Мен заманауи – ұстазбын. Эссе

Байзақова Ботагөз Қасымқызы

Егер өмір алтын болса, зергері –мұғалім,
Егер өмір теңіз болса, гауһары –мұғалім.
Егер өмір жүзік болса, көзі – мұғалім,
Егер өмір ақын болса, сөзі -мұғалім

Шухрат.

Мұғалім… Бұл сөзде қаншама мән мағына бар! Әр адамның өмірінде «мұғалім» деген сөз ерекше орын алады.

Бәріде мектептен бастау алады. Ал мектепте барлығы мұғаліммен басталады. Білім саласына қандай да бір өзгеріс енгізілседе, құрал жабдықтармен қамтамасыз етілседе, ең бастысы мектептегі өзгермейтін ол –мұғалім.

Жаңашыл мұғалім қанадай болуы керек?

Нағыз ұстаз болу — бақыт әрі абырой.Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен,ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы.

Менің көзқарасым бойынша, заманауи ұстаз ол өзіне де оқушыларғада ыңғайлы кеңістік жасайды. Ол үшін білім беру мен тәрбиелеу барысында ата –анамен,  әріптестерімен, оқушылармен тығыз қарым қатынаста болу керек.Сонда ғана болашағымыз жаңа да жарқын болып, жан-жағымызға «жаңа көзқараспен»қараймыз.

Елбасы Н.Назарбаев қай кезде болмасын ұстазға үлкен құрметпен қараған. Ол «Ел болашағының кілті-бүгінгі жас ұрпақтың қолында.Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші-ұстаздардың қолында.Тек жоғары сауатты,дарынды,дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады»-деп бірегей тұлға-ұстазға деген құрметі ерекше екендігін білдірген болатын.

Сондықтан да «жас келсе іске»демекші өз білгенімді көңілге түйіп, көргенімді қолмен ұстап, әр сабақ сайын оқушыларыма жаңашыл инновациялық технологиялардың көмегімен қызықты да түсінікті оқу материалын меңгертуге тырысамын.Әр сабақты түсіндірген сайын бойымды қорқыныш сезімі билейтін. Әйтсе де ештеңеге қарамастан болашаққа деген қызығушылықпен еңбек жолымды бастап та кеттім.

Өз қызметім барысында: біріншіден, оқушының өз-өзіне сенімді болуына көмектесемін; екіншіден, оқушыларды шынайы жақсы көремін; үшіншіден, оқушыларды қолдап, бастаған істеріне көмек қолымды ұсынып, дұрыс жолын көрсетуге тырысамын; төртіншіден, оқушылардан жақсылығымды аямаймын; бесіншіден, орнымен еркелетіп, өзімнің көмекшім етіп аламын. Және соңғысы шәкіртерімнен өз шуағым, мейірімімді сыйлаймын.

Қазіргі уақытта оқыту үрдісі жаңа әдіс – тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Жас мұғалім ретінде өз тәжірибемде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездесіп отырамын.  Дегенмен мектептегі әдістемелік бірлестік, тәжірибелі әріптестерімнің сабақтарына барып кеңес алуға тырысамын.  Сонымен қатар мен оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастыра жүріп ҚР педагог қызметкерлерінің бірінші (ілгерінді) деңгей ( білім берудегі Кембридж тәсілі ) Бағдарламасы бойынша оқыту курсын өтіп келеген мектебіміздің жоғарғы санатты мұғалімі Ахмадиева Нұржамал Мұхтарқызының тәлімалушысы болдым. Мен үшін осы бағдарлама мазмұнындағы жеті модульдің алатын орны ерекше болды. Бұл модульдердің кейбірін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік мағынасын түсініп көрмеппін.Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады.

Сабағымда жеті модульді қолданамын,яғни диалогтық оқыту, топпен жұмыс,сын тұрғысынан ойлау,оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау,талантты және дарынды балалармен жұмыс жасау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу,оқытудағы басқару және көшбасшылық.Нәтижесінде: Әр оқушы ынтымақтастықпен жұмыс жасауға дағдыланады; бірін-бірі үйретуге машықтанады; әр түрлі көзқарастарды салыстырады, сынай алады; басқалардың пікірлерін құрметтеуге, бағалауға үйренеді;  ойлау, болжау, қиялдау қабілеттері артады; өзін-өзі ынталандыра алады; білім алуға деген ұмтылыс пен қызығушылықтары ашылады;білімдерін тереңдетеді және шоғырландырады.

Мысалы, 9-сыныпта «Дыбыс.Дыбыс сипаттамалары» деген сабақта оқушылар интербелсенді тақта арқылы физикалық диктантты, есептерді орындап, топпен және жұппен жұмыс жасап, интернет ресурстық жүйесі Bilimland.kz сайтынан тақырыптық танымдық бейнесабақтар (электронды оқулық) көрсетіліп, easyQuizzy бағдарламасында қорытынды тест жасап, өз бағалаларын алды.

 

Жаңаша оқыту заман талабы, сондықтан өз білімім мен біліктілігімді жетілдіру басты мақсатымның бірі. Кәсіби шеберлігімді дамыту барысында мектепішілік тренерлік курста оқыдым. Курстан үйренгендерімді сабақ барысында үнемі қолданамын. Жаратылыстану-математика бағыты бойынша аудан және облыс көлемінде өтетін олимпиадаларға, сайыстарға қатысып отырамын. Білгенімнен білетінім алда көп деген ойдамын.

ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деген болатын.

Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *