«Менің таңдаған дұрыс шешімдерім-менің өмірлік ұстанымым»

Есмағанбетова Ляззат

Осы тақырыпта эссе жазу үшін алдымен дұрыс шешім қабылдаған  кездерім қашан? Қаншалықты ол дұрыс шешім болды? Ол шешімдерім өмірлік ұстанымыма сай келді деген сұрақтарды қойдым.

Дұрыс шешім қабылдау қаншалықты қиын екені сөзсіз. Ол үшін талай ойланып, мың толғанып, ойды сан-сағалаққа жіберу қажет.Әр адам дұрыс шешім қабылданған кезде, ақыл мен ойға ерік береді. Көп тынбай еңбектенуді қажет етеді. Қабылданған шешімдерім өмірлік ұстанымыма қарсы келмеді ме? Әрине, ол дұрыс шешім болса, өміріммен жалғасын тауып жатыр.

Жапон халқында ұйқыға жатар алдында ертеңгі күнге жеті түрлі мақсат қойып, оның орындалуына қаншама ақыл-ой, күш-жігер, қайрат, уақытты жұмсайды екен. Ол адамның дұрыс шешім қабылдауын тәрбиелейді. Ақыл мен ойды бір сарапқа салып, дұрыс шешім қабылдауына әкеледі. Адам болып қалыптасуына, өзін-өзін тәрбиелейді. Қазақта дұрыс сана берсін деп айтады. Өмірдегі шешім қабылдау кезінде сана мен ақылдың түйген ойы –дұрыс шешім болып табылады. Ол өмірлік ұстанымға сай болуы керек.

Өзімнің туып-өскен жерім қасиетті Сарыарқа жері. Сарыарқаның самал желі тамаша бетке ұрғанда бір серпіп қаламын.Табиғаты таза, шөбі шүйгін шабындықтары қаншама! Осындай жерде, Сарыарқаның төрінде ел астанасы-Астана қаласы орналасқан. Мен бүгінде қаланың келбетіне қарап, таң қаламын. Күн сайын өзгерген қала, жүзіктің асылындай құлпырып өзгеруде. Астананы көшіру сонау 1997 жылы қабылданып, дұрыс шешімнің бірі болып табылды. Қазақстан жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Оның дәлелі ретінде Астанада өткен «ЭКСПО-207» халықаралық көрменің болып өтуі. Ол жарқын болашаққа апарар жол. Әр адамның өмірлік ұстанымы-бейбіт өмір сүру, отбасында бақытты болуды армандайды.

Көз тастасақ, дария көлдерін, зәулім тауларын, ұлан-байтақ жерімізді ержүрек батырлар қолдап, қоршап тұрды. Алаштың айбынды асыл текті ұлдары бар елінің болашағы әлі алда екенінен кәміл сенді. Сол кездің өзінде қаншама дұрыс, ақылға қонарлық шешімдер қабылданып, кең-байтақ жерді сақтап қалды.

Өркениетті ел болу үшін экономикамызды, мәдениетімізді, тілімізді дамытуымыз керек. Туған жерді қадірлеу, оны өз қарашығындай қорғау, әр азаматтың міндеті. Қазақ халқы «Елдің даңқын –ер шығарады, ердің даңқын – ел шығарады» деп бекер айтпаған. Жаны жайсаң, абыройы асқар ағаларымыздың шешімдері арқылы халқымыздың мәртебесі көтеріліп жатыр.

Қазақстан -тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда өзге ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Ынтымағы жарасқан туған өлкем деп батыл айта аламын. Әртүрлі ұлт өкілдері  арасында бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнаған, бейбіт ел екені бәріне белгілі. Қазақстанда әр ұлттың салт-дәстүріне, діні мен тіліне ерік берілген. Бәрі көк тудың астында бір адамдай өмір сүріп жатыр. Елбасы Н.Назарбаев мінбеде «Қазақстанның ең басты бастығы- халықтар достығы» деп атап көрсеткен. Салиқалы саясаттың, дұрыс көрегендіктің арқасында дұрыс шешімдер қабылданып, Қазақстан алдыңғы қатарлы 30 елдің бірі болмақ.

Бейбітшілік пен достықта, татулық бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласындақазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндар мен кәрістер еңбек етуде. Мен соңғы жүз жылда қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкенін жиі ойлаймын.Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық-қазақстандықтардың қалауы. Онда әр ұлт өкілінің тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда, менің елім одан сайын маған жақындай түседі, құшаған жайып қарсы алған туған жерім! Қиын-қыстау кезіндеұлттар бір-біріне пана болып, қазақ халқы өзінің қонақжайлылығымен, жомарттылығымен құшағын кең жайып, ақ пейілін кеңге салған халқым еді.

Әрине, өзге ұлт өкілдері қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі керек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Достық пен татулық Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі.

Қазіргі XXI ғасыр бейбітшілік пен тұрақтылық, рухани жаңғыру негізінде, «Жүз жаңа есім» жобасы басталды. Ол жобада қазақ жерінде өзінің еңбегімен, айбынды жастарымыздың ашқан жаңалықтарымен, зор мәртебесімен көзге түскен азаматтардың есімдері енді.Елбасының бұл жобасы халқына еңбегі сіңген азаматтарды қолдау барысында жүргізілген.

Өзімнің қабылданған дұрыс шешімдерімдерімнің бірі-ол мұғалім болу. Мен өзімді бақытты адам қатарында санаймын. Менің арманым орындалды. Өскелең ұрпаққа сапалы да саналы білім мен тәрбие беруде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде тынбай еңбек етудемін. Оқушыларымның аудандық, облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, еңбек жанғаны, дұрыс шешім қабылдағаны болып табылады.

Оқушыларға өмірде дұрыс, анық бағыт-бағдар беріп, жеке тұлға болып қалыптасуына көмек бердім.  Менің оқушым Сиротина Людмиланы қазақ тілін жетік меңгерген, ағылшын тілінде оқуға түсіріп, мұғалімдік жолына бағыт көрсетуім-менің дұрыс шешімдерімнің бірі деп ойлаймын. Өмірлік ұстанымым –ол әрдайым дұрыс шешім қабылдап, оқушыларымды адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіру, патриоттық сезімде тәрбие беру.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *