көзқарасын  өзгерту;

* Баланың  бүгінгі  жасаған   қадамы   ертеңгі   тұлға   қалыптасуына

үлкен   әсер  ететінін   атап  өту;

* Ата  — аналармен   жұмыс  жасаған   кезде   бірізділік   қағидасын  басшылыққа   алу;

 

Ал  міндеттері:

* Бала  өміріне  қолдау  жасау,  келешекте  өз  жемісін   береді.

* Қоғам  тарапынан  көрсетілген  қолдау,  ата —  ананың  өміріндегі  тұрақтылық  пен   болашаққа  деген  сенімін  нығайтады.

Қазіргі   уақытта  жұртшылықтың   балаларды   тәрбиелеуге  қатысы  кеңейе   түсіп,  тәрбие   жұмысы   еңбек  ұжымының   күнделікті   ісіне   айналуда   тәрбиешілердің   практикасында  ата —  аналармен  және   көпшілікпен   бірігіп   жұмыс   істеудің   әр  түрлі   формалары   қалыптасып,   жемісті   түрде   қолданылуда.   Олар   ата —  аналармен   жекелеп   және  ұжымдық  жұмыстар   жүргізді.

Отбасы   тәрбиесіндегі   кездесетін  сәтсіздіктер   ата —  аналардың   педагогикалық   сауатсыздығынан   және   оларда   тәрбие  жұмысын  жүргізуге   қажетті  тәржірибенің   жоқтығынан   болады.   Балаларды   тәрбиелеудің   дұрыс   жолын   табу  үшін   ата —  аналарға   көмектесу  тәрбиешілердің    міндеті .

Ата —  аналармен   жүргізілетін   жұмыс   түрлерін   қалай   ұйымдастыруға   болады?

Ол  үшін  біз  ата —  аналармен   жақынырақ   танысып,   отбасының   әлеуметтік   жағдайын,   отбасы   мүшелерінің   бала   тәрбиелеудегі   ролін   анықтау   үшін,   ата —  аналардың  ұсыныс  —  пікірлерін,   ойын   бөлісу   мақсатында   сауалнамалар,   анкеталық   сұрақтар   алуымызға   болады.   Сонымен   бірге   жыл  бойғы   жүргізілетін   жұмыс   түрлерін   ата   —   аналармен   бірлесе   отырып   жасаған   тиімді.   Себебі,  ата —  аналар   заман   талабына   сай   өзекті   мәселелерді,   отбасы   тәрбиесіне   байланысты   тақырыптарды   өздері   ұсына   алады.   Сонымен   қатар   ата —  аналардың   ұсыныс  —  пікірлермен  санаса   отырып   ата —   аналарға   арналған   әңгімелер  мен   лекциялар,    консультациялар,   сұрақ —   жауап   кештері,   тәрбие   жұмысын   алмасу   жөніндегі

конференциялар,   ата —  аналарды   педагогикалық   әдебиеттермен

таныстыру   әдіс  —  тәсілдері   қарастырылады.  М. Әуезов  « Қай   істің   болсын   өнуіне   үш  түрлі   шарт  бар.   Ең   алдымен   әуелі   ниет   керек,   одан   соң   күш  керек,   одан   соң   тәртіп   керек » .  Өмірлік   тәжірибе  ұлы   жазушымыздың       сөзінің   құдіреттілігін   байқатады.

Отбасы  мен   балабақша   арасындағы   байланысты    күшейтіп,   бағытты   жұмыс   жүргізу,   ұйымдастырылатын  мерекелік   іс —  шараларға,  ата —  аналар  және топ жиналыстарына   ата —  аналарды  тартудың   қажеттілігі:

* Балаларда  іс  —  әрекетті   таңдаудың   үлкен   мүмкіндігі  болады;

* Балалар   маңызды   жетістіктерге  жете  алады;

* Ұнайды;

* Балалар   еліктеудің   жаңа   үлгісін   алады;

* Ересектер   мұғалім   жұмысымен   жақын   танысып,   оны   бағалай   біледі;

* Ата – аналар   және   басқа да ересектер   мектепке   оқыту   философиясымен   және   оқу   жоспарларымен   танысады;

 

* Ата – аналар   және  отбасы   мүшелері   өздерінің   бала   тәрбиелеуге,   оқытуға   қатысы  бар   екендігін   сезінеді,

 

Тәрбиешілер   ата —  аналарға   ақыл  —  кеңес  беріп,   ұсынылатын   тыңдау   барысында   төмендегідей  қарым — қатынас   ережелерін   есте   сақтауы   керек;

Бір – біріне  көңіл  бөлу

Тыңдау

Сыйлау

Көзбе – көз  қарау

Тиімді   орынды  таңдау

Әзілді  сезіну

ұрыс – керістен  сақтану  сияқты

 

Сонымен   қатар   ата —  аналарға     тәрбиеші   сөзі   әсерлі,   отбасы  қажеттіліктеріне   байланысты  екендігін   түсіндіріп   толық  тыңдату  үшін;

Сиқырлы  сөздер   айту;

Баласының   жетістігін   айту

Сенімді   болу

Көңіл  —  күйіне   қарау

Намысына   тимеу

Материал   арқылы  сөйлесу  ( анкета,  тест,  т.б)

Қарапайымдылық

Пікірін  сыйлау

 

Ата —  аналармен   жұмыс  жүргізудің   негізгі   алғы   шарттары:

 

* Әрбір   отбасының   мықты   жақтары   болады,   әр   адам   жақсы   ата  —  ана  болғысы   келеді;

 

* Барлық   отбасы   көмекті   қажет   етеді,  көмек  түрі   отбасының   нақты   қажеттіліктеріне   байланысты   болады;

 

* Ата – анамен   жұмысты   ұйымдастыру   барысында  ата —  ананы,   яғни   отбасын   тәуелді   ету   емес,   оның   қиыншылықтарды   жеңу   мүмкіндігін   нығайтуды   көздеу;

 

* Баланың   дамуы  туралы   ақпарат  ата —   аналарға   бала  тәрбиелеуде  өз   ролін   жүзеге   асыруға    ықпал  етеді;

 

* Әрбір   отбасы   көрсетілген   көмектің   тиімділігіне   көзі   жеткенде  ғана,   қоғамдық   жұмыстарға   белсене   араласады;

 

* Тәрбиеші мен   баланың   оқуға   деген   қызығушылығын   арттыру   жолдарын   түсіндіреді;

 

* Ата —  анамен  баланың   ортақ  қарым —  қатынастары   жөнінде   кеңес   беру;

Ата – аналар  клубы

« Балабақшадағы,  отбасындағы   топтағы  кездесетін  қайшылықты  жағдайларды  шешуге   арналады»

Тақырыптық  кеңес

« ата – аналарды   психологиялық  педагогикалық  білім   және  тәжірибе  жаңалықтарымен  таныстыру,  кеңес  беру,  ой  қозғау, ой  қорыту »

Педагогикалық   семинар

« Отбасылық  тәрбиенің   әдіс —  тәсілдеріне   арналады.  Семинарға  тәрбиешілер де,  ата – аналар да  жан  жақты  дайындықпен  қатысуы  қажет»

Шығармашылық   кештер

« Балабақшаішілік  және   топішілік   болып,   озық   қабілетті,   танымал  ата —  аналарды   үлгі  тұту,  насихаттау   мақсатында   ұйымдастырылады»

 

Топқа  ата – аналарды   тартудың  қажеттілігі

 

*  Балаларда   іс  — әрекетті   таңдаудың   үлкен   мүмкіндігі   болады

* балалар   маңызды   жетістіктерге  жете  алады

* балаларға   отбасы мен   балабақша   байланысын   сезіну   ұнайды

* тәрбиешіге   балаларға   жетекшілік   жасау   жеңілірек  болады  жекелеп   оқыту   мүмкіндігі   туады

 

* ата —  аналар   және  отбасы   мүшелері   өздерінің   балаларының    оқытуға   қатысы  бар   екендігін   сезінеді

 

* ата – аналар   балабақшадағы   оқыту  —   тәрбие   жоспарларымен   танысады

Ата – анамен   жүргізілетін  жұмыс

Жұмыс түрлері :

топішілік  ата —  аналар  жиналысы

балабақшаішілік  ата – аналар   жиналысы

ата – аналармен  жеке  кездесу

ата – аналар  үшін  ашық  есік күн

мерекелік  кештерге  шақыру

ата – аналарды тренинг  ойындарға  қатыстыру

отбасылық  жарыстарға  қатыстыру

Негізгі   міндеттері  :

 

* тәрбиешінің   топ  ата —  аналармен  құрамын   зерттеуі

 

* ата – аналармен   тұрақты  байланыс   орнату

 

* ата – аналар   ұжымын   құру

 

* ата —  аналардың  педагогикалық  білім   дәрежесі   мен   мәдениетін   үнемі   арттырып   отыру

 

* үштік  одақ  ( бала, ата – ана,  тәрбиеші )  жұмысын   жандандыру

Атқаратын   қызметі  :

*ата-аналарды   топтағы   оқу  —  тәрбие   процесінің    мазмұны   және   әдістемесімен   таныстыру

 

* ата – аналармен   педагогикалық   және   психологиялық  ағарту   жұмыстарын   ұйымдастыру

*   отбасы   тәрбиесі   туралы   ата —  аналарға   педагогикалық   және   психологиялық   кеңес   беру

*  ата —  аналар   белсенділерімен   жұмыс   жүргізу   және    әр   түрлі   қоғамдық   ұйымдармен,   жұртшылықпен   өзара   әрекеттесуін   қауымдастыру

 

Ата  —   аналарға  арналған   жұмыстар

Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата-аналардың өзара сабақтастығы мен серіктестігін мынадай жұмыс бағытында іске асыруға болады:
— педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру

— іс-әрекеттің түрлі формалары (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу, әртүрлі үйірмелер, клубтар) және қосымша қызмет көрсету;
— балалардың шығармашылық жоспарларын іске асыруға жағдай жасау;
— қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;
— әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету;

І.Педагогикалық — психологиялық сауаттылыққа жетілдіру.

 

Ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерінің түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруына ықпал етеміз. Ата-аналардың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтайтын жағдайлардың кешені өз деңгейінде болу қажет. Олар отбасының тұрмыстық жағдайы, құрылысы және отбасы мүшелерінің саны, психологиялық жағдайы, мәдени білім деңгейі, ата-ана өнегесі.
Ата-аналарға педагогикалық сауаттылықтарын жетілдіру мақсатында
«Білгім келеді» сабағын өткізуге болады.
«Бала тілі — бал» тақырыбында арнайы топ газетін шығарып балалардың қызықты сәттері мен өз қиялдарынан шыққан тәтті сөздерін жазып іліп қою.
«Жылжымалы папка» ата-анамен байланыс дәптеріне ата-аналар өз пікірлерін жазып, кеңестермен таныстыға болады.
«Балам өсіп келеді…» тақырыбында ата-аналарға эссе байқауын өткізіп пікір сайыс ұйымдастырып талқылауға әбден мүмкін.

ІІ. Іс — әрекеттің түрлі формалары

Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатыстырудың маңызды нәтижесі ата-аналар өз балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады. Бәрін мен дұрыс істеймін бе, неге менде тәрбиелеудің өзге нәтижесі қалыптасқан, неге үйрену керек деген рефлекстік қызмет «іске қосылады».
Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс –тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.

Ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейілінше қызықты етіп өткізуіне үлес қосу үшін «Шебер қолдар» үйірмесін ұйымдастыруға болады. Балаларды қол өнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге , кейбір ата-аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға араластыруға болады.
Мерекелер, балаларды қорғау күні қарсаңында «Сүйікті ойыншықтарым», «Ғажайып балалар әлемі» атты акциялар өткізуге болады.

ІІІ. Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дұрыс бағытта дамыту үшін олардың жас ерекшеліктері мен нақты дара ерекшеліктерін ескере отырып қалыптастыру қажет. Балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы болмысты нақты әрекетімен таныстыра отырып, оны көркемдеп баяндап баланың сөздік қорын молайтып,тілін байытамыз.Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінен тыс уақыттарда шұғылдана алады. Барлық білім салалары бойынша іске асыруға болады.
Балалардың логикалық ойлау қабілеті, интелектуалдық дарындылығы, есте сақтау қабілеттері түрлі логикалық, сенсорлық ойындар арқылы баланың шығармашылық қабілеті дамып, ақыл-ой белсенділігі арта түседі. Шығармаларды, ертегілерді, әңгімелерді еске түсіріп сөйлеу шығармашылығын дамыта отырып, театрлық көрсетулер ұйымдастыруға болады. Ата-аналармен жүргізілген жиналыстарда балалардың жұмыстарынан көрме жасап қоямыз.

Ата-аналармен біріге отырып қуыршақ театрлары мен ертегілерді бірігіп сахналауға болады. «Тыңда балам, ертегі» айдарымен ұсынылатын әжелердің ертегілерін тыңдауды ұйымдастыруға.
Ата-аналармен, балалардың шығармашылықтарын шыңдай түсу мақсатында «Жарасымды отбасы»т.б. такырыптарға сайыстар өткізуге болады

 

  1. Қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.

Ата-аналармен мейілінше кең тараған жұмыстардың бірі ол ашық есік күні. Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу — оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, олармен қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. Ата-аналармен топтарға саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді көрсету (ұжымдық жұмыстар, серуендеуге жинау т.с.с.) немесе әдіскер ата-аналармен әңгімелеседі, олардың алған әсерлерін анықтайды, туындаған сұрақтарға жауап береді. Әңгімелерді жеке дара, ұжымдық түрінде өткіземіз. Бұл екі жағдай да, нақты міндет: нені анықтау қажеттігі, немен көмектесуге болатыны белгіленеді, ата-аналардың пікірлерін де тыңдаймыз.

Ата-аналар конференциясы. Конференцияның негізгі мақсаты – отбасылық тәрбиелеудің тәжірибесімен бөлісу. Ата-аналар алдын-ала мәлімдеме дайындайды, немесе оларды бірлесіп те дайындаймыз.Конференцияның өзекті тақырыбы мысалы, «Бала денсаулығына қамқорлық» атты конференция ұйымдастырып дәрігерлерді шақыруға болады.Сондай-ақ мұндай конференцияларға балалар әдебиетінің жазушыларын, заңгерді қатысуымен өткізіп, ата-аналармен пікірлер бөлісіп, өз қызметтерінің бала тәрбиесіне тигізер пайдасы туралы тәжірибелерімен бөлісе алады.
Конференцияны мектеп жасына дейінгі мекеме балаларының, қызметкерлерінің, отбасы мүшелерінің бірлескен концертімен аяқтауға болады.

  1. Әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету.
    Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даралығын дамытуға отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің дәстүрлі емес өзара іс-әрекеті бірлігінің

педагогикалық принципі негізінде жүзеге асыруда байқауға

болады.Тәрбиешілердің, қоғамдық ұйымдардың және отбасының ұрпақты тәрбиелеуде бірлесіп қоян-қолтық жұмыс істеуін талап етеді.Егер де тәрбиелеу күштері қалыптаспаса және бір-біріне қарама-қайшы келсе, онда бала психикалық жүктемелерге тап болады.
Дамытушы ортаға
• Демалыс аймағы;
• Интеллектуальдық — танымдық аймақ;
• Өз бетінше бейнелеу әрекетін жасау аймағы;
• Ойын аймағы.
Ата-аналардың белгілі білімдерді, әдістерді меңгеруі, проблемалық мәселелерді шешуге көмек көрсету кеңестердің басты мақсаты болып табылады.Кейбір жас ата-аналарға семинар — практикумдардың маңызы зор. Бұл нышан оқытудың әдістері мнн тәсілдері туралы айтуға, кітапты қалай оқу керектігін көрсетуге, иллюстрациялы суреттерді көруге, оқығаны туралы әңгімелеуге, жазуға қолын жаттықтыруға мүмкіндік береді.Топтық жиналыстарды талқылауға 2-3 мәселені ұсынады бір сұрақты тәрбиеші дайындайды, басқа мәселелер бойынша ата-аналар немесе мамандардың біреуі дайындайды. «Балалардың кітапқа деген қызығушылығын қалай ояту керек?», «Теледидар балаларды тәрбиелеуде дос па әлде жау ма?» өткізуге болады.

 

Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.
Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *