Менің отбасым

Тәрбиеші : Булекбаева Қанаткуль Токташбаевна

Білім беру саласы: «Қатынас»
Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты: Отбасы туралы түсінік беру. Өзі жанұясы туралы әңгімелесуге үйрету; үйдегі қауіпсіздік режелерінің негіздерімен таныстыру.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері, текшелер, үлестірмелі суреттер.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Қызығушылығын ояту және ынталандыру кезеңі «Еркелету» Жылулық шеңбері
Педагог балаларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызады. Балалар отбасы мүшелері өздерін қалай еркелетіп айтатынын естеріне түсіріп, бір-біріне жылы сөздер сыйлайды.

Жылулық шеңберін жасайды
Ұйымдастырушылық кезеңі 1. «Менің отбасым» тақырыбына әңгімелесу

Балалар, біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады. Шаңырақ – отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы –дегеніміз бір үйде тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелері: әке, ана ана және олардың балалары. Отбасының болуы – үлкен бақыт. Барлығымыз бірге қайталайық.
Отбасы – ол бақыт,
Отбасы – ол ата-ана,
Отбасы – туыстарымыз,
Отбасы – ол шаңырақ.
-Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады.
Олар ата, апа, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас т.б.
 Суретпен жұмыс. Отбасы бейнеленген суреттен оның мүшелерін айтқызу.
«Менің жанұям» саусақ жаттығу (балалар саусақтарын бүге отырып орындайды)
Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайық екеуміз.
Бас бармағым- әкем, балаң үйрек — апам, ортан терек- ағам, шылдыр шүмек –мен, титтей бөбек сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз!
 Ойын Кім тез табады? Шарты: текшеде отбасы мүшелерінің суреттері көрсетілген.
 Қауіпсіздік ережесі
Педагог қабырғадағы «Қарлығаштың ұясына» қолын салып, одан кітапша алып шығады. Онда жазылған үйде сақтауға қажетті қауіпсіздік ережелермен таныстырады.
• Қолыңа сіріңке алма, өрт шығуы мүмкін.
• Газдан абай бол! Ол тез тұтанып, жарылуы мүмкін.
 Сергіту сәті Балалар жауап беруге тырысады.

Балалар бірге қайталайды.

Мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар бірге қайталайды.

Балалар текшеде бейнеленген отбасы мүшелерін жылдам атайды.
Рефлексивті қорытындылау кезеңі Қорытындылау

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *