Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Ізнатова Кенжегүл Жүгінісқызы

Мақсаты:

  1. Оқушылардың мақал – мәтелдерге, жұмбақтарға деген қызығушылықтарын арттыру. Мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды көптеп білуге, шапшаңдыққа баулу.
  2. «Сөз мәйегі — мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздер арқылы шәкірттерді адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.
  3. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

 

Өтілу барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сайысқа қатысушылар үш топқа бөлінеді. Мұғалімдерден әділ қазылар сайланады.

Мұғалім: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Біздің «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайысына қош келдіңіздер!

Бұл сайысқа 2-4 сынып оқушыларынан құралған үш топ қатысады:

  1. «Сұңқар» тобы.
  2. «Барыс» тобы
  3. «Қыран» тобы.

Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек. Мақал-мәтелдер-халық даналығының қазына байлығы, ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдаланады. Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі – қазақ халқы. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтел-тәрбиелік мәні зор, рухани байлық.

Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық.

1-бөлім: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал-мәтел айтудан жарысады. (1 минут уақыт берілед, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады.)

2-бөлім: «Мақал-сөзің мәйегі» (тақтада мақал-мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)

1.Туған жердей жер болмас, … (туған елдей ел болмас)

2.Отан үшін отқа түс,… (күймейсің)

3.Отанды сүю… (отбасынан басталады)

4.Өнер-ағып жатқан бұлақ, … (білім – жанып тұрған шырақ)

5.Жақсының аты өлмейді … (ғалымның хаты өлмейді)

6.Еңбек етсең ерінбей, … (тояды қарның тіленбей)

7.Көп түкірсе, … (көл)

  1. Еріншек егіншіден, … (елгезек масақшы озыпты)

9.Жылай-жылай арық қазсаң, … (күле-күле су ішерсің)

10.Еңбек етпесең, елге өкпелеме, … (егін екпесең, жерге өкпелеме)

11.Ердің атын, … (еңбек шығарар)

4-бөлім: «Ойлы болсаң озып көр» Жұмбақшыға жұмбақ жасырылады, соның тапқан сөзіне мақалшы мақал құрастыру керек.

  1. Жұмбақ: Шыңдары шырқау,

Көшіп жүр бір тау. (түйе)

Мақал: Көрмес түйені де көрмес.

  1. Жұмбақ: Жайған жастық сөгілді,

Аппақ мамық төгілді. (қар)

Мақал: Қалауын тапса қар жанар.

  1. Жұмбақ: Желден желігеді

Судан шегінеді. (от)

Мақал: Отан оттан да ыстық

5-бөлім: «Ойлан, тап ізден» Бір біріне жұмбақ жасыру.

6-бөлім: Қортынды: Жеңімпаз топтарды мақтау қағаздарымен марапаттау

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *