Облыстық семинар өтті

Облыстық семинар өтті

 

«Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-ң  директоры А.Қ.Салмарбекова басшылығымен «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік-педагогикалық қызметінің маңыздылығы» тақырыбында семинар өткізілді. Аталмыш семинарға Жамбыл облысынан  40 маман қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты  әлеуметтік-педагогикалық консультатция беру қызмет алушыларға олардың алдында тұрған педагогикалық-психологиялық проблемаларды дұрыс бағытта және дұрыс  түсінуге білікті көмек көрсету; әлеуметтік – медициналық қызмет алуына   көмек көрсету олардың денсаулығының сипатын , физикалық және психикалық  жай күйін ескеріп қызметтерін уақытылы және қажетті көлемде ұсынылуын қамтамасыз ету; әлеуметтік –мәдени қызметте балалардың ой — өрісін  кеңеюіне шығармашылық  белсенділігін  арттыруына мүмкіндіктер  туғызу болды. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды  үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» бас маманы Досалиев Нұрбол Бейсенұлы семинарды құттықтау сөзімен ашып берді.

Тәрбиеші А.М.Мадимарова ІІ деңгейдегі балалармен «Үй жануарлары. Төрт түлік» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, мамандарға жаңа технологиялық әдістемесімен бөлісті.

Сонымен қатар, дефетолог мұғалімі А.Н.Сейтхожаева «Асық әдістемесі» бойынша ІІ-деңгейдегі Төлеген Қуанышпен жеке жұмыс өткізді. Асық  табиғи зат  болғандықтан, бала денсаулығына еш  зиянын  тигізбей,  баланың шапшаң, епті болуын және ұсақ қол моторикасын дамытты.

Ал, логопед А.А.Бакембаева «Ғажайып әлеміне саяхат» тақырыбындағы ІІ деңгейдегі Бірлік Кәусәрдің «Р» дыбысының артикуляциясын нақтылай отырып, көру және есту қабілетін дамытып, дауысын, тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін, дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын қалыптастырды.

Психолог А.А.Тельжигитова «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» атты тренингпен жалғастырды.Ондағы мақсаты қатысушы мамандарға жақсы көңіл-күй сыйлау және ұйымшылдықпен қатысуға шақыру болды.

         Мәдени ұйымдастырушы Г.Б.Султанова концерттік бағдарламаны өткізіп,  балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлап, балаларды көпшілік ортаға бейімдеді. Измағанбетов Альмухамед «Тәтті ару» әнін орындап, Шакишева Дияна «Бақыт құсы», Төлеген Қуаныш маманмен бірге «Стиляги», Алтынхан Бағлан «Періштелер» биін тарту етті. Келген қонақтар балалардың өнерлерін  тамашалады.

Семинар соңында мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік-педагогикалық маңыздылығы туралы мәселелер талқыланды. Семинар жақсы деңгейде өткізілді.

 

Әдіскер: Амангелді Ж.Е.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *