М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі туралы толық мағлұмат беру және әңгімені талдау

Дамытушылық: Оқушылардың тақырыпқа қызығушылықтарын ояту, мағынаны танып білуге, ой толғауға дағдыландыру. Оқушыны өз пікірін қорғай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: талдау сабағы

Оқыту әдісі: инсерт, ой-қозғау, венн диаграммасы, семантикалық карта,

Пәнаралық байланыс:   қазақ тілі,  жануартану

Көрнекілік:  Ақын портреті, слайд, бейнефильм, үлестірме карточкалар.
Оқытудың нәтижесі: Оқушылар топтық жұмыс жасау барысында өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алады. Бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Сабақ жоспары.

Ұйымдастыру бөлімі.

—       Сәлеметсіңдерме балалар! Қазақ әдебиеті сабағына қош келдіңдер! Бүгінгі сабақта барлығыңа сәттілік тілеймін.

Сабақта барлығымыз түгелміз ба?  Олай болса сабағымызды бастайық.

Шаттық шеңбері

«Білім кілті»

(оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы, «Білім кілтін» табыстайды)

 

Инсерт кестесі

(«Білемін» қатарын толтыру)

«Білемін» «Білдім» «Білгім келеді»
   

 

 

 

Ой қозғау.

Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес. Ендеше мына сөйлемге  назар аударыңызшы.

«Табиғат — күллі тіршілік атаулының құтты қоныс  мекені,  алтын ұя, тал бесігі.»

 Осы сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді? Ендеше табиғат дегеніміз не?  Қалай түсінесіздер?

 

күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені

 

     табиғат қоршаған орта

 

алтын ұя                                                                қоршаған орта

 

 

 

  • Ал табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын  бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар?
  • Әр шығарманың шығу тарихы болады. М.Әуезовтің бұл әңгімені жазуына не әсер еткен?

(М.Әуезовтың жұбайы Валентина Әуезова «Көксерек» әңгімесін былай еске түсіреді «Бірде мен қабырға күнтізбесін /1929 жылдың/ сатып алдым.Сол күнтізбе Мұхтардың жазу үстелінің тұсында ілулі тұратын еді.Сонда белгілі суретшінің салған суреті бар болатын – қасқыр, түн,қар жамылған меңіреу дала, сонау алыста көз ұшында қар басқан кішкентай ауылдың отары көрінеді.Ең алдыңғы қатарда түнде жортқан қасқыр тұр.Міне, сол сурет Мұхтар Әуезовтің сонау жас бала кезінде кәнігі аңшылардан естіген әңгімелерін еске түсірген болу керек, енді міне, күн сайын көз алдынан сол суреттегі көрініс кетпеген Мұхтар өзінің «Көксерек» әңгімесін жазған болатын»)

 

«Тақырыпты түйіндеу»  

  • Балалар,  мен сендерге М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнымен танысып  келуге тапсырған болатынмын.  Бүгінгі сабағымызда әңгімені талдаймыз. Алдымен шығарманы есте жаңғырту үшін әңгіме мазмұнын қаншалықты меңгеріп,  түсінгендеріңді байқаймыз.

 

«Жарлық» әдісі

(мазмұнын жазу, талқылау)

-Міне, шығарманың жалпы мазмұнына да шолу жасап болдық. Енді сендердің шығарманы қаншалықты меңгеріп, түсінгендеріңді байқау үшін келесі іс-әрекетімізге көшеміз.

 

Әңгіме бойынша жоспар құру.

(Топтық жұмыс: мәтін бөліктерін ретімен орналастыр)

  1. Қасқыр күшіктерінің өлтірілуі
  2. Көксеректің адамдар қатарына қосылуы.
  3. Көксерек деп аталуы.
  4. Ауыл адамдарының наразылығы.
  5. Көксеректің өсуі.
  6. Ауыл иттерінің бөтенсуі
  7. Ұрлық
  8. Ашқарақ Көксерек
  9. Құрмаштың қайтыс болуы
  10. Әжесінің қайғыруы

 

Композициялық құрылысына талдау

Ең алдымен осы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасап көрсек.
Р/с ——Әңгіменің композициялық элементтері ——————— Композициялық жоспар
1. ———Оқиғаның басталуы ————————————— Қараадыр табиғаты. Қасқырлар мекені.
2. ———Оқиғаның байланысы ———————————- Адамдар шабуылы. Көксеректі асырауы
3. ———Оқиғаның дамуы ————————————— Көксеректің ауыл тірлігін жатсынуы.
4.——— Оқиғаның шиеленісуі——————————- Көксеректің өз қандастарына қосылуы
5.——— Оқиғаның шарықтау шегі ———————— Көксеректің жойқын күшке айналуы
6. ———Оқиғаның шешімі ——————————- Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы

Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Тақырыбы: Қасқырдың мінез-құлқы, өзіне тән табиғи қасиеттері

Идеясы: Табиғат пен адам арасындағы байланыс, түсіністік, бір-бірімен жарасымды тіршілік ету қажеттігі

 

Венн диаграммасы

Айырмашылығы  

Ұқсастығы

Айырмашылығы
Адам Қасқыр
саналы тіршілік иесі, өмірді сүйеді, мейірімді, қамқор, кешірімді, ұрпақ өсіреді, өмірін жалғастырады Өмірге, тіршілікке құштарлық, ұрпақ жалғастыру,

тамақ табу үшін күреседі

табиғаттың тағысы. Қатал, ызалы, долы, басты мақсаты – тән азығын табу

 

 

 

Семантикалық карта

Кейіпкер сөзі Ауыл адамдары Жұмаш Әжесі Қасен Бесенбай
1 «Түу, мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл болып кетіпті-ау, тұқымын сезген екен мына жүзіқара; қой, балам, енді мұны өлтіріп, терісін алайық…» +  
2  «Ұры. Асырасаң да мал болмайды. Тұқымы жау емес пе?!» +  
3  «Ойпыр-ай! Ойпыр-ай!…Аузын!» +
4 «Қасқырың болса қайтейін,менің қара ала төбетім бір-ақ соғады. Арашалай  алмасаң,

әлдеқашан өлтіріп тастар еді»

+  
5  «Іздегендеріңнің өзі-сол. Бәрін

істеп жүрген сол. Енді, әттең дүние, соны бір ғана қолға берсе-ау!»

  +

 

Әңгімедегі қатты әсер еткен тұстары
1. Адамдар қолынан қасқыр күшіктерінің өлтірілуі.
2. Құрмаштың күшікті бағып алуы мен Көксерек деп атауы.
3. Көксеректің алғаш рет табиғатқа қарап ұлуы.
4. Ауылға шабуы, Құрмашқа шабуыл жасауы.
5. Әжесінің қайғыруы. Құрмаштың қайтыс болуы.

  1. Табиғат ананың тыныштығын жауыз адамдар бұзды. Жазықсыз күшіктерді өлтіруі дұрыс емес.

Видеоматериал «Көксерек»

Көксерек әңгімесі желісі бойынша көркем фильм түсірілген болатын.

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» шығармасы желісімен түсірілген «Көксерек» көркем фильмі 1973 жылы көрермендерге жол тартты. Бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеу қаласында өтті.

1974 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивальдің бірінші жүлдесіне ие болып, Швейцарияның Локорно қаласында өткен кинофестивалінде құрмет грамотасымен марапатталды.

Кейіпкерлері: Құрмаш, әжесі, Қасен, ауыл адамдары, Көксерек, Аққасқа.
Өнер туындысы: «Көксерек» кинофильмі. Қырғыз кинофильмі.
Режиссері: Толоуш Океев
Құрмаш ролінде: Қамбар Уәлиев.

 

Қызықты деректер:

Фильмге хайуанаттар бағынан жас қасқырлар алынған. Көксерек болып екі қасқыр ойнаған, екеуін де фильмге түсіру үшін Мәскеу қаласынан арнайы әкелген.

«Қойға қасқыр шабу» көрінісіне түскен қылшық жүнді, теген құйрықты қойлар мал шаруашылығы институтының тәжірибе отарынан алынған.

Фильм Қырғыз тауларының баурайында, Ыстықкөл жағалауында түсірілген.

 

Шығармашылық жұмыс:

Қасқырға байланысты мақал – мәтел айту.
1. Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.
2. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.
3. Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.
4. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар

  1. «Қасқырды қасқыр қылатын да адам.»
    6. «Қасқыр қасқырлығын істемей қоймайды.»
    7. «Қанша өсірсең де ит болмайды.»

Болжам:
— Егер адамдар қасқыр апанын бұзып, бөлтіріктерін өлтіріп, Көксеректі алып кетпегенде, оқиға әрі қарай қалай дамуы мүмкін еді?
— Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме, әлде жоқ па?
— Көксерек әңгімесін сен қалай аяқтар едін?
— «Көксерек» әңгімесі қалай аяқталушы еді?
Жауабы: Әңгіме кемпірдің қарғысымен аяқталады.
— Қалай ойлайсыңдар, кемпір қарғысымен әңгімені аяқтауына не себеп?
Жауабы: Бұл кемпір қарғысы – Әуезовтің озбырлыққа, жауыздыққа, қаталдыққа деген қарғысы.
— Жазушы «Көксерек» әңгімесі арқылы бізді неге үндейді?
Жауабы: Жазушы жер бетіндегі адамдарды татулыққа, бір – бірін, өзін сыйлауға, құрметтеуге үндейді.

 

«Бес саусақ» әдісі

Қорытынды.

Қасқырдың болмысы адам тәрбиесіне көнбейді екен, түз тағысы да өмір сүруге құқылы.

Адамдар табиғат заңдылығын бұзса, ол өзіне қатер төндіреді.

Балалар сабағымызды табиғат пен бастап едік, табиғат пен аяқтайық.

Жер бәріміздің ортақ үйіміз. Ол аңға да, адамға да жетеді. Сондықтан сыйысып-сыйласып тату өмір сүрейік.

Әңгімедегі бейкүнә бала Құрмаштың өлімі – табиғаттың адамға берген жауабы секілді, екі аяқты пенделер, біздер, табиғат заңдылығын бұзуға хақымыз жоқ. Себебі, адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік сақталуы тиіс.
Тіршілік иесіміз бәріміз де,

Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де.

Сақтайықшы табиғат заңдылығын

Сабақ болсын Көксерек тағы бізге!

 

 

Кері байланыс «Желкенді қайық»

 

Үйге тапсырма:

«Көксерек – табиғаттың тағы перзенті» тақырыбына шағын шығарма жазу

Әңгіме желісі бойынша сурет салу немесе қосымша мәліметтер жинақтау

 

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *