«Ойын — өмір мектебі».

«Ойын — өмір мектебі».

«Балаға керегі- ойын».

Ойында бала көрген – білгенін екшейді,

үйренгенін нығайтып бекітеді.

Нәзипа Құлжанова

 

  Мектепке дейінгі тәрбие — барлық  тәрбиенің бастамасы. Ал, баланың  жан — жақты дамуы үшін ойынның  рөлі ерекше.  Ойын  барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп,  жауапкершілігі  артады. Ойын — өсіп келе жатқан бала организмінің  қажеті. Ойында баланың дене күші артады,  қолы қатайып,  денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі.    

 Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен  байланысты. Баланың өмірге қадам басардағы  алғашқы қимыл – әрекеті  — ойын. Қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» — деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойынның бірнеше түрлері бар. Олар: қимылды ойындар, дидактикалық ойындар,  рөлдік – сюжеттік ойындар, ұлттық ойындар, топтық ойындар,  логикалық ойындар,  дамытушы ойындар т.б.

Қимылды ойындар балалардың жан-жақты өсіп жетілуінде үлкен рөл атқарады. Ойын баланың секіру,

лақтыру, қағып алу іскерліктерін дамытады.  Қимылдарды орындау, батылдық, шапшаңдыққа, ептілік, тапқырлық, сенімділік сезімін күшейтеді және ұжымда өзінің тиісті орын алуға көмектеседі.

Дидактикалық ойындар балалардың  ақыл – ойының, сезім қиялының қалыптасуына, қызметіне қарай заттардың топтасуына, заттарды өсу, кему ретімен орналастыруға, зейін қоя білуге, есте сақтау, байқағыштық қабілеттері дами түседі.

Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады. Бала саналы , мәдениетті, адамгершілігі  мол болып, жан – жақты дамуы үшін және  тілін, сөз байлығын дамыту , айналадағы өмір құбылысын меңгеру  үшін  дамытушы ойындар  үлкен  рөл атқарады.

  Міне, осы оқулықтың кіріспесінен әртүрлі қимыл – қозғалыс,  дидактикалық т.б ойындарға қажетті  ойын материалын дұрыс таңдап, оны  іс – тәжірибеде қолдануларыңызға тілектеспін.  

        

«Заттар әлеміне саяхат»

Ойын мақсаты: топ бөлмесіндегі көптеген әр – түрлі заттарға балалардың назарын аудару. Олардың нақты атаулары мен қасиеттерін балалар біледі ме, жоқ па соны тексеру. Балаларға түрлі жағдайларда және күнделікті өмірде оларды дұрыс пайдалануға дамыту.

Ойын ережесі: Үлкен саяхатшының нұсқауларын орындау. Заттарды көрсете білу және барлығын көрінетіндей, естілетіндей етіп атын атау. Заттардың ерекшелігі

жөнінде және оны қолдану ережесін айту. Қиналған кезде бір – біріне көмектесу.

Ойын барысы: біз саяхатшылармыз, «Запттар әлеміне» барамыз. Қараймыз, біздің бөлмемізде қандай жиһаздар бар екен. Қалай аталады, ол не үшін? Танысамыз жиһаздың бір түрінен басқа бір түрін немен ажыратамыз?  Саяхатымызды мына жерден бастайық. Заттар әлеміне келгендей боламыз. Саяхатшылар дайындалыңдар! Кеттік!

Мынау не?

Неліктен заттар әлемінде кішкентай орындық? Кім мында тұрады?

Балалар: «Заттар әлемінде» кішкентай балалар тұрады.

Тәрбиеші: Саяхатшылар сендер орындық екенін қайдан білдіңдер? Балалар орындықты алып, жақсылап қараңдар. Орындықта не бар?

Балалар: орындықты қарайды және оның негізгі бөліктерін белгілейді (төрт аяғы, арқалығы, отыратын тақтайшасы)

Тәрбиеші: Саяхатшылар дұрыс жауап бердіңдер. Ал, сендер қалай ойлайсыңдар: орындықтар сөйлейме, қуана ма, шағымдана ала ма?  Қалайша? Қазір білеміз! Әр біреуі бір – бір орындықтан алып, бөлменің басқа бір бөлігіне апарып оған отырады.  Балалар орындықты әр түрлі тасиды: біреуі тиянақты арқалығынан ұстаса, енді біреуі сүйреп, біреуі тарсылдатып қойып, құлап сүрініп отырып, басқалары тиянақты отырып, ары қарай не боларын асыға күтуде. Міне, орындықтар өздері туралы және сендер туралы айтып берді. Біреулер балалардың дұрыс тиянақты, ұқыпты, тарсылдатпай, сүйретпей қойғанына қуанса, енді біреулері осы жасаған қылықтарына ашуланды. Орындықтарды енді ренжітпейік және ұқыпты қолдана білейік. Осылайша басқа заттардың да сырын ашып ойнауға болады.

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *