Балапанның саяхаты.

Нұр-Сұлтан қаласы № 66 «Толағай» балабақшасының тәрбиешісі

Жаркенова Жанна Сериковна

Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Көркем əдебиеті

Тақырыбы : Балапанның саяхаты.
Мақсаты: Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту. Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын.
Көрнекіліктер: Әтеш, балапан, тауықтың суреттері, жұмыртқа, үнтаспа.
Барысы: 
Тәрбиеші: — Балалар, қолымыздан ұстап «Қуаныш шеңберін» құрып, бір-бірімізге жылуымызды білдірейік.
Қуанаман мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
Тәрбиеші: — Балалар, бір-біріміздің тату екенімізді білдірдік. Ендеше, қонақтармен амандасайық.
Үлкенге де — сіз,
Кішіге де – сіз.
Құрметпенен сіздерге,
Бас иеміз біз.

Тәрбиеші: — Өте жақсы балалар, енді орнымызға отырайық. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: — Қыс мезгілі
Тәрбиеші: — Қыс мезгілінде ауа-райындағы өзгерістер қандай болады?
Балалар: — Қыста күн суық болады, табиғат ұйқыға кетеді. Қыста қалың жауған, ақ қар басқан ағаштар әдемі көрінеді, ауа тазарады. Адамдар ауа-райына сай жылы киімдер киеді.
Тәрбиеші: Үш топқа құрастырғыш қағаздар таратылады.

— Балалар, сендер нені құрастырдыңдар?
Яғни балалар, бұл үй құстары екен.
Біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Үй құстары»
Тәрбиеші: Балалар үй құстарының түрлерін атап кетсем: Әтеш, тауық балапан, қаз, үйрек ( суреттерін тақтаға іле отырып атау).
Мынау әтеш, оның басында айдары бар. Әтештің түсі қандай?
— Түсі қызыл.
— Әтештің екі көзі, екі қанаты, екі аяғы болады және құйрығы бар екен. Әтеш қалай дыбыс шығарады?
— Ку-ка-ре-ку.
— Балалар, сендер әтеш туралы тақпақ білесіңдер ме?
— Ия, білеміз. (балалар тақпақ айтады)
— Ал, мынау тауық, бұл да үй құсына жатады.Олар жем жеп, су ішеді.
— Түсі ақ.
— Олар қалай дыбыстайды?
— Қыт-қыт-қыт.
— Тауықтар туралы қандай тақпақ білесіңдер? (Балалар тақпақ айтады)
Мынау-қаз. Қаздың мойны, тұмсығы ұзындау болады. Ал мынау қанаттары. Қаз тауықтарға қарағанда үлкендеу болады, жұмыртқасы да үлкендеу болады.(салыстырту).
Ал мынау-үйрек. Үйректің түсі ақ екен. Бұл құстар суда жүзгенді ұнатады.Үйректің де жұмыртқасы болады, ол да тауықтікіне қарағанда үлкендеу болады.(Салыстыру).
Балалар, үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан туады.Үй құстарының пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп, асырайды.Ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді.
Ойын: «Балапандар мен машина»
Шарты: Тәрбиеші тауық болады, ал балалар балапан болады.Балапандар жайылып жүреді де, алдарынан машина шыға келгенде, балапандар тауықтың қанатының астына келіп тығылады.
— Балалар, сендерге ойын ұнады ма?
— Ия ұнады.
әрбиеші: — Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдап жатыр. Қане, қайтадан тыңдайықшы. Мәссаған, мына жұмыртқаның үлкенін — ай, өзінің түсі аппақ екен, ал көлемі сопақшаға ұқсайды екен. (Балалар жұмыртқаға таңдана қарайды)
Тәрбиеші: — Балалар, жұмыртқа жарылып жатыр екен. Бұдан не шығатынын білесіңдер ме?
Балалар: — Балапан шығады
Тәрбиеші: — Балапан шығатынын білесіңдер. Балапан не істеп тұр?
Балалар: — Жылап тұр.
Тәрбиеші: — Балапан, сен неге жылап тұрсың? Біз саған көмектесеміз, айтшы балапан.
Балапан: — Мен мамамнан адасып кеттім. Сіздер соны тауып бере аласыңдар ма, балалар?
Тәрбиеші: — Әрине, балапан. Біз саған көмектесеміз. Балалар, бәріміз балапанның мамасын шақырайықшы.
Балалар: Қыт-қыт-қыт! Қыт-қыт-қыт!
Тауық: — Балалар, не болды, менің жұмыртқаларымды таптыңдар ма? Сендерге көп рахмет.
Тәрбиеші: — Тауық, біз балалармен сіздің жұмыртқаңызды таптық. Оны ұстайын деп едік, ол жарылып жатыр екен. Біз оның жарылуын күттік. Тауық: — Рахмет, балалар! Менің балапанымның қарны аш еді, сендер балапаныма жем, тары тауып беріңдерші.
Тәрбиеші: — Тауық бізде жем де, тары да бар. Бірақ менің тапсырмаларымды орындасаң ғана беремін.

Тауық: — Ендеше, балалар, сендер маған көмектесіңдерші.
Балалар: Жарайды, көмектесейік.
1 — тапсырма: Жұмбақ шешу.
Басында айдары бар,
Иегінде сақалы бар. (Әтеш)
2 – тапсырма: Үй құстарын атап беріңдер?
(қаз, тауық, әтеш, үйрек)
3 – тапсырма: Әтеш туралы кім жаңылтпаш біледі?
Әтеш әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады.
Тауық: — Балалар, сендер маған көп көмектестіңдер. Рахмет, енді мен сендермен қоштасайын. (Тауық балапанын алып кетіп қалады)
Тәрбиеші: — Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып бойымызды сергітейік.
құстарға ұқсап қимыл жасайықшы.
Сергіту сәті: Үнтаспадан «Құстар әні» орындалады.
Тәрбиешімен бірге қайталап, балалар құстар биін билейді.
(Сергіту жаттығуын жасап, орындарына келіп отырады)
Тәрбиеші: — Сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?
— Ия, ұнатамыз.
— Ендеше, мен сендерге «Тарғыл тауық» ертегісін айтып берейін.
Ертеде атай мен әжей болыпты. Олардың тарғыл тауығы болыпты. Атай мен әжей тарғыл тауыққа жем беріп, күтіп бағады.Бір күні тарғыл тауық алтын жұмыртқа туады. Атай алтын жұмыртқаны қолына алып, әрі ұрады, бері ұрады сынбайды.Әжейде алтын жұмыртқаны алып сындыра алмайды. Бір кезде анадай жерде кетіп бара жатқан тышқан жұмыртқаны құйрығымен қағып кетеді. Сол кезде алтын жұмыртқа жарылып қалады. Атай мен әжей жарылған алтын жұмыртқаны көріп қатты жылайды. Сонан кейін тарғыл тауық ақ жұмыртқа туады.Оған әжей мен атай қатты қуанады.
— Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
— Ұнады.
— Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
— Әжей, атай, тауық, тышқан.
— Қандай тауық?
— Тарғыл тауық.
— Тарғыл тауық қандай жұмыртқалар туды?
— Алтын жұмыртқа, ақ жұмыртқа.
Дидактикалық ойын: «Анасын тап»
Шарты: Балаларға үй құстарымен олардың балапандарының суретін үлестіріп беру. Балалар анасын балапанымен жұптастырады.
Тәрбиеші: -Балалар, сонымен сендер қандай үй құстарын білесіңдер?
Балалар: — Қаз, тауық, үйрек.
Тәрбиеші: — Неліктен бұл құстарды «Үй құстары» дейміз?
Балалар: — Үйде мекендегендіктен үй құстары дейміз.
Тәрбиеші: — Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар?
Балалар: — Үй құстарының еті, сорпасы, жұмыртқасы адам ағзасына өте пайдалы.
Тәрбиеші: — Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар!
Би: «Шөжелерім»
Бүгінгі оқу іс-әрекетіне барлығымыз өте жақсы қатыстық.
Мадақтау (жұлдызшалар тарату)
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Балалар үй құстары туралы: немен қоректенеді, адамдарға деген пайдасын, үй құстарының түрлерін, олардың дыбысталуын білу керек.
Болу керек:
Балалар үй құстарына жем шашып, ыдысқа су құйып, ұя салып маңайын тазартып балапандарына қамқор болу керек.
Істей білу керек:
Балалар тәрбиешінің берген тапсырмаларын өз беттерінше істей білуі керек. Үй құстарына деген қамқорлықтарын күнделікті өмірде пайдалана, істей білуі керек.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *