Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі

Койшыбаева Баян

Білімділік Оқушыларды «Шешенің балаларын сүюі» өлеңімен таныстыру. Шығармалардың мазмұны мен идеясын меңгерту. Анаға сый-құрмет көрсетудің бала үшін міндет екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату.Табиғатты аялау, табиғатқа жанашырлықпен қарауға баулу.Ананың еңбегін бағалап, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білім беру сабағы..
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Суреттері. Бүктемелер. «Ана» тақырыбындағы суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
1. Шығармалардың мазмұны мен идеясын меңгерту.
2. Анаға сый-құрмет көрсетудің бала үшін міндет екенін ұғындыру.

Оқулықпен жұмыс.

Өлең авторы туралы мәліметті беру, толықтыру.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Оқушыларға тізбектей оқыту.

Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Өлең кім туралы?
2. Әр шумақты жеке-жеке оқып, айтылған ойды анықтау.
3. Өлеңнің «Ана» деп аталуы неліктен?

-Бірнеше оқушыға мәнерлеп оқыту.
-Сөздікті түсіндіру.
Үлкенге «сен» деме!
Үлкеннен бұрын төрге шықпа!
Үлкеннің сөзін бөлме!
Үлкеннің жолын кеспе!

1. Өлеңді дұрыс‚ мәнерлеп оқуға жаттық.
2. Ана баласын‚ баласы анасын қалай ардақтайтыны жөнінде өлеңнен түсінгеніңді айт.
3 Өлеңді жаттап ал.

Сергіту сәті.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

«Менің анам» тақырыбына шағын әңгіме жазу.
Өлең шығару.
———————————————сыйлаймын,
———————————————тыңдаймын.
———————————————аламын
——————————————— баламын.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, мәнерлеп оқу.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *