«Ойнайық та, ойлайық»

Тәрбиеші: Жүгініс Гүлжайна Егізбайқызы
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика негіздері
Тақырыбы: «Ойнайық та,ойлайық»
Мақсаты: Балалардың математика оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру,берілген тапсырманы ынтамен дұрыс орындауға үйрету.Тура және кері санауды одан әрі дамыту,ой өрісін кеңейту.Үшбұрышты әртүрлі пішіндердің ішінен табуға дағдыландыру.Тәрбиешіні мұқият тыңдап, сұрақтарға толық жауап беруге тәрбиелеу. Жұмысты ретімен атқара білуге дағдыландыру..
Әдіс-тәсілдері: ойлау,есте сақтай білу,сұрақ-жауап, қиялдап көру қабілеттерін дамыту.
Қажетті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: Үйшіктің суреті, бірден беске дейінгі сандар белгісі, геметриялық пішіндер, үлестірмелі материалдар.

Іс-әрекет
бөлімдері Тәрбиешінің
іс-әрекеттері Баланың
іс-әрекеттері

Мотивациялық-
қозғаушылық

Шаттық шеңбері.
Біз жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз,
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз.
Балалар залға жақсы
Көңіл-күймен кіреді.
Шеңбер құрып, сөздерді қайталап, қонақтармен амандасады.

Ізденуші-
ұйымдастырушы

Жыл мезгілі, апта күндері туралы әңгімелесу.

-Балалар,қазір жылдың кай мезгілі?
-Күздің неше айы бар?
-Күз айларын атаңдар?
-Балалар,бүгін біз ертегі әлеміне барамыз.

Алаңқайда бір үйшік тұр,үйшікке карай 1 саны келеді, есікті қағады.
«Тоқ,тоқ үйшікте кім бар екен?» Ешкім жауап бермейді. Есікте кіру үшін, тапсырманы орындау керек деген хабарлама жазылған.

-Балалар тапсырмаларды бірге орындаймызба?
1-ші тапсырма: 5-ке дейін тура кері санау
1 саны тапсырманы орындайды балалармен бірге
Ойын: «Қай санды жасырдым?»
1-ден 5ке дейінгі санның біреуін жасыру.
Алаңкайдағы үйшікке 2 саны келеді, есік кағады
«-тоқ тоқ үйшікте кім бар? (1 саны жауап береді)
-Үйшікте мен ,1саны бармын
-мені кіргізші
-Мынадай тапсырманы орындасаң ғана үйшікке кіресің. Алдымен геометриялық пішіндерді ата (2 саны тапсырманы орындайды)

Ойын. «Не өзгерді?»
Пішіндер туралы
-Алаңқайдағы үйшікке 3 саны келеді, есікті қағады
Тоқ, тоқ үйшікте кім бар? (2 саны жауап береді)
Үйшікте мен 2 саны бармын, мені кіргізші?! Мынадай тапсырманы орындасаң, үйшікке кіресің

Логикалық есеп: «Нешеу?
1.5 қонжық орманға
Бара жатты қорбаңдап
Біреуі оның шаршады,
Әрі карай бармады
Қанша конжық кетті алға?

2. Менде болды 3 алма
Бердім досыма 1 алма
Қалды сонда неше алма

3.Тарелкеде 4 алмұрт
Батыр алды біреуін
Қалды сонда неше алмұрт?

-Алаңқайдағы үйшікке 4 саны келіп есік қағады
-тоқ тоқ үйшікте кім бар? (3 саны жауап береді)
-Үйшікте мен 3 саны бармын, мені кіргізші
-Мынадай тапсырманы орындасаң , үйшікке кіресің

Сергіту сәті
Оңға ,оңға түзу тұр,
Солға ,солға түзу тұр
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым,
Жоғары төмен карайық
Орнымызды табайық.

Алаңкайдағы үйшікке 5 саны келіп, есік қағады
Тоқ,тоқ үйшікте кім бар (4саны жауап береді)
-Мынадай тапсырманы орындасаң үйшікке кіресің,
Балалар ,устелдің үстіндегі заттармен жұмыс жасаймыз.

-Күз мезгілі, келесі келетін мезгіл –қыс.
Апта күндерін атайды.
-Дүйсенбі
-Сейсенбі
-Сәрсенбі
-Бейсенбі
Жұма
-Сенбі
-Жексенбі
-Күз
-үшеу
-Қыркүйек,қазан,қараша
Балалар үйшікке таңырқай карасады

-ия

1,2,3,4,5
5,4,3,2,1

Балалар 2 санына пішіндерді айтуға көмектеседі.

Балалар неше қонжық қалғанын айтады.

2 алма

3 алмұрт

Балалар 4 санымен бірге сергіту жаттығуын жасайды.

Рефлексивті-
коррекциялаушы

Сандарды тура және кері санау.
«Пішіндерді ажырат»

Оқу қызметін қорытындылау.

Балалар қоштасады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жыл мезгілдерін, апта күндерін біледі.
Игереді: 5 ке дейінгі сандарды тура және кері санауды игереді.
Түсінеді: Пішіндерді түр сипатына қарай ажыратуды түсінеді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *