Мұғалім -ұлы тұлға

Мұғалім – ұлы тұлға

  Өмір теңіз болса гаухары мұғалім,

Өмір алтын болса зергері мұғалім.

Өмір ақын болса сөзі мұғалім,

Өмір жүзік болса көзі мұғалім.

   Мен бұл тақырыпты қою мақсатым білім мен ұстаз арасындағы ажырамас,тығыз байланыс «Мұғалім –ұлы тұлға» деуімнің үлкен себебі бар. Саралап қарасам, даналық сөздер легі анадан кейін ұстазға арналады екен.

  «Кел балалар оқылық» деп сахара төсінде шәкірттерін оқуға шақырған дала педагогы  Ыбырай Алтынсарин, «Өнер білім бар жұрттар, тастан сарай салғызған» деп жастайымыздан білім, өнер ғана алға жетелейтінін зердемізге салған Абай атамыз, қазақ әліпбиінің негізін салған   Ахмет Байтұрсынов  аталарымыздың жолын болашаққа жалғаған мұғалімдерімізді қалай мадақтасақ та жарасымды.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – сенімнің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы

 деп өлең жолдарында айтылғандай … Ұстаз білікті маман, тәрбиелі тұлға ретінде шәкірт жүрегіне білім теңізінің нәрін құя білуі керек.

  «Ұстаз шәкіртке білім жолын үйретеді, білімді жан тас қамалды күйретеді» деген  нақыл сөздің түпкі мағынасына үңілсек. Егер мұғалімнің  кәсіби  білімі қаншалықты жоғары болса, ол оқытып, тәрбиелеген  оқушы  соншалықты сауатты. Осыған  байланысты  білім  берудің  негізгі мақсаты: алған  білімнің  кәсіби  дағдыларының  негізінде, өмірдің өзгермелі  жағдайларында  еркін  бағдарлай  алатын, өзінің  білімін  іске  асыруға, өзін-өзі  дамытуға, адамгершілік тұрғыда  өз  бетінше  дұрыс, жауапты  шешім  қабылдауға  қабілетті  тұлға  қалыптастыру.

  «Мектеп жаны — мұғалім» деп тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ұрпаққа білім беретін  мұғалім әр сабаққа шығармашылықпен дайындалуы тиіс.

  Көп іздену, дайындалу, көрнекіліктер, қосымша әдебиеттерді, тиімді әдіс – тәсілдерді орынды қолдана білу негізгі мақсат. Қазіргі  білім мамандарының іскерлігі, білімі мен біліктілігі , ой ұшқырлығы өте қажет. Қазіргі кезеңде білім беру саласында әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты оқушылардың дербестігін байқамау мүмкін емес. Оқушыларды шығармашылықпен байланыстыра оқыту оқушылардың жеке – дара қасиетін кеңейтеді.

  «Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық  пен білім керек» деп ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов айтқандай , азаттық пен егемендікті ту етіп отырған жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі  білім қажет. Сондықтан оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісін жаңа талап тұрғысынан енгізуіміз керек.

    Алдымызда отырған әр шәкіртті бәсекеге қабілетті, өмірде өзін-өзі дамытуға бейім, үздіксіз білім жүйесінде белгілі бір орынды білетін Қазақстан азаматы ретінде тәрбиелеуіміз үшін, оқушының ықыласын оятып, өзінің ғана емес, өзгенің өсуіне де ықпал ететіндей деңгейге жеткізуге тиіспіз. Сондықтан білімді, нағыз азаматты оқытып, тәрбиелеп шығару үшін, ұстаздар қауымы қажымай, талмай, Абай атамыз айтқандай : «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» — деп көптен көп еңбек етуіміз қажет.

 

Мамлют қазақ мектеп-интернатының

бастауыш сынып мұғалімі:

Мухаметжанова Нургул Шегеевна

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *