Мен –адаммын, мен –тұлғамын!

Мақсаты: «Өзін –өзі тану «әлемі туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды жер әлемнің құдыретімен және ғаламшармен таныстыру. Табиғат құбылысының сырын байқай  білуге баулу.

Міндеттері: Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер беру;

Жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту; салауатты өмір сүру салтын сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Суреттер,су,топырақ,күн,үнтаспа,бояулар.

Шаттық шеңбер:

Армысың ,шапағатты Күн-Ана!

Армысың,қайырымды Аспан-ана!

Армысың ,мейірімді Жер-Ана!

Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!

Тәрбиеші:Балалар,бүгін мен сендермен кездескеніме қуаныштымын.Енді бәрін менің қолымдағы күнге қараңдаршы,ол бізге әдемі күлкісін сыйлап тұр. Кәне, біз де бір-бірімізге  күн сияқты әдемі күлкімізді сыйлайықшы . Жарайсыңдар балалар!

-Балалар, біз бүгін Өзін –өзі тану әлемінің «Мен адаммын ,  мен тұлғамын!»атты аялдамасына тоқтаймыз.Суреттерге назар аударайық. Не көріп тұрсыңдар? (Балалардың жауабы).

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, біз бұл аялдамада табиғаттың жомарттығы мен сұлулығы жайлы біліп , оны қорғау мен аялауды көріп тұрмыз.

Өзіммен –өзім: Үнтаспадан жағымды табиғат дыбыстары естіледі.

-Балалар ,ыңғайына отырып, көздеріңді жұмыңдар.

Көз алдарыңа туған жерлеріңді ,оның әсем табиғатын елестетіңдер.Енді көздеріңді ашып, елестеткен ойлаған ойларыңызбен бөлісейік.(Балалардың жауабы).

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар ,балалар.Біз табиғатты аялауымыз керек.

Ал енді сендер маған ата-аналарыңмен дайындап келген жұмбақтарыңды жасырыңдаршы .

Балалардың ата-аналарымен бірге дайындаған жұмбақтары.

-Балалар,мен сендерге құр келген жоқпын.Мен сендерге жұмбақ алып келдім,бірақ менің жұмбағым сурет арқылы жасырылады, ол «ребус» деп аталады.Ал екінші жұмбақ красворд деп аталады.

Тәрбиеші: Балалар, мен таңертең даладағы қарды  ыдысқа салып қойған едім,қар еріп суға айналыпты.Ал енді түбіне назар аударайықшы . Түбі лас екен,сондықтан  оны ішуге  болмайды, бірақ біз сусыз өмір сүре алмаймыз.Оны әр уақытта үнемдеу керек.Ал енді мен суды қалай үнемдеу керектігін көрсетейін.Ортаға екі баланы шақырамыз.Олардың қайсысы суды көп жұмсағанын бақылаймыз.Екі ыдыстағы суды өлшейміз.(Балалар суды қалай үнемдеу қажеттігін бақылайды).

-Балалар топтағы табиғат бұрышындағы гүлдерге назар аударыңдаршы ,олар өте әдемі гүлдеп тұр.Гүл де су арқылы тіршілік етеді.Мен мынау екі гүлді бірдей отырғызған едім.

1-ші ыдыстағы гүлге  су құйып жүрдім, оның тамыры тереңге жойылыпәдемі өсті. 2-ші ыдыстағы гүлге мен су құйған жоқпын.Ол гүлім солып қалды. Гүлдің тамыры тереңдеп,топырақтан нәр алады екен. Осы топырағымызды үрлесек,топырағымыз ұшпайды.Ал енді,су құйылмаған , құрғақ топырағымызды үрлесек, топырағымыз ұшып кетеді екен.Даладағы өсімдіктерімізтопырақтан өздеріне суды сіңіреді. Әрине,бізде, жануарларда ,өсімдіктерде тіршілік етуі үшін сумен күн көзінің шуағы және ауа қажет.Сондықтан да , табиғатты ластамай ,аялауға тырысайық!

Балалардың тақпақтары мен мақал-мәтелдері!

Сергіту сәті.

Көрініс: «Жер Ана»

Қорытынды.

-Балалар,біз бүгін табиғаттың не екенін білдік. Оны аялауды, қадірлеуді , қамқорлыққа алуды түсіндім. Олай болса, табиғатты , қоршаған ортаны қорғап , қамқорлық көрсетіп, аялайық.

Балалар тәрбиешімен бірге плакатқа табиғаттың суретін салады.

Жүректен-жүрекке.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *