Ізгілік

№62 «Нұрсәуле» балабақшасының

ІІ санатты педагог-психологы

Ермағанбетова Айгуль Мухтаровна

 

 

Эссе

«Ізгілік нұры»

«Ізгілік нұры»- бұл қайырымдылықтан басталады. Қайырымдылық жасай отырып, басқалардың жүзіне қуаныш ұялатып, жүрегіне шаттық сыйлайды. Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге адам және барлық жандарға білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі.Қоршаған  ортаайналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде күтіп, баптауға болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.

Елімізде болып жатқан саяси- әлеуметтік, мәдени-этникалық өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуді қажет етіп отыр. Бүгінгі өмірді жалғастырушы ұрпақ бұл қоғамнан өзінің келешегіне не ала алады деген сұраққа жалпы қауым болып жауап іздестіруде.

Ендеше, жеке тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни қайырымдылық пен ізгілікке тәрбиелеу, адам жанының рухани құндылығын дамыту- заман талабы. Егерадамруханилығынанайырылса, ондаол эмоция мен сезімнен де айырылады. Сөйтіп, материалдықта бастынегізгімақсатқаайналдырғанқоғамдық даму адамзаттыруханижұтаңдыққадушаретіп, құндылықбағдарынөзгертіпжіберуімүмкін. Сондықтан ең бастысы этикалық қайырымдылыққа ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік жатады. Ал интеллектуалдық қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі сезімталдық жатады. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасау — қайырымдылықтың, ізгіліктің көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедей-кепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайыр-садақа берумен де көрініс табады. Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады. Адам бойында қалыптасқан, халқымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін көрсететін әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық іспеттес небір құндылықтар бар. Осындай асыл құндылықтар адам баласының тегіне байланысты десек, қателеспейміз. Бала дүние есігін ашқаннан бастап, өмірге деген қызығушылығы артып, көп нәрсені тани бастайды. Жүрген ортасына қарай баланың мінез-құлқы қалыптасып, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Адам бойындағы небір сезімдер мен адами қасиеттер нақ осы кезде көрініс табады. Ата-ананың балаға деген көзқарасы, берген тәрбиесі, болашақта баланың бойында қалыптасатын адами қасиеттеріне зор  әсерін тигізеді. Жас баланы мейірімділікке, ізгілікке бөлейтін, әрине, ата-ананың жылуы, отбасындағы жайлылық. Сондықтан адам бойындағы барлық адами құндылықтар мен  жарқын мінездердің қалыптасуы тікелей отбасындағы тәрбие мен ата-ананың балаға деген көңіліне байланысты екені хақ.  Адам бойындағы сондай бір жарқын, ізгіліктің нұры бастау алатын адами құндылықтарының ең көркемі- мейірімділік.Ендеше әрбір адам айналадағы қоршаған ортаға мейірімділікпен қарап, жан-жануарларға күтім жасау, адамдарға сыйластық танытып, қамқорлық көрсету, дұрыс қарым-қатынас жасау арқылы, адам жаны ізгілік пен мейірімділік, қайырымдылыққа толы болады. Басқаларға жасаған ізгілікті істің нәтижесі, сол адамдардың алғысы мен ризашылығы болмақ. Айналаңдағы адамдарға қуаныш сыйлап, алғыстарын ала білген үлкен бақыт. Мейірімге толы жүрегіміз, басқаларға деген қамқорлығымыз ізгілік нұрын төгеді.

Қорыта айтқанда,   Ізгілік нұры бұл қайырымдылық жасай отырып, басқалардың жүзіне қуаныш ұялатын, жүрегіне шаттық, мейірімділік, қуаныш сыйлау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *