Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар

Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар
Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.
Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Қазіргі таңдағы білім беру инновациялық технология түрлері
1.Денсаулық сақтау технологиясы
2.Жобалы-іс шығармашылық технологиясы
3.Зайцев технологиясы
4.Әуенді кесте технологиясы
5.Дамыта оқыту технологиясы
6.Ақпараттық қатынастық технология
7.Ойын технологиясы
8.ТРИЗ технологиясы
Денсаулық сақтау технологиясы
Денсаулық сақтау технологиясының негізгі мақсаты :
Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес. Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясы мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:
-Мектепке дейінгі мекемелермен;
-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы;
-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы;
-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар;
-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі;
-Балалардың денсаулық көрсетілімі.
Жобалы-іс шығармашылық технологиясы
Балабақшада баламен педагог бірлесіп жүргізеді.
Яғни баланы тәрбиешімен бірге ізденуге,проблемелық іс-әрекетті жасай білуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. Жобалар бөлінеді:
Қатысушылар санына қарай : жеке,екі адам, топпен.
Ұзақтығына қарай: қысқа мерзім,орта және ұзақ мерзімдік.
Әдіс түрлері: шығармашылық, ойын, зерттеу, хабарлама.
Тақырып бойынша: баланың отбасын қатыстыру, табиғат, қоғам т.б
Зайцев технологиясы
Зайцев технологиясы бойынша оқыту бұл ойын арқылы оқыту.
Технологияның негізгі мақсаттары:
 Мектепке дейінгі жастағы баланы санауға, оқуға үйрету;
 Балаларға оқыту мен санаудың қатар жүргізілуі арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
 Бүктеу арқылы оқыту;
 Өлең айту арқылы оқыту;
 Балаларды оқу арқылы жазуға үйрету;
 Балалардың барлық есте сақтау түрлерін қолдану-дыбыстық, моторлық, кинестикалық, түстік дағдыларын қалыптастыру;
 Көрнекіліктерді кеңінен пайдалану;
 Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауы.
Әуенді кесте технологиясы
«Әуенді кесте» технологиясы мектепке дейінгі (5-6,7 жастағы) ұйымдардың ересек және мектепалды дайындық топтарына сауат ашу және жазу негіздеріне арналған оқу құралы «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы негізінде құрастырылған. Оқу құралы ҚР МЖМБС-қа сүйене отырып дайындалған.
Ізденіс шығармашылық технологиясы
Ізденіс шығармашылық технологиясының мақсаты:
— Балалардың ізденіс құзіреттілігін дамыту ТРИЗ технологиясы міндетті түрде қолданылады Экспериментті-ізденіс әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру — Шығармашылық — Эвристикалық әңгімелер — Қиындық туғызатын сұрақтардың шешімі мен құрылымы — Бақылау — Модульдік (жансыз табиғаттың өзгерістерінің модулін құру) — Тәжірибелер — Қорытындысына баға беру Бақылау, тәжірибе, эксперименттер, еңбек іс-шаралары «Жүктеу»бояуға, дыбыстауға, табиғаттың бейнесі және иістер — Табиғаттың дыбыстарына, дауыстарына еліктеу — Көркем сөздерді қолдану — Дидактиқалық ойындар, үйретуші ойындар және шығармашылық даму жағдайлары — Еңбек ету.
Ойын арқылы оқыту технологиясы
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету.
Ойын технологиясының ерекшелігі: ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.
Ақпараттық қатынастық технологиясы
Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұрады (қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану технологиясы). Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынандай міндеттер қояды.
Міндеттері: — Жаңа заманға қадам басу;
— Жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу;
— Компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау;
— Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру;
— Педагогтардың профессионалдық деңгейін және ата –аналардың құзыреттілігін көтеру;
— Бағдарламаны жіктеу;
— Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
— Шет тілінде сөйлейтін сөздік;
— Қарапайым графикалық редактор;
— Ойын-саяхаттар;
— Оқуды, математиканы үйрету.
ТРИЗ технологиясы
ТРИЗ — дің мақсаты — тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін — өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.
Тризшылардың ұраны — “Барлығын айтуға болады!” Балалық шақтағы ТРИЗ-баланың ойлау процесімен, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістері мен компьютерлік үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі.
ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г.С.Альтшулер ойлап тапқан. Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.
Тәй-тәй технологиясы
Негізін қалаған: Джорж Сорос
Мақсаты: Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
Монтессори технологиясы
Негізін қалаған: М.Монтессори
Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеу.
Дамыта оқыту технологиясы
Негізін салушылар мен зерттеушілер: В.Давыдов, В.Занков, В.Эльконин, П.Эрдниев
Мақсаты: Баланың жалпы жан дүниесін және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері:
1.Ой толғаныс әдісі
2.Ассоциация әдісі
3.Салыстыру әдісі
4.Раунд-Робин әдісі
5.Топтастыру әдісі

1. Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те атайды. Бұл әдіс көбіне ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады. Мысалы жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.
2. Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады. Мыс:
Жалпы отбасы: ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні
3. Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды.
Мысалы: Алма мен қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы
4. Раунд-Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мыс:
«Гүлдер» тақырыбында
-Гүл өсімдік
-Гүл әдемі
-Гүлді жұлуға болмайды
-Анамызға сыйлаймыз
-Достарымызға сыйлаймыз т.б.
5. Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.
Мыс: «Пішіндер» тақырыбын өткенде
І топ – Үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық пішіндерді тауып, көрсету, атын атау.
ІІ топ – Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау.
ІІІ топ – Санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыру.
Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым-қатынас арқылы ғана өз жемісін береді. Бүгінгі күн бәсекелестік пен жоғары технологияның, ғылым мен білімнің заманы.
Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір ұстаздың міндеті.
Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескерген, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.
Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға қойылатын талаптар студенттерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *