«Отбасы махаббаты неде?» /ата-аналарға арналған тренинг/

Есенова Жұмабике Базарбайқызы

Тренингтің міндеттері:
1) өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту;
2) баламен өзара қатынасты жақсы түсіну;
3) баламен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгеру;
4)Балалармен  бірге  мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету,

бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына  ықпал ету.

Қажетті құрал- жабдықтар:  үлестірмелі қағаздар,А4 формат,қалам, доп,интерактивті  тақта т.б.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық  жаттығулар.
Тренинг бағдарламасы:
1.«Сағат тілі » жаттығуы.
2. «Танысу» жаттығуы.
3. Ой жинақтау.
4.Балалардың қауіпсіздігі бойынша ата-аналарға  арналған  кеңестер (бейнеролик)

а/  6 «жоқ» туралы  сендіріңіз.

б/ Ережелерді  сақтау –қауіпсіздік  кепілі.

5.Сауалнама: «Сіз  қандай  ата-анасыз?»
6.Қорытынды.
Тренингтің  өтілу барысы :
Психолог сөзі:
-Сәлеметсіздер ме,  құрметті ата-аналар!
Бүгінгі  біздің «Отбасы махаббаты неде?»атты тренинг – сабағымызға қош

келдіңіздер!  Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші –ата –ана.

1.«Сәлемдесу» жаттығуы.

Мақсаты: жағымды  ахуал  қалыптастыру;

Нұсқау: «әр  ата-ана бірнеше бөліктен  тұратын  сурет  салып, әр бөлігіне басқа   ата-аналардың есімдерін жазады және әрқайсының жағымды  қасиеттерін көрсетеді.

Мыс: 1.Ақкөңіл. Барлығы  ақкөңіл  аналарға нұсқау бойынша  амандасады-иіліп немесе сүйіп  т.с.с
2. «Танысу» жаттығуы.
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есімін және балаңыздың есімін, балаңыздың жағымды қылығын атаңыз  Қандай  әсер алдыңыздар ? Не қиындық келтірді ?
3.Ой жинақтау .
Тақырып беріледі. (ата –аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады).
а/Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан  жасалатын  жағдайлар.
ә/Бала үшін мұғалім мен ата- ана  арасында қандай байланыс болуы керек?
4.Балалардың қауіпсіздігі бойынша ата-аналарға  арналған  кеңестер (бейнеролик)

 а/  6 «жоқ» туралы  сендіріңіз.

 б/ Ережелерді  сақтау –қауіпсіздік  кепілі.

 5.Сауалнама: «Сіз  қандай  ата-анасыз?»

Ата-аналардан тест алынып нәтижесі   шығарылады.

 

  1. Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
  2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

3.Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?

4.Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

5.Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

6.Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

7.Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?

8.Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?

9.Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз

ба?

10.Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?

11.Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?

12.Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?

13.Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

1.Әрқашан жасаймын,келісемін — 3 ұпай

2.Кейде ғана келісемін — 2 ұпай

3.Келіспеймін — 1 ұпай

0-16 — Бала тәрбиесі — сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру   үшін педагог немесе  психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

17-30 — Балаға қамқорлық жасау — бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиелік қабілет бар,  тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

31-39 — Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай,  әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.
 6.Қорытынды.«Тілек шамы».
Мақсаты:
тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Ата-аналардың, қатысушылардыңтілектеріменбүгінгіжұмыстықорыту

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *