Ойын – бастауыш сыныпта оқытудың негізгі құралы

Шалжанова Айсұлу Нұрлыбекқызы

Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс — әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, т. б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ.
Әрбір ұстаздың мақсаты — сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай — ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі — «Ойын арқылы оқыту» технологиясы..«Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс-әрекет деп түсінеді.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Ойын –бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтар, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалайды. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, таным-түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады. А. С. Макаренко: «Ойын — балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды . Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады . Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен , тәрбиені ойын арқылы алады,»- деп балалар ойынын жоғары бағалаған.

Сабақты ойын түрінде жүргізу оқушылардың білімге ынта-ықыласын арттырады. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Оқытудың түпкі мақсаты –оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге оның әдіскерлік танымдық, білімдік, тәрбиелік қызметі мен практикалық бағытын күшейту де осы міндеттерден туындайды. Сабақты ойын түрін пайдалану –сабақтың әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрін оқу үдерісінде пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезінде,   қайталау сабақтарында пайдаланған тиімді. Ойын түрі сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Дидактикалық ойындар барлық сыныптарда қолданылады.

Жеке тұлғаның ақыл-ойын, танымдық үдерісін жетілдірудің, әлеуметтендіру мен жан-жақты тәрбиелеудің көрсетткіші ретінде бағаланатын оқу үдерісінде оқушылардың жас және дербез ерекшеліктерін ескере отырып, ойын әрекеттерін ұтымды пайдаланудың мүмкіндіктері мол.

Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Мен өзімнің әрбір сабағымды оқушыға қызықты етіп өткізуге тырысамын.Осы тұрғыда  сабақтарымда ойын түрлерін жиі пайдаланамын. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой — өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін.Сауат ашу сабағында «Адасқан әріптер», «Кім жылдам?», «Жалғасын тап», «Адасқан буындар» т.б.ойындар оқушыларға дыбыс,әріп,сөз,сөйлем туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектеседі,оқушы ойын,шапшаңдығын дамытады,бір-бірімен қарым-қатынас жасауды үйретеді. Математика сабақтарында «Кел,ойнайық!», «Өз орныңды тап», «Көршіңді тап» т.б. ойындары сандар қатарын танып,әр санның өз орның біліп,оларды дұрыс атауды үйретсе, «Балық аулаық», «Домино», «Күн мен түн», «Пошташы» т.б. ойындар шапшаң және дұрыс есептеуге,сандар құрамын білугеөз септігін тигізеді.Қоршаған ортаны танып,табиғат құбылыстарымен таныстыратын да ойындар. «Суретші» ойынын оқушыны жыл мезгілдерімен таныстыруда қолданамын.Оқушы «суретші» болып жыл мезгілін өз ойындағы  бейне арқылы ауызша жеткізе білу тиіс. «Кім білгір» ойыны оқушыға жануарларды,табиғат құбылыстары т.б. туралы білімін ортаға салуға көмектеседі.

Қорыта айтқанда, кез — келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой — өрісін ойын арқылы дамытады.Соңғы нәтижеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Артта қалған, жасық мектептен қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше, баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.
Ойындар — оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды.В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «
Ойын баланың артынан өмір есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін дамытады ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес
Ойынсыз ақыл — ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»Олай болса жас бүлдіршіндерді оқытуда
Оқы да біл,
Ойын — еңбек.
Ойна да күл,
Ойын — оқу,- деп сөзімді аяқтағым келеді.

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Сухомлинский В.А.  «Балаға жүрек жылуы». — Алматы: Мектеп, 1976.

Эльконин Д.Б. Психология игры М.: Педагогика, 1978.

  1. журнал «Педагогика жаршысы»№4 2010,№3 2010ж,
    4. «Ойнайық та, ойлайық» Алматы кітап 1996.
  2. «Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар»
    Ш.Х.Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ. Өміртаева «Атамұра» 1997ж.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *