Менің арманымдағы мектеп

Сидербаева Гулмира Сериковна

Ұстаз! Осынау ұлы сөзді естігенде елеңдемейтін жан, селт етпейтін адам жоқ шығар, сірә. Өйткені, бұл ұлы сөздің астарында мәңгілікке сарқылмайтын білім, өмір бойы таусылмайтын кен, болашаққа сілтейтін тәлім мен тәрбие жатқан жоқ па?

Бар өмірін балаға арнап, білімнің тереңінен инемен құдық қазған, сабырлы да салмақты мінезімен, биязы да әсем үнді сөздерімен жан жүрегіңді жаулап алатын, ешбір жанға ұқсамайтын ұстаз қасиеті – өз шәкіртін өзіне ғашық етпей қоймайды екен. Сол еліктеу, сол ғашықтық менің болашақ мамандығымның ұстаз болуыма үлкен ықпалын тигізді. Міне, осындай арманның жетегінде сезімнің ықпалымен №32  жалпы орта білім беретін мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып еңбек жолымды бастадым.

Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалықұстанымым— үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және  әр оқушының бойынан жақсылық  тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Мұндай ұстаным  мұғалімде болмаса, ол жай мұғалім атын жамылып жүргендер деп айтар едім. Ұстаздардың ішінде қай мұғалімді алсаңызда бәріне бірдей ауыр жүк артылған. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. Ұлы Абай “Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады”,- деп айтқаны белгілі.

Жақсы ұстаз-бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеймін және солай болуы тиіс.

Күні ертең бәсекеге қабілетті елу елдің қатарынан өзінің еңселі орнын иеленіп отырған қазақ елінің бойына ұлттық дәстүрді мейлінше мол сіңірген, сапалы білімді, саналы тәрбиелі ұрпағын тәрбиелеуде өзінің бақытын аямайтын, өзгенің уақытын аямайтын  қанға қызу, бойға қуат, тәнге шуақ беретін  ұстаз еңбегінің ерекшелігін сезініп, еңбек еткім келеді. Өйткені, ұстаз болу менің бақытым, ал шәкірт болашағым емес пе?!

Мектеп – шәкірт тәрбиелейтін орта, оның жүрегі – мұғалім десек, ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп өткізе отырып, шәкірт жүрегіне жол таба білуі болып табылады. Ұстаз атана білу, оны қадірлеп – қастерлеу, арындай таза  ұстау – әр мұғалімнің борышы. Мұғалім – ол өз пәнін, кәсібін шексіз қадірлейтін барлық шәкіртті, мектебін шексіз сүйетін адам, сондықтан өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін–өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға екендігі даусыз. ХХІ ғасыр – білім ғасыры десек, тек білімді ел, білімі мен ғылымын ұштастырған ел ғана озық нәтижеге қол жеткізіп, дүниежүзілік үрдістен қалмай, алдыңғы қатардан көрінеді. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселесі – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, инабатты, ізденімпаз, жан дүниесі рухани бай, жан – жақты  дамыған   жеке тұлға тәрбиелеу ұстаздар қауымының басты парызы. Осы ретте елбасы қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буыны ғана емес, жалпы адамзаттың қадір – қасиеттердің мән – маңызын түсінетін жаны да , тәні де таза, білімді азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз және біз Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыруымыз қажет» деген болатын. Осы орайда мұғалім мақсатқа жетемін деген ниетпен тағы да бір оқу жылын бастап кеттік. Заман талабына сай ғылым мен техниканың жетістіктерін білім беру саласында жүзеге асыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Жаңа заманғы білім беру жүйесі жаңа міндеттерді жүктейді. Сондықтан қазіргі білім берудің жаңа ақпараттық әдістерін игермейінше, сауатты, жан-жақты, білімді маман болу мүмкін емес.

Бүгінде қазақ елі еңселі егемендігін иеленіп, тұғырлы тәуелсіздікке қол жеткізген зайырлы мемлекет атанды. Сол зайырлы мемлекеттің ең басты мақсаты білімді жүйелі жасау, оны жетілдіру, дамыту болмақ. Білім жүйесіне үлес қосатын, саналы ұрпақ тәрбиелейтін, ең басты тұлғаның бірі мектеп.

Әрине, әр адамның жүрегінде бір мақсат, бір арман, бір қиял болуы шарт. Соның ішінде қиял басым келеді. Өйткені, оның жүзеге асуы талай күн, ай, тіпті жылдардың үлесінде болуы мүмкін. Ұстаз ретіндегі менің ең қымбатты педагогикалық қиялым бүгінгі ұрпақ білімін қанағаттандыратын, өнерді шабыттандыратын, ұстаз іздеп шаршамайтын, өзі рет – ретімен жоспарлы түрде білім беруге ыңғайлы ХХІ ғасырдың формация  үлгісіндегі мектебі болса деймін.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», – деген. Ғасырға жуық уақыт өтсе де, Алаш арысының осы сөзі ескірмек емес.

Мен үшін менің мамандығым – дүниедегі ең ізгі, ең  қадірлі мамандық. Егер маған екінші өмір сүру мүмкіндігі жазылса, сөз жоқ ол өмірімде де мен ұстаздықты қалар едім. Шаттыққа толы баланың үні, күмбірлеген қоңырау үні – бұлар маған өмір үні.

Мынау аласапыран дүниеде азып-тозбай имандылықты, адамгершілікті, ұлттық намыс пен ұлттық рухты сақтай алатын сау саналы ұрпақ тәрбиелеп өсіру – мектеп пен ата-ананың, жалпы қазақ қоғамының абыройлы міндеті деп білсек, осы міндеттің сәтті орындала беруіне менің жүргізген жұмыстарымның рухани көмегі болса деген тілегім бар. Шын мәнінде бәрімізде жолға шыққан жолаушымыз. Иә, иә, бейнелеп айтсақ жоқ іздеушіміз. Жолаушының жайы белгілі ғой. Шаршаймын, шөлдеймін… Сонда да тоқтамаймын. «Жол мұраты — жету» емес пе?! Қуанамын… Өкінемін… Мұңаямын… Қиналамын… Тек күш-қуатымның таусылмауын қалаймын. Өмір атты сара жолда мені адастырмайтын – Ақылым, Жүрегім, Тілім. Осы үшеуінің біреуінен айрылсам – өмірдің мағынасынан да айрылдым деп білемін…

Ғылым мен техниканың жетістігі қаншалықты көп десек те, ол өзгеріс, ол жаңалық әлі де болса ауыл мектептерінде жеткіліксіз. Тақта мен борға сүйеніп білім беру әлі де болса ұмытыла қойған жоқ. Түбегейлі өзгеріс жасап, жаңалықты ендіруге, біздің қоғам әлі де дайын емес. Менің қиялымдағы білім, арманымдағы мектептің болуына қанша жыл  керек екен?

Ол, мүмкін болмас та?…

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *