Нөмірленген және таңбаланған тізімдер

Есқуатова Ақторғын Ғалиқызы

Класы: 6

Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және таңбаланған тізімдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Ms Word мәтіндік редакторында  нөмірленген және таңбаланған тізімдер ұғымымен таныстыру, мәтінді пішімдей білуге үйрету;

Тәрбиелік: Оқушыларды іскерлікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың теориялық түрде алған білімдерін практикада еркін қолдану дағдыларын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ;

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс;

Сабақтың көрнекілігі: Үлестірме қималар, мәтіндер;

Сабақтың құрал-жабдығы: Компьютер, интерактивті тақта;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

— оқушылармен сәлемдесу;

— оқушыларды түгендеу;

— оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушыларға «Шегініс. Интервалдар» тақырыбы берілді.

«Кім тапқыр?» сайысы

«10 ұпай»

1.Информатика қандай ғылым?

2.Ақпарат дегеніміз не?

3.Мәтіндік процессор дегеніміз не?

«20 ұпай»

1.Мәтін теру ережелері?

  1. Ms Word мәтіндік редакторын іске қосу алгоритмі
  2. Ms Word мәтіндік редакторының интерфейсі?

«30 ұпай»

1.Абзац дегеніміз не?

2.Жоларалық интервал дегеніміз не?

3.Қаріптер топтамасындағы Ж, К, Чқандай батырмалар?

«40 ұпай»

1.Құжатты бірінші рет сақтау үшін қандай әрекеттер орындалады?

2.Тақырып жолында не көрсетіледі?

3.Мәтін бөліктерімен жұмыс істеу үшін алдымен …

«50 ұпай»

1.Жоларалық интервал туралау үшін қандай команда орындалады?

2.Шегініс дегеніміз не?

3.Көлденең сызғыштың көмегімен қандай шегініс қойылады?

 

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. Жаңа сабақты сұрақтар қою арқылы ашып алу;
  2. Теориялық материалды түсіндіру: «Нөмірленген және таңбаланған тізімдер»

Нөмірленген тізім – бұл нөмірленген абзацтар қатары.

Маркерленген тізім – әрбір пункті бірдей маркерлермен белгіленген абзацтар.

 

Маркерленген тізім құру үшін келесі әрекеттер орындалады:

1.Негізгі қосымша бетіндегі Абзац тобынан Маркерлер командасын таңда;

  1. Маркерленген тізім үлгісінде ұсынылған жеті маркердің ішінен бірін таңда;
  2. Жаңа маркерді аныктау терезесінен Жаңа маркерді анықтау пункті арқылы маркерді өзгерте аламыз;
  3. Маркердің және Мәтіннің орналасуын сызғызтағы маркермен туралауға болады.

Маркерленген тізімді жасау кезінде маркердің әр түрлі түрін таңдауға болады. Маркерлербатырмасынаң қасында орналасқан, төменге бағытталған бағыттауышқа шертіп, жиі қолданылатын сегіз маркердің бірін таңдауға болады. Одан  басқа өзіңіздің маркеріңіздің типін құруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

ІV. Сергіту сәті

 «Атомдар мен молекулалар»

 

Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.

 

  1. Практикалық бөлім

 

А деңгейі

  1. Тізімдердің мүмкіндіктерін пайдаланып, мәтінді үлгі бойынша теріңдер.
  2. Мәтінді 1 санымен белгіленген бірінші тізімнен құжаттың аяғына ауыстырыңдар.

 

 

В деңгейі

  1. Тізімдердің 2 түрін дайындаңдар: маркеленген, нөмерленген.

С деңгейі

Үлгі бойынша мәтін құрындар:

Маркердің символы: нүкте
• Маркердің орналасуы: ,06
• Мәтіннің орналасуы: 1,1
4. Келесі параметрлерді орнатып, ішкі тізімнің безендіруін өзгертіңдер:
• Маркердің символы: жұлдызша
• Маркердің орналасуы: 1,0
Мәтіннің орналасуы: 1,8

 

VІ. Сабақты қорытындылау

  1. Тізім деп нені түсінесіңдер?
  2. Тізім түрлерін атандар. Сендер бұл тізім түрлерінің қайсысымен бұрыннан таныс едіңдер?
  3. Маркерленген тізімдердегі маркердің түрін қалай өзгертеміз?
  4. Нөмірленген тізімді баптауға болама?

 

VІІ. Кері байланыс

 

 

 

VІІІ.Бағалау

 

ІХ. Үйге тапсырма

 

  • 4.8. Нөмірленген және маркерленген тізімдер

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *