Орындаушылар және олардың командалар жүйесі

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3 А Біздің өміріміздегі алгоритмдер

Күні:

23.01.2018

Сынып:

 5 а

Сабақ тақырыбы

Орындаушылар және олардың командалар жүйесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

·       5.3.2.3 – орындаушылар және олардың командалар жүйесі

·       5.3.2.2 –алгоритмді сөз түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Орындаушы ұғымымен танысады.

    Көпшілігі: Түсінеді, талдайды, білімін өзгертілген жағдайда қолданады. Формальды және формальды емес ұғымымен танысады.

    Кейбірі: Білімін жинақтайды, рефлексия жасайды. Әр орындаушының командалар жүйесін меңгереді.

Бағалау критерийлері

1. Орындаушы мен командалар жүйесін ажыратады.

2. Командалар жүйесі көмегімен алгоритмдер құрады.

3. Орындаушылар мен командалар жүйесіне мысалдар келтіре алады.

Тілдік  мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:
Алгоритм, команда, орындаушы
Орындаушы-исполнитель-
executor
Команда-команда-
command
Алгоритм-алгоритм-
algorithm

Құндылықтарды дарыту

ынтымақтастық

-шығармалышық   және сын тұрғысынан ойлау

-жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі

Алдыңғы білім

Алгоритм және алгоритм түрлерін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

Ресурстар

Сабақтың басы

15 минут

 

   

Оқушылармен амандасу. Good  moorning  children!

How are you? Who is on duty today?  Who is absent? Thank you!

     Психологиялық ахуал қалыптастыру «Айна» әдісі арқылы  -«Mirror». Оқушылар айнаға қарап «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап береді және ағылшын тіліне аударады

Рахмет! Thank  you!

 Топқа бөлу. Сурет қиындылары арқылы үш топқа бөлу      

Үй тапсырмасын пысықтау.

1-тапсырма. Сәйкестендіру

Сызықтық алгоритм

 

Басы

Егер күн ыстық болса

 онда шомылуга барамын

әйтпесе үйде қаламын

Соңы.

Тармақталған алгоритм

Басы

Үй тапсырмасын орындау

Орындалса қыдыруға бар

Орындалмаса, қайта орында

Соңы.

Циклдік алгоритм

Басы

Жерді қазамын

Көшетті отырғызамын

Су құямын

Күтім жүргіземін

Соңы.

 2-тапсырма

Топтық жұмыс. Мазмұндық сызба жасап, қорғау

1-топ: Сызықтық алгоритм

2-топ: Тармақталған алгоритм

3-топ: Циклдік алгоритм

     Айна, таратпа қағаздар, мазмұндық сызба

Сабақтың ортасы

15 минут 

 

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын топқа бөлінген суреттермен миға шабуыл арқылы айқындау

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

             Алгоритм өзі құрылмайды,  ол орындаушыға арналып құрылады. Дәл сипатталған  тапсырма алгоритм болып табылады, ал алгоритмдегі кез келген іс-әрекет команда деп аталады.

            Алгоритм орындаушысы дегеніміз – алгоритмді жүзеге асырушы.

           Орындаушының нақты орындалуы мүмкін  командалардың жиынтығы орындаушының командалар жүйесі деп аталады.

             Орындаушылар формальды және формальды емес болып екіге бөлінеді.

             Формальды орындаушы бір команданы бір қалыпты, өзгеріссіз орындайды

            Формальды емес орындаушы бір команданы түрлі әдіспен орындайды.

            Алгоритм орындаушыларына адам, компьютер, техника, роботтар

      Ең танымал орындаушы  — компьютер.

          Қазіргі кезде адамға және жануарларға ұқсас роботтар көптеп құрастырылып жатыр. Солардың ішіндегі ең танымал роботтар: 1999 жылғы Aibo және 2000 жылғы Asimo Жапонияда шыққан, 2015 жылғы София  Қытайда шыққан.

 

  Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беру

1-тапсырма. Кестені толтырыңдар

Команда нөмірі

Алгоритмнің командасы

Команданың орындалу нәтижесі

1

Компьютерді қос

2

Алгоритмге мысал жазылды

3

Мысалды мұғалімге тексерт

4

Соңы

2- тапсырма. Техникалық диктант.

            …деп  алға қойған мақсатқа жету үшін орындалатын іс-әрекеттердің тізбектеліп орындалуын айтамыз. Алгоритмнің … түрі бар. … белгілі бір логикалық шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайды. Циклдік алгоритм дегеніміз… . … дегеніміз алгоритмді жүзеге асырушы. Алгоритм орындаушылары формальды және … болып екіге бөлінеді. Ең танымал орындаушы … .

     Оқулық, тұсаукесер, таратпа қағаздар

Сабақтың соңы

10 минут

Сабақты бекіту: «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы сабақты бекіту.

1.Алгоритм дегеніміз не?

 

2.     Алгоритм қасиеттерін ата?

3.     Алгоритмнің неше түрі бар?

4.     Сызықтық алгоритм

дегеніміз не?

5.     Тармақталған алгоритм

дегеніміз не?

6.     Циклдік алгоритм

дегеніміз не

7.     Алгоритм орындаушысы

дегеніміз не?

8.     Орындаушының командалар жүйесі дегеніміз не?

9.     Алгоритм орындаушыларын ата?

10.  Команда дегеніміз не?

 Кері байланыс жүргізу: «Блоб ағашы» әдісі арқылы                                                             

 

    Жіп,  Блоб ағашының суреттері

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *