Мен кереметпін

Кармысова Б.Т.

Мақсаты: Тәрбиеші, педагогтар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.

Көрнекілігі: Түрлі-түсті қағаздар, бояулар, ақ қағаз, музыка, слайд.

Жоспары:
1. Сәлемдесу. «Менің есімім» танысу жаттығуы (5 минут);                                                               2. «Өзіңді тереңірек тани біл» (5 минут);                                                                                              3. «Сөзден сөзді ізде» ойыны (5 минут);                                                                                              4. Сергіту сәті (5 минут);                                                                                                            5. «Кім жылдам» ойын-жаттығуы (5 минут);                                                                            6. Постер қорғау (10 минут);                                                                                                     7. Топпен ән айту (5 минут).

 

  1. Сәлемдесу. «Менің есімім»

Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Жүргізуші өзінің есімін айтып және есімінен басталатын әріптен бір нәрсе сатып алғанын айтады. Кезекпен шеңбер бойынша әр қатысушы жүргізушінің есімінен бастап өзіне дейін айтады. Осылай қатысушылардың барлығы айтып шығады.

 

  1. «Өзіңді тереңірек тани біл»

Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы «Өзіңді білгің келсе» тақырыбында берілген сөздерді қатыстырып сурет салу ұсынылады: күн, тау, үй, ағаш, қапшық, жол, сақина, гүл, жылан.

Егер күн дәл ортасында салынса –балалық шағы қызықты, батысқа салынса- кәрілік шағы қызықты болады.

Тау дөңгелек салынса –мінезі жұмсақ, мейірімді сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса –басында қар болса, өзгермелі адам.

Үй- суретте ағаш үй салынса, арманың орындалады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсек құмар адам.

Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды. Егер бірнешеу болса балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қаншалықты әдемі салынса сұлулыққа құштар.

Қапшық – қалта қаншалықты үйге жақын жатса, байлықта жақын. Керісінше болса бәрі керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық. Қапшық жерде жатса жалқау, түрегеліп тұрса еңбекқор адам.

Жол— үйге жақын жатса жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпа, айналасына тарататын адам.

Сақина- көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.

Гүл— үйге жақын болса, қуаныш, той болады, үйдің жиегінде болса- қызықты күндерін алыста.

Жылан үйден алыс салынса- жаулары алыс, егер жақын салынса көре алмаушылар айналаңда болғаны. Суретте қайсысы үлкен салынса сенің өмірің үшін маңызы зор.

 

  1. «Сөзден сөзді ізде» ойыны.
    Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп құрастырса, сол жеңімпаз. «Трансформатор», «Талдықорған».
  2. Сергіту сәті. «Жаса Қазақстан» әні
  3. «Кім жылдам» ойын-жаттығу
    Мақсаты: ойлау қабілетті жақсарту және шапшаңдыққа сынау.

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Ауа, су, жер» деген сөзді айта отырып, допты бір-біріне лақтырады. Допты қағып алған адам «ауа» деген сөзді естіген адам құстардың, «су» деген сөзді естіген кезде балықтардың, «жер» дегенде аңдардың аттарын айтуы тиіс. Ойын шапшаң ойналуы тиіс.

  1. Постер қорғау.

Қатысушылар 3 топқа бөлініп, берілген тақырыптар бойынша постер қорғайды.

  1. Топпен ән айту. «Жан досым» әні

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *