Ойлайықта – ойнайық

Сулейменова Гулдана Сабыржановна

 

 

Мақсаты: сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санауға үйрету. Балалардың тілін дамыту, іздемпаздыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту сәті, жұмбақтар, ойын.

Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар(шар, геометриялық пішіндер: үшбұрыш, төртбұрыш, сопақша, сандар),интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

А) Шаттық шеңбері:

Біз бақытты баламыз,

Балабақшаға барамыз.

Бәрің бізге қараңыз

Қазір амандасамыз.

Сәлем, сәлем Алтын күн,

Сәлем, сәлем, достарым.

Сәлем, сәлем бақшаға

Сәлем, сәлем бердік баршаға.

Сәлеметсіз бе апайлар?

— Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз сәтті болсын, орнымызға отырайық. Бүгін қарапайым матиматикалық ұғымдар туралы ашық оқу іс-әрекеті.

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Төрт мезгіл. Қане атап шығайықшы? (қыс, көктем, жаз, күз)

-Мына шарлардың түсі де сол төрт мезгілге белгілейік.

-Мына шардың түсі қандай(жасыл,қызыл,сары, ақ)

Әр мезгілмен түстерді салыстырып және ол мезгілдегі ерекшеліктерді, ауа- райын айтып ой пікір таластыра отырып қайталап еске түсіру.

— Өте жақсы балалар, біз шарлардың түсін білдік, жыз мезгілін, ауа-райын болатың құбылыстарды білдік. Енді мына шарлардың ішінде не барын білгілерін келеме?

Қане шарды кім жарады?(бір бала шығып шарды жарады)

-Балалар , бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар, мына кемеге отырып «Қызықты матиматика» еліне саяхатқа барамыз.

1-тапсырма: 1-ден 5-ке дейін тура кері санау.

2-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Жоғалған сан» Сандардың көршісін табу.

3-тапсырма: Логикалық есептер

Бес алманың екеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады?

-Ағашта бес құс отыр еді, оның үшеуі ұшып кетті. Ағашта неше құс қалды?

-Себетте екі алма, табақта үш алма, қосқанда барлығы болады неше алма?

Сергіту сәті:

Бір үйде нешеуміз,

Кел санайық екеуміз.

Бас бармағым-атам,

Балан үйркек-әжем,

Ортан терек- әкем,

Шылдыр шүмек-анам,

Кішкентай бөбек- мен.

Бір үйде біз нешеуміз,

Бір үйде біз бесеуміз.

 

Бір дегенім- білім,

Екі дегенім-егеу,

Үш дегенім- үскі,

Төрт дегенім-төсек,

Бес дегенім-бесік,

Алты дегенім- асық,

Жеті дегенім- желке,

Сегіз дегенім-серке,

Тоғыз дегенім- торқа,

Он дегенім-оймақ,

Он бір қара жұмбақ.

-Енді балалар, сендерге жұмбақ жасырып көрейік, кім тапқыр екен?

Құстан аумайды,

Көкте заулайды.(Ұшақ)

 

Қақпаны аштым,

Ақ шашу шаштым.(Таң) т/б

Ал, балалар енді мына кемеге отырып «Қызықты матиматика» еліне саяхатқа барайық.

 

Керемет қызықты жерлерге саяхаттап, жол бойы көргендерін есепке алып отырады (қайтадан жыл мезгілдерін,болатын құбылыстарды, түр түсті жол бойы сұрап отыру).

-Ал, балалар саяхаттап келдік, енді үлестірмелі материалдармен жұмыс жасайық.

-Балалар, ақылмен ойлап әртүрлі нірселерден жасауға болады екен. Геометриялық пішіндерденді ажырата білсек, енді «Қызықты матиматика» еліне саяхатқа баратың кемені құрастырсақ жиі өзіміз барамыз.

Қорытынды:

Біз 1-ден 5-ке дейін тура кері санадық;

Логикалық есепті шығардық;

Жұмбақтар шештік;

Санамақ айттық;

-Балалар, келесі сабағымызда  «Қызықты матиматика» еліне саяхатқа құрастырған кемемен өзіміз барамыз.

-Қарандаршы, балалар қандай әдемі кеме құрастырдық.

Сендерге көп-көп рахмет.  Бүгінгі сабағымызда сендер өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге арнайы шарлаым бар, қабыл алыңдар!

-Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.

Көріскенше күн жақсы.

Сау болыңыздар.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *