Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4С бөлім: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

Мектеп:  БҚО Таскала ауданы ЖОББ Қ.Сәтбаев атыгдағы мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кушанова У.С.

Сынып:6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.13

сандармен байланысты есептер шығаруда ab=10a+b,

abc
=100a+10b+c  жазуларын қолдану;

6.5.1.7

мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

 — мәтінді есептердің шарты бойынша теңдеу/теңдеулер жүйесін құрады;

—  теңдеулер жүйесін шешудің тәсілін қолданады;

—  теңдеулерді шешеді;

—  жүйенің жауабын табады. .

 

Бағалау критерийлері

 

ab=10a+b,
abc=100a+10b+c  жазуларын есептер шығаруда қолданады

Мәтінді есептердің математикалық моделін құрады

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді қолданып, мәтінді есептерді шығарады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын және оның қасиеттерін тұжырымдайды;

екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шығаруда таңдалған тәсілді негіздейді;

екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешіміне түсінік береді;

Пәнге тән лексика мен терминология:

екі айнымалысы бар теңдеу;

теңдеулер жүйесі;

жүйенің шешімі;

алмастыру тәсілі;

қосу тәсілі;

мәндес жүйелер;

екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

— бір теңдеуден … өрнектеп аламыз;

— жүйенің екінші теңдеуіне … қоямыз;

— екінші айнымалының сәйкес мәнін анықтаймыз;

— … болған жағдайда коэффициенттерін теңестіреміз;

— теңдеудің екі жағын … көбейтеміз;

— … мүшелеп қосамыз;

— «х — , у — … болсын»;

— айнымалылар мәндері екі теңдеуді де қанағаттандыратындықтан, … құрамыз және шығарамыз;

— жүйені шешіп, есептің жауабын келтіреміз.

Құндылықтарды дамыту

Әділдікке, патриоттыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамыту

 

Пәнаралық байланыстар

Геометрия, тұрмыста қолдана алу

 

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақста, интернет ресурстары (сайттар, видеолар, есептер), таратпа материалдар, көрнекі-демонстрациялық құралдар, фигуралар

Бастапқы білім

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу; бір айнымалыны екінші бір айнымалы арқылы өрнектей алу; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдaстырy кезеңi:

үй тапсырмасын тексеру №1463(3), 1474(3;4)

дайын жауап арқылы тексеру

ҚБ: «Жұлдызшалар» арқылы бағалау.

««Қызыл түс» —–  2-3 қатесі бар

«Сары түс» — бір қатесі бар

«Жасыл түс» — Дұрыс орындады

Оқyшылaрдың  зейiнiн шоғырлaндырy

Серпінді сауал арқылы өткен материалды еске түсіру.

Ортаға шеңбер құрып, допты бір-біріне лақтыру арқылы сұрақтар қойып, оған жауап береді.

Мысалы:  23

 2 ондық ,3 бірлік;

675 6 жүздік, 7 ондық, 5 бірлік т.с.с.

 

Осы тапсырманы орындай отырып, сабақтың тақырыбы, оқу мақсатыанықталады және  күтілетін нәтижеге бағыттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

Білімді бекіту және тереңдету

Оқушыларды жұптарға біріктіріп, оларға тапсырма беремін..

№1. Әріпті өрнек түрінде төмендегі сандарды жазыңыз:

a)      х ондық, у бірлік;

b)      х жүздік, у ондық және z бірлік;

c)      х жүздік, 3 ондық және у бірлік.

№2. ab  және cd сандарының қосындысын әріпті өрнек түрінде жаз.

№3.  abс  және cdа  сандарының қосындысын әріпті өрнек түрінде жаз

 (ҚБ)«бағдаршам» әдісі арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды. Өзгенін пікірін тыңдап, өзіндегі кемшіліктерді біле отырып бағалау.

 «Қызыл түс»–  қатесі бар

«Сары түс» маңызды емес қатесі бар

«Жасыл түс»Дұрыс орындады

Оқушыларды жұптарға біріктіріп, оларға оқулықтағы бірнеше есепті шешу алгоритмін қолдана отырып шығаруды ұсынамын. Жұптар жұмыстарымен алмасып, өзара тексеру жүргізеді.

 

АЛГОРИТМ

1. Айнымалылар енгізіңіз.

2. Есептің бір шартына байланысты бір теңдеуді құрыңыз.

3. Екінші шартына байланысты екінші теңдеуді құрыңыз.

4. Теңдеулерді бір жүйеге біріктіріңіз.

5. Теңдеулер жүйесін шешіңіз;.

6. Жүйе айнымалылары есептің ізделінді шамалары ретінде алынса, жүйе шешімін есептің шешімі ретінде алуға болады, кері жағдайда, қосымша амалдар орындау керек

 

 І жұп №1428

ІІ жұп № 1442

ІІІ жұп № 1467

Дескриптор: Білім алушы

— мәтінді есептердің шарты бойынша теңдеу/теңдеулер жүйесін құрады;

— теңдеулер жүйесін шешудің тәсілін қолданады;

— теңдеулерді шешеді;

— жүйенің жауабын табады.

ҚБ «Смайликтер» әдісімен бaғaланaды. Оқушылар смайликтер арқылы жұптар бірі- бірін  бағалайды

 

 

 

Интерактивті тақтамен презентация

Сабақтың соңы

 Қорытынды «Шеринг» әдісі. Ой бөлісу. Барлығы шеңберде отырады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды. Идеялар қайталанбау керек

Рефлексия. «Instagram»  парақшасы  арқылы  кері  байланыс  жасалады.

  

 

Үй тапсырмасы  1468

 

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

«Жұлдызшалар» арқылы бағалау. Бұл әдіс оқушының материалды меңгергенін немесе толық түсінбегенін анықтап, ойын еркін білдіруіне негізделген.

 

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *